Сталкинг – бір адамның екінші адамның келісімінсіз тұрақты түрде бақылау немесе қысым көрсетуі. Бұл әрекеттерге қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желі арқылы бақылау, жұмыс немесе үй мекен-жайына келу жатады.
Цифрлық сталкинг – әлеуметтік желілер, мессенджерлер, электрондық пошта арқылы адамның өміріне бақылау жасау. 2025 жылғы ресми деректерге сәйкес, полицияға тіркелген сталкинг оқиғаларының шамамен 25%-ы онлайн бақылаумен байланысты.
Заңдық жағы
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа 115-1 бап – «Сталкинг» енгізді. Заңда сталкинг «адаммен байланыс орнатуға және (немесе) оның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықсыз айтарлықтай зиян келтіретін әрекеттер» деп анықталған.
Сталкинг үшін жауапкершілік:
- 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмысы;
- Қоғамдық жұмыстарға 200 сағатқа дейін тарту;
- 50 тәулікке дейін қамау.
Қылмыстық қудалау жеке өмірге қол сұғу, қозғалыс еркіндігін шектеу немесе психологиялық қысым сияқты нақты зиян болған жағдайда ғана басталады. Дәлелдер ретінде скриншоттар, қоңыраулар жазбалары және бейнежазбалар қолданылады.
Сталкингтен қорғану жолдары:
- Жеке ақпаратты қорғау – әлеуметтік желілерде мекен-жай, телефон нөмірі, жұмыс орны туралы мәлімет жарияламау.
- Құпиялық параметрлерін қолдану – профильді жабық ету, белгісіз адамдардан хабарламаларды шектеу.
- Күнделікті әдеттерді өзгерту – жолдар мен уақыт кестесін әр түрлі ету, жолдастармен бірге жүру.
- Құқық қорғау органдарына хабарлау – күдікті әрекеттерді дереу полицияға хабарлау, қажет болса қорғау орденін алу.
- Цифрлық қауіпсіздік шаралары – электрондық пошта мен телефондағы құпиялылық параметрлерін жаңарту, қосымша нөмір немесе жеке почтаны пайдалану, парольдерді жиі өзгерту.
Сталкинг тек жеке адамның емес, қоғамның қауіпсіздігіне де әсер етеді. Заң аясында әрекет ету – құқықтарды қорғаудың негізгі жолы.
Сандира Қасымғали
ЖУ-дің студенті





