Талдықорған: +22°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«ӘЛІ ТАЛАЙ АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫН ТАЛҚАНДАУЫ МҮМКІН»: ҰЗЫНАҒАШТЫҚТАРДЫҢ ТАЛАБЫ

10.06.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
«ӘЛІ ТАЛАЙ АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫН ТАЛҚАНДАУЫ МҮМКІН»: ҰЗЫНАҒАШТЫҚТАРДЫҢ ТАЛАБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұзынағаштықтар бас көтерді: Трассада екі аптада үш баланы көлік қаққан» деп басталатын хабар КТК телеарнасынан берілді және соған сілтеме жасап басқа да ақпарат құралдарында жарияланды. Онда мектеп оқушысын жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда қағып, ауыр жарақаттан 13 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатқаны айтылған. Жантүршігер жайтты естіген ауыл тұрғындары жиналып, елді мекеннің шыға берісіндегі республикалық трасса қауіпті жолға айналғанына наразылық білдіріп, «Сергек» камерасын орнатуды талап еткен.

Мұнда жол апаты жиілеген соң жаяу жүргінші жолағы сызылғанымен, жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүргізушілерге ол белгі тосқауыл болмай тұрғаны, баланың бауыры езіліп, миы шайқалғаны баяндалып, «Көлік қозғалысын реттеу үшін міндетті түрде адам қазасы болу керек пе» дейді тұрғындар Гүлзира Қанатбек пен Айбаршын Асанова. Шулаған халықтың арасына дереу жеткен «Қазавтожол» мекемесінің өкілдері жаяу жүргінші жолағы мен белгісін көбейтуден басқа қолдан келер шара жоқ деп қысқа қайырған. Ауылдық округ әкімі Бақыт Бейсембеков қауіпті жолға бейнебақылау камерасын орнату ұсынысы тиісті органдарға жолданғанын айтқан. «Қара жол әлі талай адамның тағдырын талқандауы мүмкін», — дейді төзімі таусылған жұрт.

Мәселенің мән-жайын аудандағы құзырлы орындардан айқындап көрдік. Алдымен баланың жайын білдік. Аудандық орталық аурухана директоры Дамир Сұраужановтың мәліметінше, Пейіл Тілеуберді ауруханаға 6 маусымда жол-көлік оқиғасынан өте ауыр жағдайда түскен. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, кеуде мен ішінің жабық жарақаты, көк бауыры езіліп, ішке қан кету, шошыну диагнозы қойылған. Сол жақ бұғанасы сынған. Оған дәрігерлік көмек көрсетіліп, ота жасалыпты. Үшінші тәулікте жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Өзіне келіп, қазір жағдайы бірқалыпты. Емдеу мәселелерін шешу үшін Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасынан нейрохирург пен травматолог мамандары шақырылып, олардың кеңесімен 10 маусымда аталған балалар ауруханасына ауыстыру ұсынылды. Бұдан әрі сонда ем қабылдамақ.

Аудандық білім бөлімінен Пейілдің аудан орталығындағы Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектепте оқиды. Отбасында 3 бала, інісі мен қарындасы бар. Ата-анасы мен бауырлары Қытайда. Отбасы жағдайына байланысты көшіп келе алмайды екен. Пейіл Ұзынағашта әкесінің әпкесі Гүлзира Қанатбекпен бірге тұрады. Тәртібі, үлгерімі жақсы, сабақтан қалмайды, ұқыпты бала.

Аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы Асхат Жанбосынов оқиға Ұзынағаш ауылының батыс жақ шетінде Қарасай батыр көшесінде болғанын айтты. Жаяу жүргінші жолағында Пейілді Қытайда шығарылған шағын жүк көлігі қағып кеткен. Ол жерде бейнебақылау камерасы жоқ. Жүргізуші Қазыбек бек ауылының тұрғыны. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Бала ауруханадан шыққан соң сот-медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысына қарай іс сотқа жолданады. Егер зардап шегуші мен кінәлі тарап өзара келісімге келіп жатса, ол да ескерілмек.

Оқиға ауыл мен мал базарының арасында болған, мұнда жүк көліктері көп жүреді. Аудан әкімінің бірінші орынбасары Абзал Нұрпейісовтің айтуынша, «Сергек» құралын қою ауданның құзырында емес, республикалық деңгейде шешіледі.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Алматы облысы
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.