Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қамба толып, мал басы артты

11.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қамба толып, мал басы артты
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында ауыл шаруашылығы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп отырған маңызды салалардың бірі. Өңірдің кең алқабында көктемгі егіс науқанынан басталған тынымсыз еңбек бүгінде мол өнімді жинауға ұласты. Диқан қауымы маңдай термен өсірген астықты ысырапсыз жинап, қамбаға құюға күш салса, мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар қыстың қамын жазда жасап, төрт түлікке қажетті жемшөп қорын әзірлеуде.

Биыл аудан бойынша 80 024,2 гектар жер игерілді. Бұл – ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жыл бойғы жұмысының ауқымын аңғартатын ірі көрсеткіш. Игерілген алқаптың ішінде 32 529,5 гектарын дәнді дақыл, 28 928,3 гектарын майлы дақыл құрайды. Сонымен қатар 810 гектарға қант қызылшасы, 650,2 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдары, 17 106,2 гектарға азықтық дақылдар орналастырылды.

Ендігі міндет – өсірілген өнімді шашау шығармай жинап, ел ырысын еселеу. Аудан бойынша дәнді дақылдарды жинау жұмыстары басталып, қазір егін алқаптарында қызу еңбек жүріп жатыр. Ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланған шаруалар орақ науқанын жеделдетіп, астықты уақытында жинауға кірісті.

Бүгінге дейін 7 400 гектар күздік бидай орылып, қамбаға 15 262,1 тонна өнім құйылды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрап отыр.

Жаздық бидайдан да жақсы көрсеткіш бар. Қазіргі таңда 5 100 гектар алқап жиналып, одан 11 220 тонна астық алынды. Орташа өнімділік 22 центнер.Ал арпа жинау бойынша 6 200 гектар алқаптың өнімі жиналып, қамбаға 12 400 тонна астық жеткізілді. Мұнда гектар түсімі орта есеппен 20 центнер.

Жиын-терім науқанына қазіргі таңда 95 комбайн және 140 тасымалдаушы машина жұмылдырылған. Техниканың алқаптан астықты уақытылы тасымалдауы – науқанның қарқынын арттырып, өнімнің ысырапсыз жиналуына мүмкіндік беруде.

Абай атамыз «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді. Бүгінде бұл сөздің мәні дала төсінде анық көрінеді. Бірі орып, бірі тасып, енді бірі қабылдап жатқан еңбек адамдарының әрқайсысы ауданның берекелі дастарқанына өз үлесін қосуда.

Ауданда ауыл шаруашылығының екінші маңызды бағыты – мал шаруашылығы. Бұл салада да мал басын көбейтіп қана қоймай, асылдандыруға және шаруашылықтардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде аудандағы ірі қара мал саны 89 540, қой-ешкі 227 871, жылқы 38 017, түйе 1 022 бас болса, құс саны 81 660 басқа жетті. Бұл – аудан шаруаларының төрт түлік өсіруге деген ықыласы мен еңбегінің нәтижесі.

Ауылдағы ағайын үшін мал – күнкөріс көзі ғана емес, берекенің бастауы. Сондықтан төрт түліктің қоңды болуы, қысқа аман шығуы – шаруаның басты мақсаты. Қыс қамын жазда ойлайтын шаруа үшін жем-шөп дайындау науқанының маңызы ерекше. Ауданда 2027 жылғы мал қыстату науқанына қажетті жемшөп қорын қалыптастыруға 379 мың тонна көлемінде жоспар белгіленген. Оның ішінде 222,5 мың тонна – шөп, 16,4 мың тонна – пішендеме, 28,5 мың тонна – сүрлем, 59,8 мың тонна – сабан, 49,7 мың тонна – жем.

Қазіргі уақытта мал азығын жинау жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бүгінге 217,4 тонна шөп, 16,4 тонна пішендеме, 17 тонна сабан және 10 тонна құрама жем жиналды.

Алакөлдің ауыл шаруашылығы саласындағы бүгінгі көрсеткіштері – дала төсіндегі тынымсыз еңбектің нәтижесі. Бір жағынан егін жинау науқаны қызу жүріп жатса, екінші жағынан мал қыстатуға қажетті азық қоры жасалуда. Яғни ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алдында бір маусымның жұмысын қорытындылап қана қоймай, келесі жылдың қамын жасау міндеті тұр. Алқаптағы алтын дән мен қорадағы төрт түлік – ауыл еңбегінің нақты жемісі. Оның әрқайсысының артында таңның атысынан күннің батысына дейін тыным таппайтын диқан мен малшының маңдай тері бар.

Еңбек бар жерде – береке бар. Алакөлдің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ел ырысын еселеу жолындағы маңызды міндетті абыроймен атқарып келеді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Астанада Жетісу облысының жәрмеңкесі өтеді

Астанада Жетісу облысының жәрмеңкесі өтеді

11.08.2026
Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

11.08.2026
Халықтық Конституция – жаңа басқарушылық мәдениет

Халықтық Конституция – жаңа басқарушылық мәдениет

11.08.2026
Қазақстандағы кітапханалар бірыңғай электронды жүйеге біріктіріледі

Қазақстандағы кітапханалар бірыңғай электронды жүйеге біріктіріледі

11.08.2026
Кинотеатрларға ортақ талап: Кинопрокат саласында жаңа ережелер бекітілмек

Кинотеатрларға ортақ талап: Кинопрокат саласында жаңа ережелер бекітілмек

11.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.