«Алматы-Бішкек» халықаралық жолында төрт көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы «Жетісу» газеті полиция департаментіне сілтеме жасап мәлімдеді.
«Көлік апаты «Алматы-Бішкек» тасжолының 44-нші шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, «Нива-2121» көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Фотон» көлігіне соғылған. Артынша бағанаға соғылып, қарсы бағытқа шығып кетіп, «BMW-525» және «Митсубиси» көліктерімен түйіскен. Оқиға орнында «Нива» көлігінің жүргізушісі мерт болды. «БМВ» көлігінің 22 жастағы және «Митсубисидің» 44 жастағы жолаушысы зардап шекті», — деді полиция өкілдері.
Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





