Талдықорған: +35°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қапалдан қала табылды

23.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қапалдан қала табылды

Александр СКЛАБОВСКИЙ

WhatsAppTelegramFacebook

Кең-байтақ Жетісу – тарихтың талай сырын қойнауына бүккен қасиетті мекен. Ғасырлар бойы шығыс пен батысты жалғаған Ұлы Жібек жолы арқылы сауда, мәдениет, өнер, білім мен ғылым дамыды. Бүгінде сол заманның куәгері болған қалалар мен қоныстардың орны археологиялық ескерткіштер ретінде зерттеліп, өткеннің көмескі беттерін ашуға мүмкіндік тудырып отыр.

Соңғы жылдары ғалымдардың ерекше назарын аудартқан Ақсу ауданындағы «Қапал-Қызыл- ағаш 1» ортағасырлық қаласы. Археологтар «Қапал-Қызылағаш» деп атаған қаланың шын аты белгісіз. Жаңа атау екі елді мекеннің ортасында орналасуына байланысты шыққан. Дәл қасынан Қызылағаш өзені ағып жатқан төбешіктердің орнында ғасырлардан жеткен, қойнауына сыр бүккен тарих жасырулы. Бұл қала Х-ХІІ ғасырға тиесілі деген болжам бар.

– Ең қызығы, осы уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде де, тарихи деректерде де айтылмай келген қалашық зерттеушілер үшін ерекше жаңалық болды. Қапал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай жеті шақырым қашықтықта орналасқан ескерткіш бірнеше шағын өзеннің тоғысқан тұсында. Айналасындағы сазды алқап кеңестік кезеңде егістікке пайдаланылған. Кейін арық тартылып, техникалар жүргендіктен ескерткіштің кей бөліктері бүлінген. Соған қарамастан қаланың негізгі құрылымдары сақталып, ортағасырлық тарихтың жаңа бетін ашуға мүмкіндік берді, – дейді археолог Ринат Серікұлы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ринат Жұматаев жетекшілік ететін ғылыми топ «Қапал-Қызылағаш 1» қаласына жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қазба кезінде табылған жаңа деректер ескерткіштің ғылыми маңызын арттырып отыр. Биыл далалық маусым зерттеулердің ауқымы кеңейіп, қалашықтың беймәлім қырларын ашуға мүмкіндік берілді.

Ұлы Жібек жолының тарихын сөз еткенде көбіне Тараз, Қойлық, Отырар секілді белгілі қалалар аталады. Алайда керуеннің ұзақ сапар шегуі үшін дамылдап алатын қалалар мен бекеттердің болмауы мүмкін емес еді. «Қапал-Қызыл- ағаш» қаласы дәл осындай маңызды мекеннің бірі болуы ықтимал. Өйткені орналасқан жерінің ауасы қоңырсалқын. Кең даласы көлікті суытып, көшті қондырып, бірнеше күн дамылдап алуына ыңғайлы. Бірнеше өзеннің тоғысуы тұрғындардың егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысуына тиімді.

Археологтардың жұмысымен танысуға барғанда көне шаһар орнының жайлылығына көз жеткіздік. Қызылағаш өзені өтетін алқапта шағын тұмалар бар. «Сулы жер – нулы жер» деген осы. Көк шөп белуардан. Жайылымға қолайлы. Таудан соққан самалмен тыныстап, тұрмыс кешу кімге де болса ұнайды. Ұлы Жібек жолының бойында жатқан көне шаһардың тұсында Шыңбұлақ, Тамшыбұлақ, Ақсу, Бүйен сияқты бірнеше өзен тоғысады. Осыған қарап құтты мекен болғанын байқауға болады.
Көне қалашық өртенген. Оған табылған ағаштың отқа күйгені дәлел. Қала құрылысына бірнеше түрлі топырақ пайдаланылыпты. Қирандылардың кей жері қара топырақты болса, қабырғаларға әртүрлі қосынды қосылған. Яғни, беріктігі үшін материалы арнайы тәсілмен жасалса, еденіне ақ түсті үгітілмейтін тас төселген.

Археологтардың мәліметінше, қалашық қамалмен қоршалған. Қорғаныс құрылысының ұзындығы жүздеген метрге созылады. Қамал бойында орналасқан мұнаралардың диаметрі 10-15 метрге тең. Мұнаралар арақашықтығы дәлме-дәл сақталғаны ортағасырлық құрылысшылардың жоспарлау ісін жақсы меңгергенін көрсетеді. Қалашықтың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан негізгі қақпадан кіретін жол қаланың орталық бөлігіне апарады. Бүгінде жолдың орны төбе күйінде сақталған.

