Талдықорған: +20°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа мүмкіндіктерді паш етті

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық инклюзивті этно-көрме – «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өтті.

17.05.2025
КҮНДЕРЕК, ОН САУСАҚ
Жаңа мүмкіндіктерді паш етті

Алдымен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бастаған топ көрмеге қатысушылардың өнімдерін тамашалап, қолөнер шеберлерімен танысты.

– Талдықорғанның осындай ерекше оқиғаның алаңына айналып отырғанын мақтан тұтамыз. Көрменің облыс пен қала үшін маңызы зор. Біз инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Мұнда әр адам өзінің құндылығын сезінеді және өзінің әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұны ұлт тарихын терең түсініп, мәдениетімізді бағалап, келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған үлкен шара деп білемін. Сондықтан, бұл сіздерге зор шабыт, үлкен сенім ұялататынына сенімдімін, – деді көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Ернат Бәзіл.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара инклюзивті шеберлердің шығармашылық жетістіктерін паш етуге, әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді тартуға мүмкіндік берді. Бұған қоса тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға, бәсекеге қабілеттілікті дамытуға, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланысты нығайтуға септігін тигізді.

Айта кетейік, көрме Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Шара барысында Ресей Федерациясының Забайкалье өңірі мен Саратов қалаларынан, Түркияның Анталия қаласынан, Өзбекстанның Ташкент, Наманган және өзге де аймақтарынан, сондай-ақ, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлердің қолдан жасалған өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Көрме сөрелеріне былғары, күміс, ағаш, жүн және табиғи материалдардан жасалған бірегей әрі эксклюзивті бұйымдар қойылып, көпшілікті таңғалдырды.

Мейірім» ЖШҚ төрағасы Гүлвира Таубалдинова: «Біз шығармашылықтың шегі жоқ екенін көрсетуге тырыстық. Мүмкіндігі шектеулі жандар жай ғана көрермен емес, мәдени диалогтың толыққанды қатысушылары. Көрме біздің оны ашық жариялау мүмкіндігімізге айналды. Біз жай ғана көрме емес, қарым-қатынас, шабыт және жаңа мүмкіндіктер үшін ашық алаң құруға тырыстық. Іс-шара кезінде көптеген қатысушы жаңа тұтынушылар мен серіктестер тапты», – деді.

Көрме кезінде тамашалаушы қонақтар тауарлар мен қызмет түрлерімен танысып қана қоймай, өнімдерді өз бағасында сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да болды. Олар ұсынған этностильде тігілген киімдер мен баскиімдер, сөмкелер, басқа да заттар жиналғандарды таң-тамаша етті.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар да назарға ілікті.

Бақытгүл Райымбаеваның айтуынша, оның мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп келе жатқанына 18 жыл болыпты. Ол жас шеберлерді өнерге баулып, киіз басу, сырмақ ою, кесте тігу, кілем жасау және ши тоқуға үйретеді. Өнімдер тапсырыс арқылы дайындалып, сатылымға шығарылады. Қызығушылық танытатын шетелдіктер де аз емес көрінеді.

Көрменің ерекше қонағы, сондай-ақ, Ресейдің Саратов қаласынан келген Елена Фролова болды. Ол осыдан 9 жыл бұрын инсульт алып, ұзақ уақыт оңалту кезеңінен өткен. Оң қолы толық қалпына келмесе де қолөнермен айналыса бастапты.

– Мен шығармашылықпен шұғылданғанды жақсы көремін. Онсыз өмірімді елестету мүмкін емес. Осындай ауқымды іс-шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Шақырылғаныма ризашылығым шексіз. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұнда қолдау да, достық та, өзара құрмет те бар, – деп ойымен бөлісті көрмеге қатысушы Елена Фролова.

Көрме кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, басқа да қызықты шаралар өтті. Ол алыстан ат терлетіп жеткен шебер иелеріне шабыт сыйлап, көрермендердің көңілін көтерді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА,
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.