Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

СОТ НОТАРИУСКЕ СЕНБЕЙ МЕ?

13.06.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
СОТ НОТАРИУСКЕ СЕНБЕЙ МЕ?

Мұрагерлік жайында сөз болғанда түрлі жылжымайтын мүлік пен автомобиль, депозиттегі ақша, т.б. дүниелер көз алдымызға келе қалады емес пе? Бір қарағанда Жаратқанның қалауымен, ғайыптың күшімен күтпеген байлық әп сәтте үйіліп-төгіліп келе салатын сияқты көрінеді.


Әйтсе де бұл жерде мұрагер өзіне қалдырылып отырған мұраның алғаусыз сыйлық қана еместігін, оның бір мезгілде үлкен жауапкершілік те жүктейтінін ұмытпағаны жөн. Олай дейтініміз, мұрагерге бүкіл дүниемен, қаржы активтерімен қатар мұра қалдырушының бүкіл қарызы да тиесілі болады. Сондықтан да мұрагерге мұраны қабылдау немесе қабылдамау жөнінде маңызды шешім қабылдауға тура келеді.

Ондай шешім қабылдағаннан кейін де барлық мәселе өздігінен шешіле салмайды. Басқа сөзбен айтқанда, жақын адамының, туысының өмірден өтуі оның барлық құқықтары мен мүлкінің мұрагерге автоматты түрде өтетінін білдірмейді. Өмірдің барлық кезеңіндегідей бұл жерде де құқықтық сауаттылық қажет болады.

Әдетте мұраны қабылдау мұра ашылған күннен бастап 6 айдың ішінде нотариуске арыз беру арқылы атқарылады. Дегенмен, күнделікті тіршілік барысында бұл мерзімнің қатаң сақтала бермейтінін де айтып өтуге тиіспіз. Оған көп ретте әдеттегі жайбасарлығымыз немесе қарапайым құқықтық сауатсыздығымыз, т.б. жайттар себеп болып жатады. Тіпті осы мерзім ішінде жақын адамдарымыздың қайтыс болғанын білмей, естімей қалатын жайттар да кездеседі. Әлдебір себептермен, мәселен, шалғай ауылда тұратындығы себепті нотариуске кезінде келе алмай қалатын жағдайлар да орын алады. Мұның аяғы, яғни нотариуске өтініш жасаудың 6 айлық мерзімін өткізіп алудың салдары көп ретте нотариалдық әрекетті жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарылып, бұдан арғы кезеңде сот шырғалаңына әкелуі әбден мүмкін.

Бұл жерде «мүмкін» деген сөзді жайдан-жай жазып отырған жоқпыз. Өйткені, 6 айлық мерзімді өткізіп алған күннің өзінде мұрагердің өзіне тиесілі мүлікке ие болу мүмкіндігі бар. Ондай мүмкіндік «Мұраны іс жүзінде қабылдау» деп аталады.

Мұра іс жүзінде қалай қабылданады? Егер мұрагер жақын туысынан қалған дүниеге өз мүлкіндей қарап қамқорлық танытса, қожалық етсе, мәселен, коммуналдық төлемдерін төлеп, бүлінбей сақталуын қамтамасыз етсе, сол үйде тұрып жатса, сол үйдің бау-бақшасын өсірумен айналысса, оның мұраны іс жүзінде қабылдағаны саналады. Мұрагердің осындай төлемдерді атқарғанын дәлелдейтін төлем түбіртектері, т.б., дүниеге қожалық етуінің нақты дәлелдеріне жатады.

Тірлігінде адамдар бір-біріне қарыз беріп, қарыз алып жатады. Мұра қалдырушы солайша біреуге берген қарызын алып үлгермей қайтыс болып кетсе, борышкер адам алған қарызын оның әйеліне немесе бала-шағасына, басқа да жақындарына әкеліп берсе, ол да мұраны іс жүзінде қабылдау болып саналады.

Бұрындары адамдар бір үйде тіркеуде тұрған болса, ол мұраны іс жүзінде қабылдағанға жатқызылатын. Содан кейінгі кезеңде мұрагер болғысы келетін адамның сол үйде тіркеуде тұрғанымен іс жүзінде басқа үйде тіршілік етуі мүмкін ғой деген де уәж айтыла бастады. Демек, нақты тіркеуде тұру мен нақты бір үйде тіршілік ету екі бөлек мәселе. 

