Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтуде. Іс Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Сот процесі Жоғарғы соттың ресми YouTube арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілуде.
Қанды оқиға бойынша қазір 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың арасында кісі өлтіру, бұзақылық және ұрлық баптары бойынша ауыр қылмыстық айыптар бар.
Айыпталушылар тізімі мен тағылған айыптар:
-
Шынасыл Абзал — ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (аса қатыгездікпен, адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу), сондай-ақ 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша айыпталып отыр.
-
Сакиев Равиль — 24-бап 3-бөлігі, 99-бап 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (топ болып, кек алу мақсатында кісі өлтіру), сондай-ақ бұзақылық бойынша айыпталған.
-
Тоқтаубаев Азамат — 293-бап 3-бөлігі және 188-бап 1-бөлігі (ұрлық) бойынша жауапқа тартылып отыр.
-
Әскентай Дархан, Белғожаев Шыңғыс, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Қалиахмет Д. — барлығы 293-баптың 3-бөлігі бойынша (бұзақылық) айыпталуда.
-
Кәмелетке толмаған Ы. — ҚР ҚК 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша жауапқа тартылуда.
Айта кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, жариялылықпен өтіп жатқан сот процесі жұртшылық тарапынан жіті бақылауда. Сот отырысының барысы туралы қосымша ақпараттар алдағы уақытта жарияланатын болады.