Қаланың дәл ортасына орналасқан цитадель ерекше назар аудартады. Ортағасырлық қалалардың ең мықты бекінісі саналатын орда ең биік жерге салынады. Бұл жау шабуыл жасаған жағдайда тұрғындар мен билеушілер паналайтын орын. Қаланың сыртқы қорғаны бұзылса цитадель соңғы қорғаныс шебі ретінде қолданылған. «Қапал-Қызылағаш» қаласының оңай-оспақ мекен болмағаны бекіністің мықтылығынан, қорғанның бұзылмай сақталғанынан байқалады. Зерттеушілердің айтуынша, ұзындығы 80 метр, ені 75 метрге жететін бұл құрылыс ортағасырлық қаланың әкімшілік әрі саяси орталығы болған.

Биыл археологтар дәл осы орталық бөлікте қазба жұмыстарын жүргізіп, қабырғалардың қалдығын анықтады. Сонымен қатар, қорғаныс мұнараларының бірі зерттеліп, қаланың құрылыс ерекшеліктеріне қатысты құнды мәліметтер жиналды.

Қазба жұмыстары кезінде керамикалық бұйымдар көптеп табылды. Қыш ыдыстардың әртүрлі бөліктері жақсы сақталған. Зерттеуші Ринат Серік-ұлының айтуынша, сапалы қыш ыдыстарды әдетте дәулетті, бай-бағландар тұтынған. Археологтар үшін өткен дәуірдің төлқұжаты саналатын керамиканың пішіні, өрнегі, жасалу технологиясы арқылы белгілі бір кезеңнің мәдениетін, шаруашылығын, әлеуметтік жағдайын анықтауға болады. «Қапал-Қызылағаштан» табылған керамикалық бұйымдардың ішінде астық пен су сақтауға арналған хұмдар, шүмекті құмыралар, терең тостағандар, шырағдандар және ыдыстар бар. Биіктігі 1-2 метрге жететін хұмдар қыштан жасалып, жерге жартылай көмілген. Астық, ұн, май, азық-түлік сақталған алып құмыралар кейде шарап, сусын ашытуға пайдаланылған. Мұндай үлкен көлемді қыш ыдысты көбінесе ауқатты отбасылар тұтынған. Шаһар орнынан табылған жәдігерлер беделді адамдардың тұрғанын әйгілейді. Яғни, қала дәулетіне сәулеті сай мекен болған.

Биіктігі 1-2 метрге жететін хұмдар қыштан жасалып, жерге жартылай көмілген. Астық, ұн, май, азық-түлік сақталған алып құмыралар кейде шарап, сусын ашытуға пайдаланылған. Мұндай үлкен көлемді қыш ыдысты көбінесе ауқатты отбасылар тұтынған. Шаһар орнынан табылған жәдігерлер беделді адамдардың тұрғанын әйгілейді. Яғни, қала дәулетіне сәулеті сай мекен болған.

Сырты сырланған шырағданның табылуы зерттеушілерді қызықтырып отыр. Орта ғасырларда мұндай бұйымдар қарапайым халықтың күнделікті тұрмысында жиі кездесе бермеген. Кіреукемен (эмаль) сырланған заттар қымбат бағаланған және көбіне ауқатты адамдардың иелігінде болған. Ыдысты тот басудан сақтайтын кіреукені әдетте шыны, әшекей бұйым, шәйнек бетіне жаққан. Мұндай олжалар қалашық тұрғындарының әлеуметтік құрылымы туралы мол мәлімет береді.

Қазба жұмыстары кезінде сүйектен жасалған құралдардың табылуы да үлкен қызығушылық тудырып отыр. Ғалымдардың пайымынша, бұл құралдар шикі сазға өрнек түсіру үшін қолданылған. Демек, ортағасырлық шеберлер қыш жасау өнерін жоғары деңгейде меңгерген. Олар тұрмыстық қажеттілікті өтеп қана қоймай, бұйымдарға көркемдік сипат беруге де ерекше мән берген.

