Талдықорған: +7°C
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ШЕГАРАҒА ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІП КЕРЕК

15.06.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ШЕГАРАҒА ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІП КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Соның ішінде ел шебін қорғап, шегарашы болу тіптен бөлек. Тыныштық пен мемлекеттің қауіпсіздігін көздің қарашығындай қорғау шегарашыларға жүктелген. Жауапкершілік пен қатаң әскери тәртіпті талап ететін шегара шебінде қызмет ету үшін не істеу керек, әскери жоғары оқу орындарында білім алу үшін қандай жағдай жасалған? Осы сұрақтардың жауабын білу мақсатында ҚР ҰҚК шегара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы, подполковник Асқар ТАЛҒАТОВПЕН аз-кем дидарласудың сәті түсті.


– Асқар Қайратұлы, мектеп түлектеріне шегарашы офицер болу үшін қандай әскери жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік бар? Оқуға түсу үшін қандай талаптар қойылады? 
– Бізде ҚР ҰҚК шегара академиясы бар. Департамент облыс бойынша 90 үміткерді іріктеп, конкурстық комиссияға жолдады. Еліміз бойынша оқуға түсуге 450-ден астам үміткер бар. Облыс бойынша іріктеуден өткен 90 адамның барлығы сынақтан өтсе, 70-і біздің шегара қызметі академиясына, 20-сы Ресей федерациясы мен Түрік әскери жоғары оқу орындарына жіберіледі. Жыл сайын мектепті және колледжді тамамдаған жастар арасында іріктеу жүргіземіз. Былтыр облыс бойынша 80 түлектің 37 үміткері оқуға түсті. Денсаулық жағдайы және ҰБТ-дан 50 балдан төмен болмау керек. Маусым айының соңында Алматы облысы Іле ауданы Қараой елді мекеніндегі  далалық орталығында тапсырады.  Сонымен қатар, әскери қызметте жүрген 24 жасқа толмаған  сарбаздар мен келісімшартпен жұмыс істеп жүрген 25 жасқа толмаған қызметкерлер де офицер болу үшін жоғары оқу орнына тапсыра алады. 

– Әскери оқу орнын бітірген соң офицерлерге қандай әлеуметтік жағдай қарастырылған?
– Ел шетін кірпік қақпай күзететін шегарашылардың еңбегі ерлікпен пара-пар. Ұлттың тұтастығы мен қауіпсіздігі осы шегарашылардың қолында. Сондықтан қызметкерлерге бар жағдай жасалады. Мәселен, жұмыс істеп жүріп оқимын, білімімді шыңдаймын деген сарбаздарға оқуының жарты ақшасы төленеді.  Қызметтік тұрғын үймен немесе ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Киім-кешек беріледі және тегін медициналық көмек көрсетіледі. Оқу орындарын бітіргеннен кейін курсанттарға «лейтенант» әскери атағы беріліп, ҰҚК шегара қызметінің бөлімшелерінде жұмыспен қамтамасыз етіледі. 

– Офицер атағын алу үшін жоғары білімі бар азаматтық және келісімшарт әскери қызметшілерін даярлаудың қосымша курстары қарастырылған ба?
 – ҚР ҰҚК шегара қызметі ҚР ҰҚК кадрлар департаментімен бірлесіп ҰҚК шегара академиясында 6 айлық курста «лейтенант» әскери атағын бере отырып, 80 тыңдаушыны даярлау мәселесін пысықтады және ҚР ҰҚК академиясында 6 айлық қайта даярлау курстары бар. 

– Шетелде қандай әскери оқу орындарына түсуге мүмкіндік бар? 
– Түркияда медицина, құрлық әскері, әскери теңіз академиясы мамандықтары бойынша білім алады. Ресей федерациясынан 12 мамандық бойынша оқып шығады. Тылдық, техникалық қамтамасыз ету, әскери журналистика, экономика, радиохимиялық қорғанысты қамтамасыз ету, арнайы мақсаттағы жасақтарды дайындау, десантшылар, әскери теңіз және инженер мамандықтары. 

– Шегара шебінде маман тапшылығы бар ма?
– Көбіне шегара шебіне азбейінді медицина, әскери ветеринария, элек-трик, техникалық мамандықтар тапшы. Біз шегара маңындағы ауыл жастарын шамамыз келгенше жұмысқа тартуға тырысамыз. Мәселен, Суықсай ауылындағы «Арасан» шегара заставасында қызметкерлердің 95 пайызы сол ауылдың тұрғындары. Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен шегара қызметі басшылығының шешімімен әскерге келген облыс азаматтары өзіміздің аймақта қызмет атқарады. 
Әңгімеңізге рахмет! 

Сұхбаттасқан. А.НАЗАРҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 171 мың өтініш орындалды

«Ұлттық қор – балаларға»: 171 мың өтініш орындалды

07.12.2025
Тасқаладан шыққан Тасқамал

Тасқаладан шыққан Тасқамал

07.12.2025
«Жетісу» Бразилияда

«Жетісу» Бразилияда

07.12.2025
Баршаға бірдей бауырмал

Баршаға бірдей бауырмал

07.12.2025
Өз дәуірінің көзі

Өз дәуірінің көзі

07.12.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.