Заң – баршаға ортақ. Сондықтан да әрбір азамат Заң аясынан тыс өрескел қателік жасаса онда міндетті түрде заңда белгіленген ретте және тәртіпте бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасын өтеуге міндетті. Айыппұл ақшалай түрде мемлекет пайдасына алынады.
Айыппұл – бұрыннан келе жатқан жаза түрі. Алдында айтылғандай, айыппұл дегеніміз – қылмыс жасағаны үшін салынатын, әдетте мемлекет пайдасына өндіріп алынатын ақшалай қаражат. Айыппұл салу өз кезегінде қылмыс жасаудың нәтижесінде мемлекетке немесе жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықта – жазалаудың негізгі немесе қосымша шарасы ретінде қолданылады. Азаматтық құқықта – өнімдер мен тауарлар жеткізу жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындамағандығы үшін жеке мүліктік емес құқыларға нұқсан келтірілген кезде қолданылады. Ал әкімшілік құқықта – әкімшілік құқықтың бұзылуына кінәлі тұлғаларға судьялар, уәкілетті органдар (ішкі істер бөлімі, өрттен қорғау, санитарлық, мал дәрігерлік қадағалау және т.б.), лауазымды адамдар айыппұл тартқызады; Іс жүргізушілік құқықта – заңда көзделген сот мәжілісінің тәртібін бұзған реттерде және мөлшерде сот айыппұл сала алады. Міне, осындай мемлекет пайдасына өндірілетін айыппұлды барынша тиімді игергеніміз жөн.
Айыппұл біздің ғана емес, әлемнің барлық елінің қылмыстық заңдарында кеңінен қолданылады. Дүние жүзі бойынша Англия, Франция мен АҚШ-та қолдану жиілігі бойынша ең таралған жазалау шарасы екені белгілі. Ал Германия айыппұлды маңыздылығы жөнінен екінші орынға қояды. Қазақстанда айыппұлды қолданудың ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді.
Айыппұл көлемін анықтаған кезде әрбір нақты жағдайда оның мөлшері сотталушы жасаған қылмыстың ауырлығына байланысты саралануы қажет. Егер сотталушы сот тағайындаған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарса, онда жаза түрі бас бостандығынан айыру секілді анағұрлым ауыр жаза түріне өзгертіледі.
Елімізде пара алушылар үшін жаза бір. Олар Заң алдында міндетті түрде жауап береді. Пара алушы 50-80 еселік сома, 15 жылға бас бостандығынан айыру. Бұл қылмысына қарай өтейтін жазасы. Бұл сыбайлас жемқорлық қылмысының ішінде жүрген делдалдар үшін параның 10-20 еселік сомасы, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Сараланатын белгілерге байланысты жаза тағайындалады.
Айыппұл көлемін анықтаған кезде әрбір нақты жағдайда оның мөлшері сотталушы жасаған қылмыстың ауырлығына байланысты саралануы қажет. Егер сотталушы сот тағайындаған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарса, онда жаза түрі бас бостандығынан айыру секілді анағұрлым ауыр жазаға өзгертіледі. Сот тәжірибесі көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 11 лауазымды тұлғаға айыппұл түрінде жаза тағайындады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша, сотталушы тұлғалар бюджетке 300 миллион теңгеден аса айыппұл төлеген.
Асан СЕЙДІҒАПАР,
Жетісу облыстық өңірлік жеке сот орындаушылар
палатасының жеке сот орындаушысы