Талдықорған: +9°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сарыөзек гарнизонында «Десант-2025» оқу-жаттығуы өтті

22.09.2025
КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Сарыөзек гарнизонында «Десант-2025» оқу-жаттығуы өтті

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Сарыөзек гарнизонында орналасқан «Көктал» оқу-жаттығу полигонында «Десант-2025» екі жақты, екі кезеңді командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді фазасы өтті. Бұл маневрлерге Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 3000-нан астам әскери қызметшісі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

Оқу-жаттығу бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дайындық жағдайындағы іс-қимылын жетілдіруге бағытталған біртұтас стратегиялық міндет аясында ұйымдастырылды. Әсіресе, бөлімшелердің белгіленген ауданға марш жасауын, рейдтік жасақ пен жалпыәскери резерв құрамында ұрыс жүргізуге дайындығын үйлестіруге баса назар аударылды.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов өз сөзінде мұндай оқу-жаттығулардың Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік қабілетін арттырудағы маңызын атап өтіп, жеке құрамды даярлауда жаңа әдістер мен технологияларды енгізудің өзектілігіне ерекше тоқталды.

– Мұндай жаттығулар – жай ғана тексеру емес, бұл бөлімшелердің үйлесімділігін көрсетуге, олардың шынайы жауынгерлік қуатын сынауға және өз күшіне деген сенімді нығайтуға берілген маңызды мүмкіндік, – деді Қорғаныс министрі.

«Десант-2025» оқу-жаттығуының ерекше тұсы шынайы ұрыс жағдайына барынша жақындатылған жаңа, серпінді форматта өтуі болды. Алғаш рет барлық деңгейдегі басқару органдары мен десанттық-шабуылдау бригадаларының 800-ден астам әскери қызметшісі жауынгерлік құжаттарды әзірлеп, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап, төрт тәулік бойы қорғалған командалық пункттерде жұмыс жүргізді. Бұл жаттығудың шынайылығы мен жеделдігін едәуір арттырды.

Оқу барысында заманауи ұрыс жүргізу технологиялары, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары кеңінен қолданылды. Олар әуеден барлау жүргізу, авиация мен артиллерияның оқ атуын түзету, қарсы тарапқа соққы беру және бөлімшелерді нақты уақыт режимінде басқару сияқты міндеттерді тиімді атқаруға мүмкіндік берді. Бұл шешім қабылдауды жеделдетіп, ұрыс даласындағы іс-қимылдардың тиімділігін арттырды.

Қарулы күштер түрлерінің өзара іс-қимылын пысықтау үшін жаттығуға армиялық тікұшақтар мен майдандық авиация ұшақтары тартылды.

Логистикалық қамтамасыз ету мақсатында С-295 ұшақтары қолданылып, оқ-дәрі, дәрі-дәрмек, азық-түлік пен өзге де материалдық құралдар жеткізілді. Сонымен қатар ПГС-500 парашюттік-жүк жүйесі мен болашағы зор АПСДГ-500 автоматтандырылған жүк жеткізу жүйесі де пайдаланылды.

«Десант-2025» оқу-жаттығуы барысында жалпы саны 50-ден астам артиллериялық қару-жарақ, 30-ға жуық сауытты техника және 250-ден астам автокөлік тартылды.

Оқу-жаттығу Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тактикалық шеберлігін жетілдіру мен жауынгерлік даярлығын арттырудағы маңызды кезеңге айналды. Бұл – еліміздің қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қорғаудың берік кепілі. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов Алматы гарнизонының әскери бөлімдеріне барды. Командирлердің баяндамаларын тыңдап, әскери нысандарды аралаған соң, Қорғаныс министрі оқу-жауынгерлік міндеттердің сапалы орындалуын, әскери инфрақұрылым нысандарының, әскери техника мен авиацияның жұмыс жағдайында болуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Қатысты жаңалықтар

Жүлдегер жастар – ел мақтанышы

Жүлдегер жастар – ел мақтанышы

17.04.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

17.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия форумына қатысуға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия форумына қатысуға барды

17.04.2026
Қазақстанда фильмдерді прокатқа шығару тәртібі өзгерді

Қазақстанда фильмдерді прокатқа шығару тәртібі өзгерді

17.04.2026
Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

17.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.