Талдықорған: +23°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ӘКЕ ӨСИЕТІ

06.05.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ӘКЕ ӨСИЕТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Егер соғыс болмаса ата-ананың ерекше қамқорлығы мен аялы алақаны астында, бал құрақтай жетіліп, балалық шағын бақыт құшағында өткізетін ұлдардың бірі Өкен Әбілмәжінұлы болар ма еді? Бұл сауалға жауап жоқ. Есесіне сәби шағынан соғыстың елге әкелген ауыртпалығын көзбен көріп, көкірегіне тоқыған, қазір Басши ауылында тұратын, Панфилов және Кербұлақ аудандарының «Құрметті азаматы» атанған Өкен қария майданда қаза тапқан әкесі мен соғыс зардабынан өмірлері қысқа қайырылған құрбы-құрдастарын егіліп еске алады.

Әкесі Әбілмәжін Құрманбайұлы бұрынғы Октябръ ауданының Қоңырөлең ауылдық кеңесіне қарасты Сарытөбе ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ерте бастаған. Ауыл молдасынан хат таныған көкірегі ояу, көңілі зерек жан өткен ғасырдың басындағы жаңа қоғамдық құрылысқа белсенділікпен араласып, ауылдастарының көшін бастады. Қоңырөлең өңіріндегі алғашқы мойынсерік, артел, ұжымдық шаруашылық құру жұмыстарының жетекшісі болды. Халық комиссарлар кеңесінің 1930 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен Қазақстанда 17 кеңестік қой шаруашылығы ұйымдастырылып, оның екеуі Алматы обылсында құрылыпты. Міне, осы шешім бойынша жер жағдайы мал өсіруге қолайлы Қоңырөлеңде № 8 кеңестік қой өсіретін шаруашылығы жұмыс істей бастады. Кейінен ол «Октябръ» асыл тұқымды қой шаруашылығы атанды.

Осы өңірдегі алғашқы коммунистердің бірі Әбілмәжін Құрманбаев 1934 жылы ақпан айында Сарытөбе фермасының партия ұйымының хатшысы болып сайланған. Алғыр азамат көп ұзамай Алматы қаласындағы кеңестік қызметкерлер дайындайтын жұмысшылар факултетіне оқуға жіберіліп, оны 1939 жылы тамамдап, Қазақстан орталық партия комитетінің арнайы жолдамасымен «Октябрь» аудандық партия комитетіне саяси қызметке жіберліді.

Білімді басшы, саяси жетік азамат соғыс басталардың алдында «Октаябръ» аудандық «Социалистік жол» газетінде редактор болған. Газет редакторлығынан кейін аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, идиология жөніндегі хатшы қызметтерін атқарды. Ол кісіге дейін осы аудандық газетте Жаркент өңірінің жұртына есімдері жақсы таныс Зейнел Кіндікбаев, одан кейін Мәмет Айғырбаев редактор болып қызмет атқарған. Бұл тұлғалар қазақ журналистикасының өңірдегі алғашқы қарлығаштары десе де болады. Зейнел мен Мәмет ақсақалдар соғыстан аман орылып, көзі тірі кезінде Қоңырөлеңге Өкен Әбілмәжінұлын арнайы іздеп келіп, әкесі тұралы естеліктер айтушы еді. Кейін Өкен Әбілмәжінұлы «Октябрь» қой кеңшарының директоры қызметін атқарғанда Мәмет Айғырбаевпен қызметтес те болды.

– Әкем 1941 жыл соғысқа аттанып, содан оралмады. Бір білетініміз майданда атты әскер қатарында соғысқаны. Майданнан жазған соңғы хатында Белоруссия жерінде атты әскер қатарында ұрыста жүргенін айтқан еді. Сол хатында бізге естелік ретінде суретін жіберіп, оны осы күнге дейін көздің қарашығындай сақтап бүгін газетке ұсынып отырмын, – дейді майдангердің баласы. – Сұрапыл соғыс алдында дүниеге келген, оның зардаптарын бастан бірге өткерген ұрпақтан қазіргі күнге санаулымыз ғана жеттік. Олардың көбі зейнеткерлікке де жетпей дүниеден өтті. Оның себебі сол қиын күндердегі, ашаршылық пен жоқшылықтың салдары ғой деп ойлаймын. Демалыс кездерінде шешелерімізбен бірге кеңшардың әртүрлі шаруасына қатынасатынбыз. Ал бесінші сыныптан бастап қоғамдық өндірістің белді жұмысшыларына айналдық.

