Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Aqorda-ға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.





