Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Салық кодексі тағы өзгерді

21.12.2023
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Салық кодексі тағы өзгерді
WhatsAppTelegramFacebook

2023 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң ресми түрде жарияланды. Жаңа заң 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 

Әзірге жаңа Салық кодексін қабылданған жоқ, тек қолданыстағы салық заңнамасына белгілі бір түзетулер мен өзгерістер енгізіліп жатыр. Осы өзгерістердің қыр-сырын білу үшін inbusiness.kz тілшісі арнайы маманмен тілдесті. 

Жалпы Салық кодексіне жаңадан өзгерістер енгізу қажеттілігі үкіметтің 2030 жылға дейін 100 млрд теңге жинау ойымен түсіндіріледі. Құзырлы министрлік кірістерді екі тәсілмен көбейтуге болады деп есептейді. Оның біріншісі, бұл көлеңкелі экономикамен күрес (салық базасын ұлғайту). Ол үшін әкімшілендіру мен цифрландыруды жақсарту қажет. Салық сарапшысы Ғалия Нүридің айтуынша, дәл осы бағытта кодекске біраз өзгерістер енгізілді. 

«Негізгі өзгерістердің дені салықтық әкімшілендіруге қатысты болды. Бұрын салық төлеушілер кассалық, тауарлық чектер мен  ауысымдық есептері бар кассалық кітаптарды сақтауға міндетті болатын. Енді егер салық төлеуші фискалдық органдарға бірден ақпарат жіберетін функциясы бар бақылау-кассалық аппаратын қолданса, онда оған ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптарын және чектерді сақтаудың қажеті жоқ. Осының арқасында салық төлеушіге жүктеме айтарлықтай төмендейді. Ал мұндай құрылғысы жоқ (ондайлар жоқ есебінде — ред.) жоғарыда аталған құжаттарды мүлдем сақтамайды», — деп түсіндірді Ғалия Нүри. 

Әкімшілендіру бөлігіндегі маңызды өзгерістердің тағы бірі — тақырыптық тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін тағы бір себептің (негіздің) енгізілуі. 

«Тақырыптық тексеру жүргізудің тағы бір негізі қосылды — бұл салық органы осы Кодекстің 120-1-бабында көзделген шектеулері (яғни, бұрын салық органы салық төлеушіге электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша шектеулер қойған болса) бар салық төлеушілермен өзара есеп айырысу бойынша салық міндеттемесін айқындау мақсатында тақырыптық тексеруді жүргізіледі», — деді сарапшы. 

Сондай-ақ, Салық кодексі тағы бір тармақпен толықтырылды: егер салық органы салық төлеушілерге электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда орган салық төлеушіні жазбаша түрде және қол қою арқылы хабардар етуге міндеттеледі, яғни бұрын мұндай норма болмаған және тиісінше салық төлеуші хабарламаны порталда тек электрондық тәсілмен алған, салдарынан кейбір салық төлеушілер дер кезінде хабарламаны көрмей қалған жайғдайлар тіркелді. Өйткені аталмыш жүйеде салық төлеуші бұғатталған жағдайда, ол хабарламаға қол жеткізе алмаған деген сөз.

Ең бастысы, жеке тұлғалардың кірістеріне және жеке табыс салығына салық салуға қатысты Салық кодексінің 319-бабына Жеке табыс салығы салынатын табыстарға жатпайтын кірістер бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді. 

«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін кәсіптік табыс түрлері, несие міндеттемелерін кешіру сомасы кіріс деп танылмайды. Яғни, егер микроқаржы ұйымы немесе банкте жеке тұлғаның несиесі болса және оған сәйкес берешек кешірілсе, онда бұл қарыз жеке тұлғаның кірісі болып есептелмейді. Ал қарыз алушы несиесін басқа банк арқылы жабатын болса да, алынған қаражат «табыс» деп қарастырылмайды. Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы заңына сәйкес, мақсатты жинақтар: білім беруге арналған депозиттер де табыс болып табылмайды», — деп түсіндірді сарапшы. 

Сондай-ақ, егер адам бұрын қандай да бір жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алса және одан әрі осы жұмыс түрлері мен қызметтердің құнын үнемдеу арқылы олардан материалдық пайда көрген жағдайда, аталмыш қаражат салық салынатын табыс санатына жатқызылмайды. 

Жалпыға бірдей декларациялау бөлігінде 250-00 салық есептілігі формасын ұсыну бойынша да өзгерістер енгізілді. 

«Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларация беру бойынша міндеттемелері бар әрбір жеке тұлға жыл сайынғы негізде кіріс декларациядан кейін берілетін 270 формасын тапсыру мерзімі өзгертілді. Сонымен декларацияны осы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей және есепті күнтізбелік жылдан кейінгі 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру керек», — деді спикер. 

Республикалық бюджет кірісін арттырудың екінші тәсілі — салық ставкасын өсіру. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, ҚҚС мөлшерлемесін арттыру бойынша шешім қабылданды. 

«ҚҚС жанама салық болып табылады және ол бизнес үшін салық жүктемесінің коэффициентіне қатыспайды. Сонымен қатар, осы салық есебінен республикалықә бюджетке ең үлкен түсім түсетінін ескерген жөн. Сондықтан мөлшерлемені 12 пайыздан 16 пайызға дейін арттыру ұсынылады», — деп түсіндірді вице-министр. 

Жалпы Салық кодексі — жиі өзгеріске ұшырайтын құжаттардың бірі. 2009 жылдан бастап Салық кодексі 111 ілеспе заңдармен, яғни жылына шамамен 16 заң, барлығы 2300-ден астам бапқа түзетулер енгізілді.

Материал толықтай inbusiness.kz-тен алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.