Текелі полицейлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады.
– Әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырып жүрген. Азаматтардың сеніміне кіре отырып ол ауылшаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз бен өтеусіз мемлекеттік субсидия алуға көмек ұсынған. Қазіргі уақытта алаяқтың 3 құрбаны белгілі болды. Залалдың жалпы соммасы 11 млн. теңгеден асты. Күдікті қамауға алынды, – дейді Текелі қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ернар Таңатаров.