Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Қасиеттер кодексі» керек!

24.10.2023
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
«Қасиеттер кодексі» керек!
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлтты қорлау – сол ұлттың Ұлы ұлдарын, ұстанған дәстүрін қорлау. Қызық мысал айтайын, Расул Ғамзатов деген Дағыстанның ақиық ақыны бірде АҚШ-қа жиынға қатысуға барады. Сонда бір қандасы ақынды іздеп кеп (АҚШ-та тұратын) біраз дидарласқан соң өзі салған картинаны Дағыстандағы кейуана шешесіне сыйға беріп жібереді. Р. Ғамзатов еліне келген соң қарияны әдейі іздеп барып суретті беріп, сәлемдемесін жеткізеді. Ой, құдірет-ай, қария суретке («Дағыстан аруы» деген картина) қарап тұрып: «Ол кісі сенімен қай тілде сөйлесті?», – деп сұрайды. Р. Ғамзатов екеуі ағылшын тілінде сөйлескенін жеткізгенде  картинаны ысыра сап: «Менің ұлым әлдеқашан өлген», – депті. Өз ұлын қай ана өлдіге қисын? Бірақ осы оқиға ұлдан ұлттың артық екенін аңғартып тұр емес пе? Ұлттың қасиеті – тілі, діні, ділі емес пе?

Психологияда сананы қалыптастыру деген бар. Қарапайым тілде құлақ үйрету. Мәселен, әу баста «ажырасып келіпті» деген әңгіме құлаққа түрпідей естілуші еді ғой. Қазір жиі айтылғаны соншалық, етіміз өліп кетті. Педофилизмге де солай. Бірінші рет «Мектеп оқушысын зорлады» дегенде аза бойымыз қаза тұрды. Үркідік. Шошыдық. Қазір бұл жаңалыққа да ет үйренді. Бұған заңнын ең қатаң түрін енгізсе де артық болмас еді. Дәл сондай жағдай ұлттық құндылықтарды қорлауда да жүріп жатыр. 

Бәзбіреу домбыраны жын қуғандай билеп, жерге соғып быт-шытын шығарады. Ешкім ештеңе демейді. 

Домбыраны харам дейді келесісі. Оған да ештеңе болмайды.

Қазақтың сәукелесін киіп жалаңаш бейнесін әлемге жолдайды басқа біреу. Ол да тып-тыныш өмір сүре береді. 

Енді кеп тағы біреу Абайды, Әлиханды, Ыбырай мен Ахметті, қазақтың қазақ болуына ғұмырын сарп еткен қасиеттілерді шетелдің не мәні, не мағынасы жоқ әніне билетіп, тик-ток түсіреді.

Тағы біреу қазақты «былдырлаған маймылға», тілін «оның шүлдіріне» теңейді. Онда да жай осы. Кешірім сұрайды, артынша түк болмағандай жүреді. 

Келесісі мемлекеттің егемендігін айшықтайтын ақшасын табан астына таптайды. Ондағы мемлекеттілік таңбаларды құнсыз көреді. Тарихқа қарасақ, кез келген мемлекет өз тәуелсіздігін айшықтау үшін ақша шығарған. Теңге соқтырған. Соған қарамастан теңгемізді қорлайды. Заңға тартпайтынымыз көңілге келеді. Етіміз де әбден үйреніп алған.

Мұның бәрі ұлттық құндылыққа істелген қиянат емес пе? Біреудің қоршауына не үйіне баттастыра жазу қалдырып, болмаса сурет салып кетсең, олар сені міндетті түрде сотқа сүйрейді. Болмаса бұ дүниеде жоқ атасын не әкесін келемеждеп дәл осылай видео түсірсең жазаланасың. Өйткені олардың ұрпағы мұндай басбұзарлық істетіп қоймайды. Ал ұлттың жыртығын кім жамайды? 

Айтпақшы, төл теңгеміз туралы айтып қалдық. Қазір ақша құны түсті демейтін отандасымыз жоқ. Содан болар, бүгінде бір теңгенің тиындық та құны қалмағандай. Шашылып жатады. Аялдамада, базарда. Ақша айналымы қай жерде бар, бір теңгенің бірін емес, бірнешеуін жерден табуға болады. Бірақ, оның бір бетінде Қазақстанның егемендігін айшықтайтын Елтаңба барын ескергендер бар ма? 

Кешеге дейін совет өкіметінде білім алғандар Ахметті, Әлиханды «халық жауы» деп оқып келді. Ел үшін өмірін қиғандар үшін қорлық еді  бұл. Қазақ тәуелсіздігін алған соң аруақтылар орнынан бір аунап түскендей еді. Тірісінде разылық көрмегендер  өлісінде де тыныш жата алмады-ау. Енді келіп, олардың «құпиясын ашып» талайымыз жүр. Сәбит Мұқановты Алаш арыстарын ұстап берді деп айыптаймыз.  Қонаевқа трайбализмды «қуаттады» деген кінә артамыз. Ұлтты ұйыстыратын, ұлтқа қызмет еткен тұлғаларды қаралау да сол ұлтқа жасалған қиянат емес пе?

Әдетте еліктеуден, біреуден үйренуден, тәжірибе алудан алдымызға жан салмаймыз. Неге осы біз Еуропаға мойын созғанша, маңайымыздағылардан үлгі алмаймыз?! Мәселен, Қырғыз мемлекеті. 2016 жылы қоңсы қонған Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесі ақ қалпағын ұлықтайтын заң бекітті. 2019 жылдың 5 наурызынан бастап «Ақ қалпақ» күнін атап өтеді. 2011 жылдан бейресми тойланып келген мереке заңдық тұғырына орнықты. Енді «Ұлттық баскиім Ақ қалпаққа мәдениет символы мәртебесін беру туралы» Заңға сәйкес баскиімді қорлағандарға Заңбұзушылық туралы кодексінің 65-бабына сәйкес І дәрежелі айыппұл салынады. Баскиімге құрмет дегеніміз осы. Ал біздің баскиім саунада жүр, саудада жүр,  той табақ ретінде таратылады. Қорлық па? Баба жұрт бағым кетеді деп баскиім бермеуші еді.

Жалпы, ұлтты қорлатпаудың, мемлекеттігімізге тіл тигізбеудің амалы керек. Елімізге «Қасиеттер кодексі» қажет! Кімде-кім қазақтың қасиеттісін қор етеді, сол кодекске орай жазасын алады. Шыны сол, қоғамдық орында қоқыс тастағанға жаза берер заң болғанда, қасиетімізді «қоқыс оймен» ластағанды да жазалайтын заң керек! Сонда ғана қазақтың қасиеті төмен түспейді. Дәл солай! Ал сіз қалай ойлайсыз, көзі қарақты оқырман?

Дастанбек САДЫҚ
Фото: ашық дереккөзден

 

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.