«Кербұлақауданы әкімінің аудандық кітапханасында» Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Кербұлақ аудандық филиалыныңұйымдастыруымен «Жастар және Конституция: Тәуелсіздік құрдастарының ел дамуына үлесі»атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шарада «AMANAT» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының консультанты Асанов Ермек Өмірханұлы, Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Кербұлақ аудандық филиалының меңгерушісі Қорғасбекова Әсем Нұрсәулеқызы алғы сөз сөйлеп, Тәуелсіздік құрдастарының мемлекетіміздің өркендеуіне қосып жатқан үлесі мен конституциялық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстел бірнеше маңызды тақырыптық бағыттар бойынша өрбіді:
Заң мен Тәртіп және Бала құқығы Қоғамдық қауіпсіздік пен заң үстемдігі тұрғысында Кербұлақ ауданының полиция бөлімі полициясы Асанов Нұрбол Дүйсентайұлы заң мен тәртіп қағидатын сақтаудың маңызын айтса, «Ақтиін» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Тоқсабаева Сымбат Ерлікқызы балалық шақты қорғау және бала құқығын қамтамасыз ету мәселелерін қозғады.
Адами капитал, Білім және Денсаулық
Адами капитал мен білім басымдығы бағытында «Күреңбел қазақ орта мектебі » КММ мұғалімі Өміржан Самал және «Сарыөзек орта мектебі МДШО» КММ мұғалімі Тунгатарова Жазира Талғатқызы сапалы білім – ұлт болашағының кепілі екенін атап өтті.
Ал адам өмірінің ең жоғары құндылық екенін алға тартқан Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының медбикесі Куптилеуова Альбина Мұратқызы денсаулық сақтау саласындағы жастардың рөліне тоқталды.
Мәдениет, Мұра және Тіл саясаты Шығармашылық пен өнер саласы бойынша Ә. Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің директоры Тұрысбеков Оралбек Еркінұлы мәдениеттің жасампаздық күшін тілге тиек етті.
Ұлы Дала тарихының сабақтастығы мен мәдени мұраны сақтау міндеті жайында аудандық кітапханашы Ержігітова Құралай Қабдұлбекқызы мазмұнды ой өрбітті. Сонымен қатар, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Кербұлақ аудандық филиалының оқытушысы Ақерке Шағырбаева Әбдіжанатқызы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі мен тіл саясатын дамыту жайлы баяндады.
Отан қорғау және Мемлекеттік қызмет
«Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті» қағидаты аясында Сарыөзек гарнизоны 12740 әскери бөлімі Батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Фаизов Ерсін Мирзабайұлы: Тәрбие және идеологиялық жұмыс – әскердегі тәртіптің, заң үстемдігінің және жауынгерлік дайындықтың басты кепілі.
Жеке құрам арасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатын қолдау, Ата Заңды қастерлеу жұмыстары жүйелі жүргізілетінін, әскери қызметшілердің жауапкершілігі мен мерзімді әскери қызметшілердің жаңа ортаға бейімделуі, ерекше қадағаланатыны жөнінде атап өтті.
Ашықтық пен қолжетімділікті көздейтін сервистік әкімдік форматы туралы: Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Төребекова Айжан Айдарқызы әңгімелесе, жер, табиғи ресурстар және халықтық меншік мәселелерін Кербұлақ ауылшаруашылығы және жер бөлімінің орынбасары Жармұхамбетұлы Еркебұлан нақтылап өтті.
Стратегиялық ресурс және Жұмыспен қамту 2026 жылғы жаңа Конституцияда және соңғы заңнамалық түзетулерде жастар – елдің басты зияткерлік және стратегиялық ресурсы ретінде бекітілген.
Осы орайда Кербұлақ ауданының Жастар ресурстық орталығының маманы Тулебаев Даурен Абдрахманұлы жас буынның әлеуетін ашу бағытындағы жұмыстарды айтты.
Ал мансап орталықтары мен жұмыспен қамту мәселелері бойынша Кербұлақ ауданының Мансап орталығының маманы Бердыбаева Меруерт Бекболатқызы жастарды еңбекпен қамтудың тетіктерін таныстырды.
Шара соңында Ә. Сарыбаев атындағы Мәдиениет үйінің өнерпаздары «Тұғыр» тобының патриоттық әсем әні шырқалды.
Тәуелсіздік құрдастарының мұндай басқосулары өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
А.Шағырбаева
Жетісу облысы «Тіл» оқу – әдістемелік орталығыКербұлақ аудандық филиалының
оқытушысы






