Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Қолдан жасалған бұйымдары көз тартады

16.11.2024
ОН САУСАҚ
Қолдан жасалған бұйымдары көз тартады

Қазіргі таңда қолмен жасалған бұйымдар көпшіліктің назарын аударуда. Мұны заманауи кәсіпкерлер жақсы біледі.   Сол себепті олар шебердің даралығы мен шығармашылығын әспеттейтін өнімдерді көзтартарлықтай етіп ұсынуға тырысады.

Осындай іскер әйелдің бірі Евгения Звягина. Біз оның өнерлі қолынан шыққан бұйымдарын көру үшін арнайы бардық. Байқағанымыздай, ол жұмысын үйде отырып атқарады. Шаңырағының бір бөлмесі кәдімгі көрмеге айналған. Шкаф сөрелеріне қойылған бұйымдар еріксіз көз тартады. Онда қолдан жасалған сөмке, сырға, білезік, белдік, әмиян, мұқаба сияқты дүниелердің заманауи үлгіде ою-өрнекпен көмкеріліп, қазақы нақышта шеберлікпен жасалғаны көрініп тұр. Бұйымдарға неше түрлі тас, моншақ тағылған. Қолөнер шеберінің шығармашылық саладағы кәсібі зергерлік бұйымдар жасаудан басталыпты.  

Кейіннен оған былғары, содан соң киіз қосылып, ісі кеңейе түскен. Бұған қоса, нумерология ілімін де жақсы меңгеріпті. Яғни, бұл әсіресе, тастармен көмкерілген өнімдерді сатып алуда тұтынушының дұрыс таңдау жасауына көмектеседі. Үй қабырғасына әдемі суреттер ілініпті. Майлы бояумен салынған картинкалар еріксіз көз тартады. Оған назар аударған біз кәсіпкерді сөзге тартып, оның суретші-дизайнер мамандығы бойынша білімі бар екенін білдік. Жүн мен теріден жасалған бұйымдардың әдемілігі өз алдына бір бөлек. Оларға Ресей, Германия сияқты шет мемлекеттерден сұраныс көп.

– Көріп отырғандарыңыздай, тұтынушы сұранысына қарай мен қолдан әр түрлі бұйым жасаймын. Көбіне оларға нарықта кездесе бермейтін жаңа, тың дүниелерді ұсынуға тырысамын. Сол себепті көп ізденіп, тынбай еңбектенемін. Жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп келе жатқаныма үшінші жыл. Сурет шеберханасында 15 жыл қызмет еттім. Осы уақыт ішінде мол тәжірибе жинап, кейіннен өз ісімді қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндім. Жалпы, қолөнер қанымда бар деп ойлаймын. Өйткені, әкем ағаштан бұйым жасағанды, әжем тігін тіккенді жақсы көретін, – дейді Евгения Звягина.  

Дайын бұйымдар негізінен Алматы, Астана, Ташкент қалаларында өтетін ірі жәрмеңкелерде сатылымға шығарылады. Өнімге қажет шикізат Тараз, Шымкент, Алматы қалаларынан жеткізіледі. Іскер әйелдің жоба-жоспарлары да ұшан-теңіз. Алдағы уақытта жеке шеберхана ашып, ойға алғандарды жүзеге асырмақ.

Айта кетейік, қолөнерші осы жылдың көктемінде облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, кеңес алды. «Бір ауыл – бір өнім» жобасына да қатысып, жартылай финалға шықты. Бүгінгі таңда оның қолға алған істері бірте-бірте жемісін беріп, өнері өрге жүзіп келеді.

Айгүл Байбосынова
Талдықорған қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.