Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ТІГІНШІ

18.02.2024
ОН САУСАҚ
ТІГІНШІ

Пенденің басына берілген сынақ не оны күйретеді немесе тасты шапса мұқалмайтын алдаспан етеді. Ол, әрине, әркімнің өзіне байланысты. Әрбір адам жазылып жатқан бір кітап десек, сол шығарманың ішіне ізгілігі мол, адамгершілігі зор істер қатталуы керек. Тағдыр тауқыметіне төтеп тұра алатындардың, қиындықта табандылық танытып тайқымайтындардың дара жолы көпшілікке үлгі болудан бөлек, өмір сүруге серпін береді. Біздің кейіпкердің кестелі ғұмыры кез келген жанға қызық болуы мүмкін.


Бұл күні қолына ине мен жіп алып кесте тігетін, шынашаққа оймағын іле жүріп ою оятын әжелердің қатары сирегенін көріп те, сезіп те жүрміз. Қайсыбір ауылға бара қалсаң үй-үйлерде шаң басып тұралап қалған тігін машиналарын бәріміздің байқап қалатынымыз шындық. Сол сәтте ширек ғасыр бұрын өмір сүрген ақжаулықты қарттарымызды еске алып, сағыныштың оянатынын жасырмаймыз-ау. Ол заманда бір ғана әйел заты емес, барлығы сырмақ сырып, құрақ құрайтын еді.

Ұлболған Ахметқалиқызы сексеннің сеңгіріне шықса да іс-қимылы ширақ, жүріс-тұрысы тың. Әлі күнге қолынан ине мен жібін тастамай келеді. Сенімді серігі тігін мәшинесін айналдыруын тоқтатқан емес. Кейуана бар қажыр-қайратын қазақтың оюлы көрпесін жасауға арнауда. Осы уақытқа дейін 100-ге жуық құрақ көрпе құраған. Жасаған бұйымдарының біразын мұхит асырып Канада еліндегі қазақ ағайындарға сыйлап үлгеріпті.

Ұлболған әже жайлы көршісі Мая Шибаева былай дейді:
– Ол өте жомарт, қолы ашық кісі. Ешкімнің көңілін қалдырмайды. Әрдайым өзі тіккен бұйымдарды көрші-қолаңға сыйлап жүреді. Нағыз өнерлі адам. Оның жасаған заттарына қызықпайтын адам жоқ шығар. Қолым бос уақыттарда Ұлболған Ахметқалиқызына келіп көмектесіп тұрамын. Оның шаршап, бастаған ісінен жалығып, қалдырып кеткенін көрген емеспін. Табандылығына қайранмын.

Ісмер апаның өмір жолы қиындық пен сынақтарға толы. Балалық шағы Екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс өтеді. Әкесі Ахметқали мен оның інілері Темірғали, Бекмұханның соғысқа аттанар шағын көзімен көргендіктен әлі күнге есінен кетпейтінін айтады. Сол кезеңде ер-азаматтар майдан шебіне аттанған соң барлық жұмыс әйелдер мен балаларға жүктеледі. Анасы күні бойы қызылша алқабында болғандықтан Ұлболған әжесі Бекбаланың тәрбиесін көріп өседі. Еңбекке ерте жастан ентелеуге тура келгендіктен басынан барлық қиындықты өткереді. Масақ теріп, қой да сауады. «Бұл тіршілік тауқыметін жалғыз мен ғана емес, әпкем де, замандастарымның барлығы көрді», – дейді кейуана.

– Әкемнің шешесін біз әже дейтінбіз. Әжем өте ісмер жан еді. Бес саусағынан өнер тамған десем қателеспегенім. Уақытын бос өткізбейтін. Баққан қойының жүнін қырқып, сұрыптап, жуып, түтіп, киіз басып, терісін илеп, ішік, бешпент, қолғап тігетін. Онысын ауылдың қыз-келіншектеріне үйрететін. Ол кісінің қазанға ермен, ешкінің майын, тағы да басқа бір заттарды қосып сабын қайнатқанын көрдім. Жасаған заттарының барлығын майданға жіберетін еді. Анам да қолөнерден хабарсыз жан емес болатын. Құрақ құрады, тоқыма тоқыды. Бүгінде менің ою ойып, көрпе тігіп жүргенім анам мен әжемнен дарыған қасиет болар, – деп Ұлболған апа ойын жеткізді.