Осындай екіжақты түсінік тудыратын мәселелер көбірек туындайтындықтан нотариустер мұраны іс жүзінде қабылдау мәселесіне аса сақтықпен қарап, нақты қорытынды шығаруға асыға бермейді. 

Нотариуске өтініш жасаудың 6 айлық мерзімін өткізіп алған, бір мезгілде мұраны іс жүзінде қабылдап алғанын дәлелдей алмаған мұрагер құнды дүниені қабылдау мерзімін сот арқылы ғана ұзарта алады. 

Осылайша мұраны қабылдаудың екі түрі – мұраны нотариуске арыз жазу, өтініш жасау арқылы қабылдау және іс жүзінде қабылдау түрлерінің бар екенін көреміз. Бірінші жағдайда мұрагер өзінің мұраны қабылдағысы келетінін жазбаша түрде білдіреді. Екінші жағдайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, мұра іс жүзінде қабылданады.

Тағы бір айта кететін жайт – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» №5 Нормативтік қаулысы бойынша «…Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері мұраның ашылу орны болып табылады», яғни мұра қалдырушының соңғы тұрған жері оның тұрақты тұрған жеріне сәйкес келеді. Соған орай мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса немесе ол жер Қазақстан Республикасы аумағынан тыс аймақта болса, мұраның ашылу орны деп мұрагерлік мүліктің орналасқан орны танылады. 

Айрықша бөліп айта кететін мәселе – нотариуске өтінішпен шығу мерзімі мен мұраны іс жүзінде қабылдау мерзімін өткізіп алғандар сотқа шағымданғанда олардан нотариустің мұра алу құқығы туралы куәлікті беруден бас тарту жөніндегі қаулысы міндетті түрде талап етіледі. Ондай қаулы берілгеннен кейін де сот нотариусті арнайы шақырып, қаулыны не үшін шығарғанын сұрап, мазасын, уақытын алады. 

Бұл жердегі ренішіміздің туындау себебі – нотариус белгілі бір құжатқа куәлік еткен соң ол құжат қолданыстағы заңдылықтың көрінісі болып табылуы тиіс емес пе? Соған қарамастан оны сотқа шақырып: «Неге өйтіп жаздың? Мынау дұрыс па? Анау дұрыс па? Қандай дәлелдерге сүйендің?», – деп заңды күші бар құжатты қайта тексеруден өткізеді. Мұны дұрыс тәжірибе емес деп есептеймін.

Соттың 15-20 минутта біте қоймайтыны тағы белгілі. Оған ең аз дегенде жарты күн, кейде бірнеше күн кетеді. «Сен сотта жүр екенсің, мен жарты күн, бір күн күте тұрайын» деп тұтынушы, келуші қарап отырмайды ғой… 

Өз кезегінде егер сот нотариустерге шынымен сенбейтін болса, одан куәлікті беруден бас тарту жайындағы қаулыны не үшін сұратады, тікелей қарай бермей оны неге сотқа шақыртады деген сұрақтар да туындамай қоймайды… 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, соттардың «Алдымен нотариуске барып кел, бас тарту жөніндегі қаулыны алып кел, сосын бір-ақ қараймыз» деп талап етуі дұрыс емес. Шындығына келгенде, қолданыстағы заңдылық бойынша әр азамат ешқандай дәлел, дәйектемесіз-ақ сотқа жүгінуге құқылы.

Нотариус мұраны қабылдау жөніндегі куәлікті беруден бас тартса, демек азаматтың нақ сол сәтте мұраны қабылдау құқығының болмағаны. Оның арыз, өтініш беру мерзімін қалай өткізіп алғаны маңызды емес. Соған орай мұрагер даулы мәселенің бәрін сот арқылы шешіп алғаннан кейін ғана нотариуске жүгінуі тиіс. 
Осынау өзекті мәселе тиісті орындар мен жауапты басшылардың назарына ілігер деген үміттеміз.

Гүлнар НЕТАЛИЕВА,
нотариус
Текелі қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.