Талдықорған: +33°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

БҮГІН – ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮНІ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР

23.06.2021
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
БҮГІН – ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮНІ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында көптеген белестерді бағындырып, азаттығымызды айшықтай түстік. Бейбіт күнде әр қазақстандықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлердің мәртебесі артып келеді. Күн демей, түн демей қашанда халыққа қызмет ету бізге жүктелген абыройлы міндет. Ауа райының ыстық-суығына қарамай жандарынан табылып, оларды қауіп-қатерден сақтау үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін ескерсек, полицейлерге жүктелген міндеттің жүгі ауыр екендігін көреміз. Сондықтан Қазақстан полициясы күнінде тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру – барлығымыздың парызымыз.

Қылмыстың алдын алу, жол-көлік оқиғасын азайту, сондай-ақ, халықтың тыныштығын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда облыс аумағында 272 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Оның 182-сі тұрғын үймен біріктірілген. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында атап өткен тапсырмаларды орындауға жол ашады. «Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады. Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс бойынша тұрғын үймен біріктірілген 220 учаскелік полиция пунктін салу жоспарланған, оның 38-і биыл салынып, пайдалануға беріледі.

Құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды ашу үшін облыс аумағында көшелер мен жолдарға заманауи 1268 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның 871-і Талдықорған қаласында. Сонымен қатар, облыс көлемінде 6 115 көппәтерлі үйлер бейнебақылау жүйесімен жабдықталған (барлығы 7 890 бейнекамера). Көше қиылысында 1 193 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл камералардың барлығы тұрғындардың өз есебінен орнатылған. 2748 пәтер мен азаматтардың жеке үйлері, оның ішінде ағымдағы жылы 226 пәтер қорғауға алынды. Бейнебақылау камерасы қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстардың ізін суытпай ашуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға таптырмас құрал. Жүргізіліп жатқан жұмыс оң нәтиже беріп, қылмыс пен құқықбұзушылықтардың саны азайды. Аталмыш жүйе жүргізушілерді тәртіпке салып, жол-көлік оқиғасы орындарынан жасырынған жүргізушілерді іздеуге және ұстауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау камерасын көбірек орнату арқылы жолдардағы апатты азайтуға болады.

Аймақтың аудан, қалаларында көше қылмысын азайту үшін кешенді жоспар бекітіліп, жаяу патруль қызметкерлері жоғары деңгейде жұмыс істеді. Олар пандемия кезінде де карантин талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мысалы, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Талдықорған қаласында жаяу патрульдеуге күн сайын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған 205 адам шығады. Нарядтар радиостансылармен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, патрульдеу бағытының сызбаларымен, іздестіріліп жатқан адамдардың және ашылмаған қылмыстық құқықбұзушылықтардың бағдарларымен қамтамасыз етілген. Талдықорған қаласының көшелерінде жаяу патрульдеу енгізілгеннен кейін жасалған қылмыстардың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайды. Осы орайда барлық азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз.

Бекітілген жоспарға сай бөтеннің мүлкі мен мал ұрлау бойынша жасалып жатқан қылмысты азайту – күн тәртібінде тұрған ауқымды мәселе. Бұрын жасалған бөтеннің мүлкін ұрлаудың 400 қылмысы ашылды, оның ішінде 72-сі өткен жылы орын алған. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу және оны ашу мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөнінде бағдарлама әзірленіп, бекітілді. Нәтижесінде пәтер ұрлығын тіркеу 35,4 пайызға төмендеп, қылмыстың ашылуы 15,3 пайызға жақсарды. Полицейлер 72 ұрлық жасағаны үшін 41 қылмыстық топты, оның ішінде пәтерлер мен жеке үйлерден 30 ұрлық жасаған 16 ұрыны ұстады. Мал ұрлығымен күрес бойынша жедел-профилактикалық шаралардың кешенді жоспары қабылдануда. Мал ұрлығына қатысты қылмыстың тіркелуі бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 24,6 пайызға төмендеді. 2020 жылдың желтоқсан айында облыстық мәслихаттың шешімімен мал жаюдың типтік ережелері бекітілді. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 1 914 адам жауапкершілікке тартылып, 50 адамға 711 мың 748 теңге айыппұл салынды. Осы секілді мал ұрлығының алдын алу шаралары малды жоғалту деректерінің санын 2 есеге, яғни, 42-ден 23-ке дейін төмендетуге әсер етті. Жыл басынан бері мал тасымалдау ережелерін бұзудың 98 фактісі анықталды, кінәлі тұлғаларға 2 млн. 836 мың 783 теңге айыппұл салынды. Мал мен ет өнімдерін өткізу және сатып алу орындарына бейнебақылау камераларын орнату бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Бүгінде ақпараттық технологияның қарқынды дамуы арқылы да қылмыстың жаңа түрлері шығып жатыр. Әсіресе, интернет алаяқтық өріс жайып интернет ресурстары арқылы жасалған қылмыстар 10 есеге, яғни 33-тен 329-ға дейін өсті. Осы қылмыс түрімен күресу үшін тақырыптық әлеуметтік бейнеүзіктер әзірленіп, көрсетілуде. Сақтық шаралары белгіленген буклеттер, брошюралар таратылып, билбордтар орнатылады. Халықтың өтініштеріне құлақ түріп, ұсыныс-тілектерін тыңдау үшін тұрақты түрде әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып тұрамын. Әр апта сайын өтетін тікелей эфирді кемі 3000-4000 адам қарайды. Қойылатын сұрақтардың көпшілігі қылмыстық істерге қатысты.

Тәртіп сақшыларының қиын әрі жауапты қызметті абыроймен атқаруы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Халықтың қауіпсіздігі үшін қолдан келгендерін аянып қалмайтын қызметкерлердің атқарар міндеті ауқымды. Сол себепті, жоғарыда атап өткен және өзге бағыттағы жұмыстар жандана бермек. Мерейлі мерекемен барша әріптестерімді құттықтаймын. Отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін.

 

Серік КУДЕБАЕВ, 
облыстық полиция департаментінің бастығы,
полиция генерал-майоры

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026
Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.