Талдықорған қалалық соты Қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратынан қару-жарақ ұрлады деп айыпталған алты адамға қатысты үкім шығарды.
Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сот шешіміне сәйкес, алты айыптаушы үш жылға бас бостандығынан айырылған. Мәлімдемеде олардың аты-жөні ашық айтылмады.
Мәліметке қарағанда, Қаңтар оқиғасы кезінде сотталушылар полиция ғимаратынан қару-жарақ ұрлап, оларды сату үшін тағы төрт адамды өз қатарына қосқан. «Сатып алушылар» ретінде барған құқық қорғаушылар оларды қамауға алған.
Фото: ашық дереккөзден