Әуелде бастауыш сынып мұғалімі болуды армандаған  Ұлболған Ахметқалиқызы білім алу үшін Жаркенттегі педагогикалық училищеге құжат тапсырғанымен оқуға түсе алмайды. Сондағы бар себеп, 10-сыныпты қазақша тамамдағандығы кедергі болған. Кейіннен Мәскеудегі Плеханов институтына тамақ өнеркәсібі  мамандығы бойынша оқуға қабылданады, артынша Самарқаннан күндізгі бөлімге оқуға шақырту алады. Аспаз болу тағдырына жазылғанымен ұстаз болу бұйырмағаны кейуананы әлі де толғандыратынын әңгіме барысында аңғарып қалдық.

Кейіпкеріміз 1957 жылы Тимур Қалжанов есімді азаматқа тұрмысқа шығады. Жолдасы екеуінің Жаскен атты ұлдары болады. Шахтадағы жарылыс салдарынан өмірлік сыңарынан айырылған Ұлболған туыс-туғандардың шешімімен әмеңгерлік дәстүрді жалғап кейіннен  күйеуінің ағайын інісі Кеңеске тұрмысқа шығады.  Елу жыл бір отаудың түтінін түтетіп, екі қыз тәрбиелеп өсіреді. Мұның бәрі айтуға оңай болғанымен іс жүзінде ауыртпалығы саналы жанға айтарлықтай салмақ түсірері ақиқат. 

Әртүрлі мекемеде аспаз болып қызмет істеген Ұлболған Ахметқалиқызы зейнетке шыққан соң бала кезінде әжесі үйреткен  тігіншілік өнерді қолға алып, қайта жандандырады. Алаша тоқып, откиіз баспаса да астарына қой, түйе жүнін, ақ мақта тартып, жамылатын көрпе, таза пүліштен оюлап төр көрпе, жастық тігудің үлгісін көрсетіп отыр. Бұл күні ісмер жасаған бұйымдарға сұраныс артқан.

Қария қазіргі жастар тігіншілік өнерді үйренбей, білмей кете ме деп алаңдаушылық білдіреді. Бабалар мен аналардан қалған төл өнерді ұмытуға, қажетсіз етіп тастай салуға болмайды деп бәйектенеді. Құрақ құраудың қыр-сырын білгісі келетін, осымен айналысуды көздеп жүрген жандар болса оларға жол сілтеп, көмектесуге әрдайым есігі ашық екенін айтады. Ұлболған әже арнайы шәкірт оқытып отырмағандықтан бар білгенін, азды-көп тәжірибесін немересі Аяжанға айтып отырады.

Аяжан Акешова тігінші әженің жиені. Менеджмент мамандығы бойынша білім алуда. Биыл оқуының соңғы жылы. Ол әрдайым демалыс күндері әжесінің үйіне келіп тұрады. Тігіншілік тірліктің бір жағына  шығысады. 

– Әжем өте жақсы адам. Есімді білгелі оның тігін тігумен айналысып жүргенін білемін. Соңғы кездері әжемнің құрақ көрпелеріне тапсырыс беру өте жиілеп кетті. Ол үлгермей жатқан кездері базарға барып керекті заттарын өзім әкеліп  тұрамын. Көбіне әртүрлі маталар қажет болады. Әжемнің қасында жүріп біраз дүниені үйреніп алдым, – дейді Аяжан.

Қазақ «жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дейтіні осыдан болар бәлки?! Тұрмыстың ауыр азабын арқалағанымен алда атар арайлы таң барын тосқан абзалырақ дегің-ақ келеді.  Ұлболған әже қазір бес немересінің тілеуін тілеп отырған бақытты жан. Сол бақыты баянды болғай.

Данияр АЙНАБЕКҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.