Талдықорған: +21°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ҚЫСТЫҢ ҚАҚАҒАН АЯЗЫНДА ҚҰЛПЫНАЙ ПІСІП ЖАТЫР — КӨКСУ АУДАНЫ

05.02.2022
ОН САУСАҚ
ҚЫСТЫҢ ҚАҚАҒАН АЯЗЫНДА ҚҰЛПЫНАЙ ПІСІП ЖАТЫР - КӨКСУ АУДАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданының халқын жидек өнімдерімен қамтамасыз ету үшін биыл алғаш рет 0,25 гектар жерге жаңа әдіспен құлпынай өсіріле бастады. Жылыжайға ғылым мен техника жетістіктерін қолдану арқылы оңтүстік кореялық «Сольхян» сұрпы егілген.

Ауданы 2 гектар жерге иелік етіп отырған «ҚазАгроСервис» ЖШС 2014 жылдан жылыжай ісімен айналысады. Серіктестік басшысы Светлана Зубович жылыжайда көк жуа, гүлдің сан алуан түрін өсірумен қатар биыл алғаш рет жаңа әдіспен құлпынай өсіруді бастағанын айтады.

Жылыжайға қажет қондырғыларды «Жетінар» несиелік корпорациясының көмегімен орнатқан. Маусымдық жұмыстар кезінде 10-ға жуық адамды, тұрақты жұмыспен 2 адамды қамтып отыр. Жылыжай орналасқан Балпық би ауылы облыс орталығынан алыс емес. Сондықтан тұтынушы табуда қиындық жоқ. Себілген құлпынайдың кореялық тұқымы — қыстық сорт. Құлпынай желтоқсан мен мамыр айы аралығында піседі.

– Биыл алғашқы өнім болғандықтан 700 келі құлпынай алуды жоспарлаудамыз. Құлпынай өзге көкөністер секілді көп жылуды қажет етпейді. Бар болғаны 5-6 градус жылылықта өсіп шығады. Ал қысты күнгі аязда 10-15 градус жылы болса жеткілікті. Құлпынайдың үлкенінің салмағы 50-55 грамға жетеді. Өңірдегі бірден-бір құлпынай өсіретін жылыжай болғандықтан сұраныс жоғары болады деп ойлаймыз. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыруға жұмыс істейміз. Дегенмен, мол өнім алу үшін жылыжайдың жылыту жүйесін көгілдір отынға ауыстыру қажет. Қолбайлау болып отырған жалғыз жай осы ғана. Бұл мәселеде Көксу ауданының әкімдігі қол ұшын беруге дайын екендіктерін айтты, – дейді Светлана Зубович.

Алдағы уақытта нысанға көгілдір отын тартылса, серіктестік жылыжай ауқымын кеңейтіп, қияр мен қызанақ өсіріп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлауда.

– Негізінен ауданда құлпынай бизнесі дамымаған, нарықта көбіне шеттен әкелінген құлпынай саудаланады. Алдағы уақытта жидек дақылдарының, оның ішінде бақша құлпынайының түрін кеңейту мен өнімділігін арттыруды мақсат етудеміз. Осы жобаны жүзеге асыру арқылы аудан халқын отандық өніммен қамту мүмкіндігі артады. Жоба сәтті жүзеге асса жаңа технология өзге де елді мекендердегі фермерлік шаруашылықтарға енгізілетін болады, – дейді Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Онкологтар тегін кеңес берді

Онкологтар тегін кеңес берді

31.03.2026
Жаслан Мәдиев: 2026 жылы ұшқышсыз көлік пен дрон жеткізу пилоты басталады

Жаслан Мәдиев: 2026 жылы ұшқышсыз көлік пен дрон жеткізу пилоты басталады

31.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі екі бап бойынша тергелуде

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі екі бап бойынша тергелуде

31.03.2026
Тоқсан жастағы тракторшы

Тоқсан жастағы тракторшы

31.03.2026
Түлік – төлден өседі

Түлік – төлден өседі

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.