Талдықорған: +16°C
$ 474.04
€ 555.01
₽ 6.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда оқушыларға есірткі туралы кең көлемді түсіндіру жұмысы жүргізілді

15.05.2026
КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Талдықорғанда оқушыларға есірткі туралы кең көлемді түсіндіру жұмысы жүргізілді
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы №29 орта мектепте «Өзіңді алдама: есірткі туралы шындық» тақырыбында профилактикалық бағыттағы ашық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға жоғары сынып оқушылары, тәлімгерлер және ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Қос Қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және психолог мамандар сөз сөйлеп, жастарға есірткі заттарының адам ағзасына, психикалық саулығына және өмірлік болашағына тигізетін зияны жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандар жасөспірімдердің зиянды ортаға түсу жолдары, тәуелділіктің қалыптасу механизмдері және оның ауыр салдары туралы нақты деректер келтірді. Сонымен қатар есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптарына сәйкес қатаң жаза көзделетіні айтылды.

Жиында Жетісу облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Мадина Габдоллақызы құқықтық жауапкершілікке тоқталды.

«Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі – нашақорлық, есірткіге тәуелділік және есірткіге қатысты қылмыстар. Өкінішке қарай, мұндай құқық бұзушылықтар әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесіп отыр. Осыған байланысты Жетісу облысы аумағында, соның ішінде қала көлемінде тұрақты түрде профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кездесулер барысында жастарға есірткінің адам денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізетін қайғылы зардаптары жан-жақты түсіндіріледі. Сонымен қатар есірткі қылмыстарына қатысты заңда қарастырылған жауапкершілік туралы толық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296, 297, 299 және 300-баптарына сәйкес есірткіге байланысты қылмыстар үшін 5 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді Мадина Габдоллақызы.

Полиция өкілдері жастар арасында «жоқ» деп нақты айта білу мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтіп, зиянды ортадан аулақ болуға шақырды. Мамандардың айтуынша, алдын алу жұмыстары ең алдымен отбасы ішіндегі сенім мен ашық диалогтан басталады.

Психолог мамандар тәуелділіктің психологиялық қырларына тоқталып, салауатты өмір салтын ұстану, бос уақытты тиімді өткізу және дұрыс орта таңдаудың маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу барысында дәрігер-нарколог маман да синтетикалық есірткілердің ағза мен психикаға әсері туралы кеңінен баяндады.

«Қазіргі таңда жастар арасында «стрессті басу», «босаңсу», «көңіл көтеру» деген түсінікпен түрлі психобелсенді заттарды қолдану жиілеп барады. Өкінішке қарай, кей адамдар мұны қалыпты құбылыс ретінде қабылдайды. Алайда қазіргі синтетикалық есірткілердің әсері өте қауіпті. Олар бұрынғы дәстүрлі есірткілерден мүлде өзгеше және адам ағзасына ауыр зиян келтіреді. Бүгінде мұндай заттар таблетка, ұнтақ, капсула, сұйықтық түрінде таралады. Кейбірі медициналық препарат ретінде қолданылғанымен, бақылаусыз пайдалану адамды тәуелділікке алып келуі мүмкін. Қазір нарколог мамандарға 20-25 жасқа да толмаған жастардың жиі жүгінуі алаңдатады. Көп жағдайда оларды ата-аналары немесе жақындары алып келеді. Синтетикалық есірткінің басты қауіптілігі – оның орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер етуінде. Бұл заттар мидағы дофамин жүйесін күштеп қоздырады. Соның салдарынан адам алғашқы уақытта өзін сергек, көңілді әрі белсенді сезінуі мүмкін. Алайда бұл уақытша әсер ғана.Уақыт өте келе ағзаның табиғи энергия қоры сарқылып, жүйке жүйесі әлсірейді. Соның салдарынан ұйқысыздық, мазасыздық, ашушаңдық, депрессия, апатия және мотивацияның жоғалуы байқалады. Адам бұрын ләззат сыйлаған қарапайым дүниелерден де қуаныш ала алмайтын жағдайға жетеді. Синтетикалық есірткі психикаға аса ауыр әсер етеді, ұзақ уақыт қолдану галлюцинацияға, психозға, қорқыныш сезіміне және шындықты дұрыс қабылдай алмауға алып келуі мүмкін. Кей жағдайда адамның мінез-құлқы толық өзгеріп кетеді», – деді Талшын Сағадатқызы, Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы.

Мұндай профилактикалық кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың саналы көзқарасын қалыптастыру, есірткіге қарсы иммунитетін күшейту және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «ЖЕТІСУ» газеті / 7-su.kz веб-сайты (@7su.media)

 

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда оқушыларға есірткі туралы кең көлемді түсіндіру жұмысы жүргізілді

Талдықорғанда оқушыларға есірткі туралы кең көлемді түсіндіру жұмысы жүргізілді

15.05.2026
Халық кеңесі халықтың қандай проблемасын шеше алады? – Депутат түсіндірді

Халық кеңесі халықтың қандай проблемасын шеше алады? – Депутат түсіндірді

15.05.2026
Қазақстанда жасанды жаңбыр жобасы іске қосылады

Қазақстанда жасанды жаңбыр жобасы іске қосылады

15.05.2026
Қазақстанда ауыл саны азайды: Министрлік нақты дерек айтты

Қазақстанда ауыл саны азайды: Министрлік нақты дерек айтты

15.05.2026
Мемлекет басшысы мен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Мемлекет басшысы мен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

15.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.