Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Еңбек — табыс бастауы

23.01.2025
ОН САУСАҚ
Еңбек - табыс бастауы

Өңірде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Еңбек – елдің тірегі, мамандық – өмірдің жүрегі!» атты ауқымды шара өтеді. Оларға еңбегімен ер атанған тұлғалардың өмір жолы туралы насихаттайтын музей, галерея, кітапхана көрмелері таныстырылады. Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.


Облыстағы мәдениет саласының қызметкерлері еңбек адамдарының жетістіктерін дәріптеу, қоғамдағы рөлін көтеру, жастарды кәсіби бағытқа шақыру мақсатында 24 қаңтар күні облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен М. Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жұмысшы мамандықтары: кеше және бүгін» тақырыбындағы көрме өткізбек. Көрмеге Социалистік Еңбек Ерлері Н. Алдабергенов пен З. Тамшыбаеваның жеке заттары, XX ғасырда ауылшаруашылығында қолданылған еңбек құралдары, «Ажар» тігін фабрикасы мен «Жетісу» аяқкиім фабрикасының тауарлары қойылып, арнайы экскурсия жүргізіледі.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов журналистерге берген сұхбатында жұмысшы мамандықтары адамзат өркениетінің дамуында үлкен рөл атқаратынын, ежелден бастап адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қол еңбегін қолданғанын, әр дәуір жұмысшыларының еңбегі қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосып, әртүрлі салаларда өркениетке жол ашып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ертеректе еңбек ұжымдарының белсенділігін арттыру үшін үкімет тарапынан сабантойлар мен жәрмеңкелер ұйымдастырып, ән шырқалып, ұлттық ойындармен жалғасын тауып отыратынын тілге тиек етті.

– Біздің бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі міндеттеріміздің бірі – мәдениет мекемелері мен еңбек ұжымдары арасында байланысты нығайтып, серіктестік орнату. Аймақтың еңбек дәстүрлерін жаңғырту және сақтау. Алдағы уақытта өңірдегі музейлерде «Еңбек даңқы», «Еңбекпен өрілген өмір», «Қолөнерден – өнеркәсіпке» сынды тағы да басқа тақырыптарда көрме өткізуді жоспарға енгіздік. Сондай-ақ,       Д. Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының жұмысшы мамандықтарына арналған «Еңбек әні мәңгілік», «Еңбек адамдарының жыры» атты концерт ұйымдастырмақпыз. Бұл салтанатты жиындар жұмысшыларға айтарлықтай көңіл-күй сыйламақ, – дейді Қуаныш Сүлейменов.

Салтанатты шара соңында Еңбек адамына арналған арнайы журнал мен альбом шығарылып, жобаның қорытынды конференциясы ұйымдастырылады.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.