Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Ою ойып, кесте тігу ұлы өнер

25.03.2025
ОН САУСАҚ
Ою ойып, кесте тігу ұлы өнер

Бүгінде елімізде тігіншілік өнермен айналысатын қыз-келіншектердің қатары көп. Олардың қолынан шыққан заттарға жергілікті жұрттан бұрын шетелдіктер де тапсырыс беретін болған. Ежелден келе жатқан қасиетті өнерді кәсіпке айналдырып, жастарға насихаттап жүрген ақ жаулықты аналарымыздың адал еңбегін бағалаған жөн. Текелілік зейнеткердің қолынан шыққан қазақы нақыштағы тұрмыстық бұйымдар көпшіліктің көз жанарын жаулауда. 

Нұржібек Тілеубекова 64 жаста. Жастайынан қолына алған инесін зейнетке шықса да тастамай келеді. Кейіпкеріміздің сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, ел кәдесіне жаратып  отырған жайы бар. Талғам мен табандылықты талап ететін ерекше өнерді кейінгі буынның да үйренгенін жөн санайды.

– Көптен бері қыз балалардың жасауын жасап жүрмін. Жасаған бұйымдарымды бір-бірінен көріп, естігендер қоңырау шалып, үйіме дейін келіп жатады. Адамның көңілі қымбат қой, барынша арзан бағаға беремін. Айналайындар қуанып қалады. Бұл тұрмыстық заттарды балаларыма да жасап бердім. Жалпы, қазақы нақыштағы ою-өрнекті құрақ көрпелер кез келген шаңырақтың сәнін кіргізіп тұратыны шындық. Жастардың тілімен айтқанда брендтік сөмкелерді де осы күні жасап жүрмін. Қызығушылар көп. Жұмыс көбейгенде қыздарым көмектесіп тұрады. Келіндерім де мұндай іске келгенде аянып қалмай барын салып жәрдемдерін тигізеді. Көбіне ою ойысады, – дейді Нұржібек Тілеубекова.

Ісмер апа тігін тігумен кәсіби тұрғыда 1997 жылдан айналыса бастаған. Ол құрақ құрап, тігілген көрпе, жастықтар мен бөстектердің санынан осы күні жаңылып қалдым деп езу тартады. Тігіншінің ісін бүгінде немересі Әсима жалғап жүр. Апасы оны өзі баулып, білгенін түгелдей үйретуде.

– Менің апам өте жайдары адам. Қолынан келмейтіні жоқ деп ойлаймын. Апам маған кішкентай кезімнен тігін тігудің жолдарын көрсетіп келеді. Ең алдымен, мата таңдауды, ою түрлерін ажыратуды  үйретті. Апама айтар алғысым көп. Ол әрдайым бізді ойлап жүреді, – дейді Әсима Сәрсен.

Еңбек адам атын шығарып, асқақтататыны ақиқат. Әсілінде әрбір жан иесінің тұла бойында бір өнердің бұғып жататыны жасырын емес. Сол қабілетіңді айналаңдағылар байқағанда қадірің биіктей бермек. Нұржібек апаның да абыройын көтерген осы қолөнер болса керек-ті. 

Медет ЖҰМАБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.