Талдықорған: +35°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ИНТЕРНЕТТЕГІ АЛАЯҚТЫҚ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСКЕН. БАС ПОЛИЦЕЙДІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

17.11.2021
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ИНТЕРНЕТТЕГІ АЛАЯҚТЫҚ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСКЕН. БАС ПОЛИЦЕЙДІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-Министр Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Селекторлық режимдегі жиынға Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

Комиссия отырысында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

2021 жылдың 10 айында Қазақстанда тіркелген интернет-алаяқтық фактілерінің саны 17,8 мыңды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есеге жуық көп. Интернет-алаяқтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек тіркелген.

Кибер-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері – интернет-хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем не толық төлем алу (8,2 мың факт), микрокредиттік ұйымдардың сайттарында жалған онлайн-қарыз ресімдеу (2,7 мың), банктердің қауіпсіздік қызметтерінің атынан қоңырау шалу арқылы банк шоттарынан ақша ұрлау (2,3 мың), түрлі жобаларға, ойындарға және басқа тиімді ақша салуды ұсыну (1,9 мың), жалған сілтемелер жіберу арқылы жеке деректерді немесе ақшаны иелену (1,3 мың) және басқалар бар. Бұл ретте алаяқтар шығыс нөмірлерін қазақстандық ұялы операторлардың абоненттік нөмірлеріне ауыстыру бойынша хакерлік бағдарламаларды қолданады.

Интернет-алаяқтықпен күресу мақсатында ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерін кадрлық және техникалық қамтамасыз ету күшейтілді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі биылғы сәуір айында онлайн микрокредиттер беру кезінде қарыз алушыларды сәйкестендірудің жаңа тәртібін енгізді. Сәйкестендіру үш тәсілдің бірімен жүргізіледі, атап айтсақ: ЭЦҚ арқылы, қарыз алушының биометриялық параметрлерінің сәйкестігін салыстырып тексеру, жеке деректерді екі факторлы тексеру және нақты уақыт режимінде тұлғаның бейнесін тексеру.

2021 жылдың 10 айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жүргізуші тәртібіне бақылау күшейтілді. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 мыңға жуық жүргізуші ұсталды, 5 мың қарсы қозғалыс жолағына шығу жағдайының жолы кесілді. 24,5 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, оның ішінде 1,3 мыңы өмір бойы көлік жүргізе алмайды. 20 мың ереже бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 220,5 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Ішкі істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған жол картасын бекітті. Биыл апатты-қауіпті учаскелерде 50 мың шаршы метрден астам шуыл жолақтары, 220 жарықдиодты жол белгісі, 55 мың жарықдиодты катафот және 400 жол буфері орнатылды. Қалалар мен елді мекендерді айналып өтетін жолдар, жерүсті жаяу жүргіншілер көпірлері салынып жатыр. Техникалық тексерістен жалған өткені үшін Техникалық байқау орталықтары мен автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Үкімет басшысы азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін және олардың ақшалай қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Премьер-Министр жолдардағы апаттардың алдын алу және оларды азайту шараларын одан әрі жетілдіру, өңірлерде бірыңғай көлік саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Комиссия отырысында көтерілген мәселелерге байланысты Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құзырлы органдарға тапсырма беріп, жол апанының алдын алу жұмыстарын жаңаша жандандыруды, әсіресе, Алматы қаласының іргесінде орналасқан аудандарға үлкен мән беруді ерекше атап өтті. Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізгені үшін өмір-бақи көлік басқару құқығынан айырып, жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемін еселеп көбейту керектігін айтты.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.