Талдықорған: +25°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЕЛІМІЗДЕ ОТБАСЫНЫҢ ШЫРҚЫН БҰЗЫП, ҚАМАУҒА АЛЫНҒАНДАР САНЫ АРТҚАН

05.06.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЕЛІМІЗДЕ ОТБАСЫНЫҢ ШЫРҚЫН БҰЗЫП, ҚАМАУҒА АЛЫНҒАНДАР САНЫ АРТҚАН

Қазақстанда былтырдан бері отбасында зорлық-зомбылық көрсету фактілері азайып, керісінше жауап тартылғандардың саны көбейген. Оған не себеп? Сауалдың жауабын Ішкі істер министрлігінен сұраған едік. 


«Қазір қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылыққа төзбеушілік және ол үшін жазаның бұлтартпастығы процесі қалыптасып келеді, жәбір көрушілер мұңын ашық айтатын болды. Жалпы, тұрмыстық қатынас ерлі-зайыптыдан басқаларға да қатысты. Олардың қатарында ажырасқандар, бұрын бірге тұрғандар, ортақ баласы барлар, отбасының барлық мүшесі және заңды некесіз бірге тұратындар бар. Аталған азаматтардың құқығы мен жауапкершілігі тұрмыстық, отбасылық заңда тайға таңба басқандай жазылған», — делінген министрліктің Kazinform агенттігі жолдаған ресми сауал жауабында.

Ведомствоның мәліметінше, енді тек күйеуінен зәбір көрген әйелдер ғана емес, отбасының кез келген мүшесі құрбан немесе агрессор болады.

Сондай-ақ, сауалда тұрмыстық жәбір көргені туралы ер азаматтардан шағым түсіру жағдайы тіркелді ме? деп сұраған едік.

«Ішкі істер органдарында тіркелген отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің 80% бойынша жәбірленуші – әйелдер», — деген жауап алдық.

Жалпы Ішкі істер министрлігі отбасылық зорлық-зомбылық фактілерінің азайғанын ал жазаның қатайғанын айтып отыр.

Өйткені, 2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне түзетулер енгізілді.

«Өткен жылдың екінші жартысынан бастап полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғауды өз қолына алды. Хаттаманы толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен видеотіркегіш жазбалары жеткілікті», — делінген хабарламада.

Алайда соңғы шешімді сот қабылдайды екен. Айтпақшы, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін отбасылық зорлық-зомбылық туралы полицияға түскен шақыртулардың 60% аса жайт бойынша шара қабылдау мүмкін болмаған, оған себеп, жәбірленушілер арыз жазудан бас тартқан.

Енді ІІМ ұсынған статистиканы келтірсек, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне түзетулер енгізілгеннен кейін (2023 жылғы 1 шілде) полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 48 622 хабарлама түсіп, олардың 98% әкімшілік хаттама толтырылған.

Өткен жылдың соңғы 6 айында (шілде-желтоқсан) зорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандардың саны өскен. Нақты айтқанда, 2023 жылдың 1-ші жартысында (қаңтар-маусым) 17 мың отбасының шырқын бұзған адам жауапкершілікке тартылса, жылдың екінші жартысында олардың саны 44 973 адамға жетіпті. Сонымен қатар қамауға алынғандардың саны да екі есеп өсіп отыр.

Айта кетейік, өткен жылы Ішкі істер органдарына отбасында зорлық-зомбылық көру бойынша 99 026 факті тіркелген.

Тілге тиек етсек, соңғы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары қоғамда жиі қозғалып, жәбірленушілер көрген азабын ашық айта бастады.

Еске салайық, Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсететіні, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы ақпарат тараған еді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Атырау облысында аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты.

Әйелдің айтуынша, күйеуі оған бірнеше рет қол көтерген. Зәбір көрген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Одан бөлек, Алматыда лифтінің алдында әйелді аяусыз ұрып-соққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы бір жайт, Семей қаласында болды, сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді.

20 мамырда хабарлағанымыздай, әлеуметтік желіде көшеде беймәлім ер адамның көліктің жанында әйелді ұрып жатқаны таспаланған видео тарады.

Видеодан еркектің әйелді шашынан сүйреп көлікке қинап мінгізбек болған сәтін байқауға болады. Болмаған соң әйелді ұрып-соғып, көлікке мініп кетіп қалады. Кейін анықталғандай, оқиға Тараз қаласында болған.

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.