«Қапал-Қызылағаштағы» зерттеулердің тағы бір маңызды бағыты – археоботаника. Биыл алғаш рет ежелгі өсімдік қалдықтарын зерттеуге арналған арнайы жұмыстар қолға алынды. Бұл бағыт археология ғылымында соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Өйткені ежелгі адамдар пайдаланған тұқымдар мен өсімдік қалдықтары олардың шаруашылығы мен қоршаған ортасы туралы мағлұмат береді. Зерттеу үшін үлгілер ошақ орындары мен қоқыс шұңқырларынан алынды. Оған флотация әдісі қолданылады. Флотация дегенді қарапайым тілмен айтсақ, пайдалы қазбаларды, яғни, бағалы минералдарды арнайы технология арқылы көбік бетіне қалқытып шығару әдісі. Бұл – мыс, қорғасын, мырыш, алтын кендерін өңдеу кезінде қолданылатын тәсіл. Арнайы технология арқылы топырақ арасындағы тұқымдар мен өсімдік қалдықтары бөлініп алынады. Қазіргі кезде бұл жерден табылған материалдар зертханалық талдауға дайындалуда.

Бұл жұмыстар Германиядан келген археоботаника маманы Кристиан Лейптің қатысуымен жүргізілуде. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың арқасында «Қапал-Қызылағаш» қалашығынан алынған деректер заманауи әдіспен зерттелуде.

Сирек маманмен тілдесудің сәті түсті:

– Болашақта бұл зерттеулер ежелгі тұрғындардың қандай дақылдар өсіргенін, қай өсімдіктерді азық ретінде пайдаланғанын және сол кездегі табиғи-климаттық жағдайдың қандай болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Археозоология ілімі арқылы тұрғындардың шаруашылығы мен тағамдық мәдениетін анықтаймыз. «Қапал-Қызылағаш» қаласындағы қазба жұмыстары барысында 941 жануар сүйегі есепке алынды. Бұл – өңірдегі ортағасырлық ескерткіштер үшін айтарлықтай көлемді материал, – деген Кристиан Лейп қазба жұмыстарының маңыздылығын да алға тартты.

Зерттеу кезінде ірі қара, қой-ешкі, жылқы, түйе, ит, бұғы, елік пен құс сүйектері табылған. Ең көбі ірі қараның сүйегі. Бұл қалашық тұрғындарының өмірінде мал шаруашылығы маңызды орын алғанын білдіреді. Сонымен қатар, жылқы мен түйе сүйегінің табылуы Ұлы Жібек жолы бойында көлік қатынасының дамығанын аңғартады. Жабайы жануар сүйегінің аз кездесуі тұрғындардың мал баққанын дәлелдейді. Ал сүйектердің басым бөлігінің етті мүшелерге тиесілі болуы тұрғындардың тұтынған тағамында ет өнімдерінің маңызды орын алғанын көрсетеді.

«Қапал-Қызылағаш» қалашығындағы зерттеулер әзірге бастапқы кезеңде. Дегенмен алғашқы нәтиже бұл ескерткіштің Жетісу өңірінің ортағасырлық тарихын зерттеуге ерекше септігін тигізетінін көрсетіп отыр. Әрбір қыш сынығы, арпа-бидай дәні, жануар сүйегі бізге ғасырлар бұрын осы жерде өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін әйгілейді. Ғасырлар бойы үнсіз жатқан көне қаланың топырақ астынан шыққан әрбір дерегі өңір тарихының жаңа тарауын жазуға мүмкіндік беруде.
Алдағы жылдары көне қалашықтың нақты атауы, Ұлы Жібек жолы жүйесіндегі орны, тұрғындардың этникалық құрамы және өңір тарихындағы рөлі анықталады деп сенеміз. Расында «Қапал-Қызыл-ағаш» қаласы бүкіл қазақ даласының ортағасырлық өркениетін танытатын аса құнды тарихи мұра. Ал археологтардың еңбегі сол мұраны ғылыми айналымға енгізіп, келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам. Ғасырлар қойнауынан жеткен үнсіз тарихтың тілін тану – өткенді құрметтеп, болашаққа қадам басудың бір жолы.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Отбасы өнегесі – бала болашағының темірқазығы

Отбасы өнегесі – бала болашағының темірқазығы

23.06.2026
UFC. Жеңілмеген кім қалды?

UFC. Жеңілмеген кім қалды?

23.06.2026
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

23.06.2026
Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

23.06.2026
Әуезді әнмен тербеген

Әуезді әнмен тербеген

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.