Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кинотеатрларға ортақ талап: Кинопрокат саласында жаңа ережелер бекітілмек

11 тамыз 2026
КҮНДЕРЕК
Кинотеатрларға ортақ талап: Кинопрокат саласында жаңа ережелер бекітілмек

magnific

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда кинопрокат Қазақстан нарығы мен кинотеатрлар қызметін реттейтін бірыңғай ережелер дайындалып жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ел ішіндегі мәдениет саласы мен отандық фильмдер индустриясы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) кинопрокат саласына кешенді талдау жүргізді. Монополияға қарсы орган өкілдері 60-тан астам нарық қатысушысының жұмысын сараптап, саладағы бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін жүйелі факторларды анықтады.

Агенттік мәліметінше, 2024-2026 жылдар аралығында еліміздегі кинопрокат қызметінің қаржылық айналымы 76,2 млрд теңгені құраған. Саланың қаржылық ауқымы жоғары болғанымен, нарықтағы шоғырлану деңгейі де өте жоғары деңгейде қалып отыр.

Сектордағы басым үлеске Kinopark-Kinoplexx Theatres және Chaplin Cinemas сияқты ірі желілер иелік етеді. Тіпті кейбір өңірлерде кино көрсету қызметін тек бір немесе екі компания ғана ұсынып отырған жағдайлар бар. Осы себептен шағын кинотеатрлар мен жекелеген прокатшылар үшін тең әрі әділ жағдай жасау мәселесі ерекше маңызға ие.

Сарапшылардың пайымдауынша, басты кедергі – кинотеатрлар мен фильм тарататын дистрибьюторлар арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай тәртібінің болмауы. Фильмдерді көрсету құқығын беру талаптары әртүрлі сипатта жүргізіледі. Соның салдарынан кинотеатрлардың репертуар қалыптастыру мүмкіндігі шектеліп, көрермендердің жаңа туындыларға тең қол жеткізуі қиындайды.

Аталған кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік орган бірқатар тиімді қадамдарды ұсынды:

  1. Кинопрокат қызметін жүзеге асырудың ашық әрі бірыңғай ережелерін бекіту;

  2. Дистрибьюторлар мен кинотеатрлар арасындағы үлгілік шарт жобасын әзірлеу;

  3. Нарықты мониторингтеу және бақылау тетіктерін жетілдіру.

Аталған шаралар толық іске асса, барлық кино залдарына фильм контентіне тең қолжетімділік беріледі. Әсіресе отандық киномэкерлер жасаған туындылардың үлкен экранға шығу мүмкіндігі артып, билет бағасының қалыптасуы да ашық болады. Адал бәсекелестік орта орнағанда, ең алдымен қарапайым көрермен ұтады.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.