Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Шаруасы шалқыған қожалық

23.05.2024
ОН САУСАҚ
Шаруасы шалқыған қожалық

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде «Жиделібайсын жерінде» деп өңір байлығын өлеңмен өріп, шаруаға жайлы жер жаннатын әспеттейтін тамсандырар теңеу көп. 

Шынында мұндай жаннат аймақтар елімізде аз емес. Жазиралы  Жаркент өңіріндегі Үшарал ауылы сондай жерінен түгін тартсаң  майы шығатын, қара суынан қаймақ қайырылатындай малға да, жанға да жайлы мекен. Үшарал  ауылдық округіне Жиделі, Ақарал, Үшарал елді мекендерінің тұрғындары біріктірілген. Округ  тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен  шұғылданады. Күн ысып, таудағы қар суы келгенін күтпей-ақ қысы-жазы сарқылмайтын қара суды пайдаланатын ауыл  шаруалары жылда егін егу науқанын басқалардан бұрын бастайды.    

Биыл Үшарал ауылдық округінің шаруалары 2000 гектар  жерге жүгері, 3000 гектарға жоңышқа, 9 гектарға картоп өсіруді  жоспарлапты. Бұдан басқа, 1500 гектардан аса табиғи шабындықты  орып, жинап алмақ. Қазір округте көктемгі егін егу науқаны қызу  жүруде. Округтегі «Юсупова» жеке  шаруа  қожалығы еліміз  тәуелсіздігін алып, нарық қатынасына көшкен алғашқы жылдарда, дәлірек айтқанда, 1992 жылы құрылып, содан бері шаруасын  шыңдап келе жатқан қордалы қожалықтардың бірі. Шаруашылық қожайыны Бекбол Тойбеков ақсақал жоғары білімді ғалым  агроном. Ол кеңес кезеңінде «Үшарал» ұжымдық шаруашылығында еңбек жолын бастап, қатардағы телім  агрономынан шарушылықтың бас агрономы, ұжымшар басқармасы  төрағасының орынбасары қызметіне дейін көтеріліп, жұмысын абыроймен атқарып, жекеменшіктің желкені көтерілгенде еңбектестерінен еншісін алып, жеке шаруасын күйттеді. 

Қазір «Юсупова» жеке шаруа қожалығы 30 гектар суармалы  жерге егін егіп, 450 гектардан аса жайылымында асыл тұқымды ірі қара мал өсіріп отыр. Биыл 15 гектар жерге жоңышқа, 15 гектарға  жүгері егіпті. Іле өзені жағалауындағы Омбы учаскесіндегі 100 гектардан аса табиғи шабындығының шөбін жылда орып, жинап  алады. Өзіне қажетін малына азық етіп, артылғанын сатады. Мал  демекші, соңғы жылдары асыл тұқымды ет бағытындағы Санта-гертруда сиырын өсіруді қолға алған. Қазір асыл тұқымды малының жалпы саны 220-дан асса, оның 150-і туып тұрған сиырлар.

Өмір бойы ауылда шаруамен шұғылданған, бүгінде жасы 76-ға  келген ақсақалдың қимыл-қарекеті әлі ширақ. Өмірлік жары Зейнеп екеуі екі ұл, бір қызды өмірге әкеліп, бәрін өздері сияқты еңбекқор азамат етіп қатарға қосты. Қызы Айгүл жоғары білімді мұғалім, Үшарал орта мектебінде еңбек етеді. Үлкен ұлы Серік Алматыда, кәсіпкер. Кіші ұлы Берік ата-анасымен бірге тұрады, 5 баласы бар әке. Бекбол қарияның шаруасын шыңдауға осы баласы  көмектеседі. Әулеттің атасы мен анасы балаларынан 10 немере, бір  шөбере сүйген бақытты жандар.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов  ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.