Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шаралары барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбасы бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты әшкереледі.
Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағында антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған. Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу-бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





