Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

20.06.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Жетісу жерінде мыңдаған мемлекеттік қызметші халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету жолында тынымсыз еңбек етуде. Қиындығы мен қызығы мол мемлекеттік қызметті абыройлы атқару әрбір мемлекеттік қызметшіге артылатын зор жауапкершілік. 


Жұмыс режимін өзгертуге себеп болған жағдай жойылғанша жұмыс берушінің актісімен мемлекеттік қызметші қашықтан немесе аралас қашықтан жұмыс істей алады. Ол үшін жұмыс беруші мемлекеттік қызметші лауазымдық нұсқаулықтағы міндеттерін орындай алуына қажетті жағдай жасауы тиіс. Атап айтқанда, құрал-жабдықтармен (компьютер, ноутбук, т.б.) бірге ақпараттандыру объектілерін орнатып, байланыс қызметтерімен қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет заңдылықтарына енгізілген тағы бір ұғым бұл – икемді жұмыс уақыты. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты берілуі мүмкін. Ол үшін қызметші өтініш береді, тиісінше мекеме басшысы өтінішті он жұмыс күні ішінде қарап, шешім қабылдайды. Бұл жұмыс режимін қолдану 6 ай мерзімге қарастырылған, тараптардың екеуара (жұмыс беруші мен мемлекеттік қызметші) келісімі болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін. Дегенмен, жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан немесе күніне 8 сағаттан аспауы тиіс.

Мемлекеттік органда икемді жұмыс уақыты режимін қандай жағдайда белгілеуге болатынын атап өтейік. 

1. Мүгедектігі, жүктілігі бар, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана немесе асырауында қарт ата-аналары бар мемлекеттік қызметшілер;
2. Мемлекеттік органның орналасқан жерінен алыс жерде тұратындар;
3. Жұмыскердің жұмыс уақыты режимін сақтауы дәлелді себептер бойынша мүмкін болмайтын өзге де жағдайларда.

Икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі алты айдан аспауы тиіс. Тараптардың келісімі бойынша икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі ұзартылуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібін сақтауы, олардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу де өзекті мәселенің бірі. Бұрын мемлекеттік қызметтегі заңсыз үстеме жұмысқа тарту мәселесін жергілікті атқарушы орган – Еңбек инспекциясы басқармасы қадағаласа, қазіргі таңда бұл функция ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттеріне берілді. Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық бекітілді. Сол нұсқаулыққа сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу жүктелген. 

Үстеме жұмысқа тарту үшін алдымен мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімі қажет. Ол жұмыс берушінің актісімен рәсімделуі тиіс. Үстеме жұмыс уақыты айына 12 сағаттан аспауы керек. Үстеме жұмысқа жұмыс уақытынан тыс уақытта және демалыс пен мереке күндері тартылған мемлекеттік қызметшіге қосымша ақы төленеді немесе мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша оған басқа күні демалыс сағаттары беріледі. Үстеме жұмысқа жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді. Аталған талаптар ескерілмей, мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс үстеме жұмыстарға тартылғаны анықталған жағдайда мекеме басшыларына ұсыныс жолданып, үстеме жұмыс сағаттары үшін мемлекеттік қызметшілерге басқа күндері демалыс беру ұсынылады. Осылайша олардың бұзылған құқығын қалпына келтіруге болады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін жұмыс берушіге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 89-бабымен ескерту жасау түріндегі әкімшілік шара қарастырылған. Егер мұндай жағдай әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде тағы да қайталанса, жұмыс берушіге 40 айлық есептік көрсеткіш (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Мұндағы мақсат – мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытында отбасына көңіл бөліп, бала тәрбиесімен айналысуына мүмкіндік беру. Мекеме басшылары үстеме жұмысқа тартпас бұрын әрбір мемлекеттік қызметшінің отбасы құндылықтарын сақтау, үй-жайының шаруаларына да үлгеруіне жағдай жасау міндеттері тұрғанын да ұмытпағандары абзал.

Ғабит ТҰРСЫНБАЙ,
облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.