Қарасай ауданының «Асыл арман» тұрғын үй кешеніне қарсы бетте «Toyota Caldina» көлігінің жүргізушісі түрік азаматын қағып кетті.
Ер адам ауруханаға жеткізілді. «Алматы – Бішкек» тас жолының 19-ншы шақырымында «Toyota Caldina» көлігінің 39 жастағы жүргізушісі 52 жастағы Түркия азаматын қағып кетіп, жәбірленуші оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Дәрігердің қарауынан кейін ол үйіне жіберілді», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізушіге қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген заңбұзушылығы) қарастырылған іс қозғалды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





