ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық басқармасының құрылған күніне орай әскери қызметшілер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – әскери қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнирге басқарманың әскери қызметшілері қатысып, алаңда тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, үздік командалар мен қатысушылар марапатталды.
Шара соңында ұйымдастырушылар спорттық додаға белсенді қатысқан әскери қызметшілерге алғыс білдірді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





