Талдықорған: +20°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР АЙ ІШІНДЕ БІРНЕШЕ АДАМ ЖОЛ АПАТЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ

02.06.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР АЙ ІШІНДЕ БІРНЕШЕ АДАМ ЖОЛ АПАТЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында бір айдың ішінде бірнеше қылмыстық оқиға тіркелді. Сонымен бірге, жол апатынан да бірнеше адам көз жұмды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің сайты хабарлады.

Алдымен, жол апаттарына тоқталайық. «Алматы — Өскемен» тасжолының 445 шақырымында көлік аударылып, 3 адам мерт болды. Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Сарқан ауданы аумағындағы Қойлық ауылының маңында болған. Көлікте 7 адам болған. 12 жастағы қыз бала оқиға орнында жан тапсырған, ал тағы көлік жүргізушісі мен бір жастағы сәби ауруханада қайтыс болды.

«Қайғылы жағдай 30 мамыр күні сағат 18:00 шамасында болған. Mersedes көлігі аударылған. Ішінде оның 7 адам болған. 2010 жылы туған қыз бала оқиға орында көз жұмды. Көлік жүргізуші мен бір жастағы бала ауруханада көз жұмды. Барлығы Алакөл ауданының тұрғындары», — деді аудан әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Олжас Құрмашев.

Алматы облысында жол апатынан тағы екі ер адам қаза тапты. Тағы екеуі ауыр жарақат алды. Полиция департаментінің дерегінше, оқиға Алматы – Бішкек тас жолының 96-ншы шақырымында болған.

Куәгердің түсірген видеосынан қираған көліктер мен зардап шеккен адамдардың денесін көруге болады. Полицияның мәліметінше, Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі «DAF FX» ауыр жүк көлігін басып озбақ болған. Жоғары жылдамдықпен жүк көлігіне жанасып өтіп, соның салдарынан жол бойында тұрған «Газельге» соқтығысты. Сол кезде «Газель» жүргізушісі мен жолаушысы дөңгелек ауыстырып жатқан. Оқиға болған жерде 33 жастағы Газель жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушы қаза тапты. Жарақат алған Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол апатына байланысты 345-бабы 4-тармағы бойынша іс қозғалды.

Қылмыстық оқиғалар бойынша, Талғар ауданының полицейлері жануарға қатыгездік жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ауыл тұрғыны итін қасақана өлтіргені үшін сотталды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 2-бөлігі (жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық іс қозғауға жануарларды қорғаушылардың әлеуметтік желіде жариялаған суреттері себеп болған. Қарабұлақ ауылының шетінде иттің қалдықтары табылған. Талғар аудандық полициясы осы ақпарат өлген иттің 35 жастағы иесін анықтады. Ол үй жануарын өлтіргенін мойындады», — делінген ПД хабарламасында.

Ұсталған азамат өз итін майын алу үшін сойғанын, оны емдік мақсатта пайдаланбақ болғанын айтқан. ҚР заңнамасына сәйкес, күдіктіге ірі көлемде айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстарына жегіледі, сондай-ақ елу тәулікке дейін қамауға алынады.

Талдықорғанда да қылмыс тіркелді. Масаң күйдегі фермер қол астындағы жұмыскерін сабап тастады. Оған дейін көлікпен қағып, үстінен басып өткен. Полиция 43 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жәбір көрген ер адам фермада отбасымен бірге тұрған. Ол кәсіпкердің малын бақты. 2 мамыр күні екеуі сөзге келіп қалды.

Жанжалдан кейін бақташы әйелі мен кәмелет жасқа толмаған балаларын алып, фермадан кетемін деп шықты. Сол кезде күдікті оны Lexus-470 көлігімен қуып барған. Фермер оны көлігімен басып өтті деген күдік бар. Одан кейін шығып, тағы ағаш таяқпен ұрған. Дәрігерлер гемопневмоторакс анықтады. Ондайда адамның кеудесінде қан жиналып қалады. Бұдан бөлек, тоғыз қабырғасы мен жауырыны сынған. Оны облыстық ауруханаға жатқызды.

«Күдікті қамауға алынды. Медициналық сараптама оның жеңіл түрде мас болғанын көрсетті», — дейді полицейлер.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.