Әбілмәжін Құрманбаев өте білімді адам болған екен, арап, латын, орыс қаріптерінде сауатты жаза білген. Отызыншы жылдардағы халықты жаппай сауаттандыру науқанында ауылдастарына хат танытып, жастарды жаңа тұрмысқа бейімдеген. Мұнысын кейін Коңырөлеңде көп жыл мәзім болып діни қызмет атқарған Әбілғазы Сыдықұлы деген қария, отызыншы жылдарда Әбілмәжін Құрманбайұлынан білім алғанын айтып отыратын. Соғысқа кетерде барлық кітаптарын жәшіке салып шегелеп қалдырған екен. Сол кітаптар кейін ұрпағының игілігіне қалды.

Қазір ой елегінен өткізсе ауылдастары арасында соғыстан зардап шекпеген отбасы кемде кем. Бұлар тұрған үйдің ауласынан Ұлы Отан соғысына алты азамат аттанып, солардың тек біреуі ғана елге аман оралыпты. Соғысқа 18 бен 50 жас арасындағы ер адамдар шақырылғандықтан 1941 жылдан 1947 жылдарға дейін балалардың өмірге келуі күрт қысқарды .Соғыстан кейін сәбилердің үні тек 1951 жылдан бастап естіле бастады. Осындан-ақ соғыс қазақ елінің өсуін қаншалықты тежегенін аңғаруға болады.

Саналы өмірін кеңес үкіметінің қалыптасуына арнаған, отан үшін жанын қиған азаматтың ұрпағы ретінде Өкен Әбілмәжінұлы ауылдас ағайынға, мектептегі жеткіншек жастарға өз басынан өткерген қиындықтарын айтып, тәуелсіздік тағылымына әр кез үн қосып отырады.

– Біз соғыстың алдында туғандар өмірдің ащы – тұшысын аяусыз тартқандармыз, – дейді Өкен аға әңгімесінің арасында балалық шағын еске түсіріп. – Сол сұрапыл жылдарда балалық шақты бірге өткізген құрбыларымызды еш ұмытпаймыз. 1945 жылы сегіз жасымда мектеп табалдырығынан аттадым. Нұрым ауылындағы бастауыш мектепте оқып жүрген сыныптастарымның 1946 жылы түскен суретіміз сақталыпты. Сол суреттегілердің бүгінгі күнге аман жеткені санаулы. Олар Әбдіманан Ілімжанов, Әбдібек Нүсіпов және мен. Басқалары біртіндеп өмірден озды.Балалық шағын қиындықта өткізген осы сыныптастарымды Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, оларға қалған өмірлерінің мәнді, сәнді болып балаларының, немере, шөберелерінің қызығын көрсе деген тілек білдіргім келеді.

Ес білгелі ауыл шаруашылық өндірісінде еңбек еткен, өзі туып-өскен ауылында «Октябрь» асыл тұқымды қой шаруашылығының директоры қызметін атқарған, қазір зейнеткерлік демалысқа шықса да өндірістен қол үзбей жеке шаруа қожалығының жұмысын жандандырып жүрген зиялы қария Өкен Әбілмәжінұлының тіршіліктен түйгені көп. Ол соғыс құрбаны болған әкесі жайлы, ауыр жылдардағы ауылдастары мен туыстары, қатар құрбыларының өмірі туралы көптеген ғибратты естеліктерін қағазға түсіріп, хаттап жүр. Салиқалы кітапқа салмақ боларлық бұл естеліктердің бәрін бір мақаланың ауқымында қамту мүмкін емес. Біз тек сұрапыл соғыстың бір адамның тағдырына қаншалықты әсер еткенін қысқаша айтуды мақсат еттік. Өмірге енді келер ұрпақ сол бір соғысты тарих кітабынан оқып тағылым алар. Ал соғысты көзбен көріп, бастан өткергендердің айтары басқа. Жеңістің 77 жылдық тойы қарсаңында ол айтылуға да тиіс.

Мырзағали Нұрсейіт
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.