Талдықорған: +28°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Егін егу қарқын алды

29.05.2025
КҮНДЕРЕК, ОН САУСАҚ
Егін егу қарқын алды

Дала еңбеккерлері қазір «егін майданында» жүр. «Көктемнің бір күні жылға азық» деген бар. Бүгінде Ескелді ауданына қарасты Қаратал ауылдық округінде егін егудің соңғы қадамдары жасалуда. «Райманов» шаруа қожалығы қазір жүгері егуде. Бұл жүгері мал азығына, оның ішінде сүрлемге бағытталмақ.

Анатолий Мищенка табан ауыстырмай осында 14 жылдан бері еңбек етуде. Қазірдің өзінде қожалық 25 гектарға бидай, 23 гектарға дән бағытындағы жүгері, 30 гектарға арпа, 13 гектарға соя еккен. Оған көпжылдық 15 гектар жоңышқаны қосыңыз. 25 гектар сүрлемге шабылатын жүгері тағы бар.

– Шаруа қожалық өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған бірден-бір құрылым. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қатар қолға алып отырмыз. 50 сауын сиыр, 120 бас бойдақ мүйізді ірі қара, бір отар қой, 10 шақты жылқы мен құс өсіреміз. Оған қажетті жемшөпті өзіміз егіп, өзіміз жинаймыз. Қожалықта 4 адам еңбек етеді, – дейді Анатолий Мищенка.

Көктем күтпеген жерден біртүрлі мінез танытып тұрғанын да жасырмады дала еңбеккерлері. Күн кенеттен ысып, топырақ құрғап тұрғаны шымбайға бататынын жеткізді де. Алайда бірер күнде жауын жауатыны көңілге медет сыйлайтынын да айтты. Өйткені, көктемгі егістің өніп шығуы үшін жаңбыр аса қажет. Дейтұрғанмен, қожалық өкілдері егіннің биыл бітік боларына сенімді. Өйткені, алқапқа диқандар маңдай терін төкті.

– Бізде 4 трактор, 2 жүк көлігі бар. Егінді өз күшімізбен егеміз де, жинауға арнайы техниканы жалдаймыз. Қазір жоспарда тракторларымызды жаңалау тұр. Кейін комбайн алуға да тырысамыз. Бәрі егіннің мол өнім беруімен байланысты. Дейтұрғанмен, маңдай терімізді сылып еңбектенудеміз, – дейді Анатолий Мищенка.

«Райманов» шаруа қожалығы жұмысшыларға 250-300 мың теңге аралығында жалақы төлеп отыр. Қазір бұл саладағы жоғары жалақы десек болғандай. Осындай қолдаудан соң шаруалар да аянып жатқан жоқ.

Дастанбек САДЫҚ
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025
Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.