Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бас Прокурор бизнес-қауымдастығымен және инвесторлармен кездесу өткізді

21.06.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Бас Прокурор бизнес-қауымдастығымен және инвесторлармен кездесу өткізді

Бас прокуратурада Берік Асылов жыл сайынғы прокуратура органдарымен кездесуді өткізді.

Жоғары қадағалау органының алаңында мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, бизнес үшін шығындарды төмендету, қылмыстық жазаларды жеңілдету және кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін қатаңдату мәселелері талқыланды.

Диалогқа ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Скляр, ҚР Президентінің көмекшісі Е.Н. Жиенбаев, Парламент депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшылары, Бизнес-Омбудсмен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы, «KAZAKH INVEST» ҰК, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы, жеке бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысты. Бұдан басқа, облыстар мен аудандардың прокурорлары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпкерлік басқармаларының бастықтары және «Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдері желіге қосылды.

Бас Прокурор кездесуді аша отырып, Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы елдің экономикалық әлеуетін кеңейту және инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелерінде жаңа және шешуші шара болғанын атап өтті.

Бизнес үшін артық шектеулерді алып тастау, салық жүктемесін және бюрократиялық кедергілерді азайту тек инвестициялар ағыны мен елдің экономикалық дамуына ықпал етеді.

Дәл осы міндеттерді Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордың алдына қойды.

Кездесудің ерекшелігі бизнесті қорғау және инвестицияларды қолдау саласындағы жаңа функциялар мен құралдардың тұсаукесері болды. Олар Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен прокурорларға бекітіліп, заңдарда регламенттелетін болады.

Бірінші кезекте, бұл прокурорлардың өтінім беруден бастап жобаны толық іске қосуға дейінгі маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуі.

Бүгінде прокурорлардың назарында 32 трлн теңгеден астам сомаға 770-тен астам осындай жоба бар, олар шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінен нақты қорғауды алады.

Кездесуге қатысқан «Big farm» ЖШС испан инвесторының өкілі Қазақстан нарығынан кету алдында тұрғанын айтты. 3 жыл бойы ол ауылдық жерлерде 400 жұмыс орны бар заманауи агроөнеркәсіптік кешен салу үшін жер ала алмай жүрді.

Жобаны прокурордың сүйемелдеуімен алғаннан кейін ғана учаске бөлу туралы қажетті келісімдерге қол жеткізілді және жоба іске қосылды.

Мұндай жүздеген мысалдар бар.

Бір жарым жыл ішінде прокурорлар жобаларын қазақстандық нарықта сақтап қалуға мүмкіндік алған 350 инвесторды қорғауды қамтамасыз етті. Олардың ел экономикасына салған салымдарының жалпы құны 6,4 трлн теңгені құрайды.

Жақын арада Бас прокуратура өз сайтында прокурордың сүйемелдеуімен болатын жобалардың бірыңғай пулын орналастырады.

Қадағалаудың тағы бір негізгі құралы «прокурорлық сүзгі» болды, ол бір жылдан астам уақыт бойы инвесторларға өз жобаларын кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

«Прокурорлық сүзгі» шеңберінде мемлекеттік органдар мен шектеу сипатындағы квазимемлекеттік сектордың барлық шешімдері прокурор келіскеннен кейін ғана шығарылады.

Прокурордың келісімінсіз салықтық тексерулер де тағайындалмайды.

Бүгін сүзгіден инвесторлардың мүдделерін қозғайтын 2 мыңнан астам шешім өтті, оның 270-і бойынша келісуден бас тартылды.

Экономиканы ырықтандыру барысында сүзгі шекаралары кеңейтіледі және прокурордың келісімі әкімшілік жаза қолдану, талап қою және инвесторларға қатысты тексерулер тағайындау кезінде міндетті болады.

Шын мәнінде, «прокурорлық сүзгі» шенеуніктердің жосықсыз шешімдеріне тосқауыл болады және инвестициялар саласындағы әрбір әрекеттің заңды болуын қамтамасыз етеді.

Үкімет енгізіп жатқан «Жасыл дәліз» және «Бірыңғай цифрлық инвестициялық платформа» жобалары инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі маңызды құралдар болады.

Олар инвесторлардың Қазақстан нарығына кіруінің жеңілдетілген жағдайларын және инвестициялық жобалардың барлық кезеңдерін цифрландыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттер болған жағдайда «ақылды» жүйе шаралар қабылдау үшін прокуратураға сигнал беретін болады.

Осындай және басқа да сигналдар бойынша жедел ден қою үшін әр өңірде инвесторлар мен бизнес үшін Фронт-офистер ашылды, тәулік бойы call-орталықтар және кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жедел ден қоюдың мобильді топтары жұмыс істейді.

Фронт-офистердің жұмысына барлық мемлекеттік органдар, Бизнес-Омбудсмен, «Атамекен» ҰКП және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қосылған және кәсіпкерлерге көмек «бір терезе»қағидаты бойынша көрсетіледі.

«Бүгін бизнес прокурорға алдын ала жазылусыз тікелей жүгіне алады және дереу көмек ала алады», — деп атап өтті өз сөзінде «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов.

Еліміздегі ең ірі кәсіпкерлер бірлестігінің басшысы прокуратура жүргізіп жатқан жұмыс пен оның бизнес пен инвесторларды қорғаудағы рөлі орасан зор екенін атап өтті.

Бұған кәсіпкерлердің 300 мыңнан астам қорғалған құқықтарын растау, оларға қатысты 2,5 жыл ішінде прокурорлар 16 мыңнан астам заңсыз тексерулерді, 13 мың атқарушылық іс жүргізуді, 22 мың шектеу шараларын және 2,2 млрд теңгеге 12 мың негізсіз әкімшілік айыппұлдарды алып тастай алды.

«Біз бұл жүйелілік пен заңнамалық реттеуді талап ететін орасан зор еңбек екенін түсінеміз. Бұл бағытта Президенттің экономиканыераықтандыру туралы тапсырмасы аясында үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр», — деп түйіндеді Райымбек Баталов.

Бизнес-Омбудсмен мемлекеттік аппараттың бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелерінде жүйелілік пен ашықтықтың маңыздылығын атап өтіп, бизнесті қорғау және іскерлік ортаны дамыту мәселелерінде ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Кездесу соңында Берік Асылов облыстар мен қалалардың прокурорларына бизнес-қоғамдастық үшін «Ашық есік күндерін» өткізуді және қысқа мерзімде әрбір проблемалық мәселені шешуді тапсырды.

«Президент Бас прокуратураға кәсіпкерлік саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және инвестицияларды қолдау мәселелерінде шешуші рөл жүктеді. 

Біздің ортақ міндетіміз — әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлықты жоя отырып, елде бизнес жүргізу және инвестициялау процесін барынша тікелей және ашық ету», — деп түйіндеді жоғары қадағалау органының басшысы.

Бас прокуратура, Сыртқы істер министрлігі, «Атамекен» ҰКП және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл арасындағы кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, ол одан әрі бірлескен жұмыстың нақты мақсаттарын белгіледі.

 

  Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.