Талдықорған: +23°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЖАН ЖАРАСЫ ЖАЗЫЛМАС

06.05.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЖАН ЖАРАСЫ ЖАЗЫЛМАС
WhatsAppTelegramFacebook

Қара тізімді «Боздақтар» кітабынан ағайынды аталарым Әмірше, Тесекбай Бейсенбаевтың аты-жөнін оқып, дәтке қуат етіп келіптік. Кезінде әскерге кеткенше Қарабұлақ ауылында мұғалім болып істеген Әмірше атамыздың дерегі еңбек ақы алатын тізімнен ғана шықты, басқа мағлұмат жоқ.

Енді, міне, ойламаған жерден сүйінші хабар жетті. Керекуден қызым Жібек хабарласып: «Көке, атамыз Әмірше Бейсенбаев қой?», – деп сүйінші сұрады. «Дәл өзі». Әрі қарай шамам жетпеді. Ерекше қуанышым ғой. Ақыры интернеттен Әмірше атамның дерегі табылды.

Табылған мәліметтерге қарағанда, Әмірше Бейсенбаев 1940 жылы Кеген ауданының әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына алынып, соғысқа аттаныпты. Содан кейін 1941-1942 жылдары Оңтүстік майданда, 1942-1943 жылдары Солтүстік Кавказ майданында, 1943-1944 жылдары І Украина майданында ұрысқа қатысып, 1941 жылы 12 шілдеде Оңтүстік майданда басынан жарақат алады. Жарақаты жазылған соң соғысқа сұранып, ротасына қосылып отырған Әмірше атамыз қаза тапқан соң берілген «Жеке жауынгерлік ерліктің немесе еңбектің қысқаша нақты мазмұнында»: «1944 жылы 10 тамызда 1864,0 белгісі бар биіктіктің солтүстік беткейіндегі болған шайқаста, айналып өту маневрін жасамақ болған 7 атқыштар ротасының жолын немістер тосқауылдады. Жағдайды тез арада өз бақылауына алған жолдас Бейсенбаев бөлімшесімен бірге таудың шыңына көтеріледі. Ол жерден біздің атқыштар ротасының алдын кесіп өткен неміс автоматшыларының кері қайтатын жалғыз жолына шолу жасап, оқ жаудыруға жақсы мүмкіндік болды. Осылайша бөлімше пулеметтерінен аямай оқ жаудырып неміс автоматшыларының алға жылжуын тоқтатты және таудың тар өткеліндегі қозғалысқа кедергі келтірді. Аса көп адам шығынына ұшыраған немістер, біздің атқыштар ротамызды қоршаудан бас тартып, кері шегінуге мәжбүр болды. Бұл шайқаста жолдас Бейсенбаев бір өзі 40-қа жуық неміс автоматшыларының көзін жойды.

Аға сержант Бейсенбаев Әмірше Отан соғысының екінші дәрежелі Ордені үкіметтік наградасымен марапаттауға лайық.

11-ы атқыштар полкінің командиры, подполковник Б.Анюк.

4 қыркүйек 1944 жыл» – деп жазылыпты.

Осындай ерлігі үшін Әмірше Бейсенбаев Коммунистік партия мүшелігіне қабылданып, Александр Невский, Даңқ орденінің ІІ-ші, ІІІ-ші дәрежесімен, Отан соғысы орденінің ІІ-ІІІ-ші дәрежесімен, Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Яғни, нағыз ер жүрек жауынгер болғаны көрініп тұр. Соғыстың ұзақ жолын 1944 жылдың тамыз айына дейін жүріп өтіп, 4 Украина майданында ерлікпен қаза тапқан. Сүйегі қазір Украинаның Дрогобычская облысы, Славский ауданы, Вызлув селосының қорымында жатыр.

Соншама жыл хабарсыз кеткен атамның дерегінің табылуынан өлгенім тіріліп, өшкенім жанғандай болды. Бұған да шүкір! Ұрпағы басына барып, топырақ салып, құран бағыштап тұруға мүмкіндік ашылды. Үрім-бұтағы аталарын дәріптеп, ары қарай зерделей жаза жатар. Ұрпағы барда адамның аты өше қоймас. Ал, әзірге ешбір мәлімет жоқ Тесекбай атамнан да дерек табылып қалар деген үміт бар.

Міне, осылайша Бейсенбай әулетінің шаңырағын ортасына түсірген сұм соғыстың салған жарасы тым ауыр болды. Қаншама жан хабарсыз кетті, қаншама әулеттің ошағы өшті, шырағы сөнді?!

Дала академигі атанған атақты Жолсейіт Молдасанов мені көрген сайын, Әмірше атамды еске алушы еді. «Әмірше тірі болса бір жерден шығар еді. Оқыған, саналы азамат еді. Жаңадан аты шығып келе жатқанда, әскерге кетті. Одан ары қу соғыс басталды, әттең…» – деп күрсінетін.

Өмір деген осы. Ботадай боздап, ақ сақалын тарамдай көз жасы аққан Бейсенбай атам да өтті өмірден. «Қос қозымды» естімедім, қалай жазылғанын білмеймін. Бірақ, зарлы әуені құлағыма келетіндей. «Қос қозым, қос қозым» деп зарланатындай. Менің арманым да, перзенттік қарызым да аталарымның аруағын риза қылу. Тіршілігім жеткенше ата аруағы алдында қызмет ету.

Әмірше атамның алған марапаты, жүріп өткен жолына қарасақ, бір батырдың ерлігін қайталап тұр. Тіпті, «Даңқ» орденінің ІІ-ші, ІІІ-ші дәрежесінің өзі, бұрынғы Кеңес Одағының батыры атағымен теңесіп тұр.

Осындай батыр ұлдарын жергілікті әкімшілік, ел-жұрты ескерсе. Жалаңаш ауылынан болмаса өзі алғаш ұстаз болып, еңбек жолын бастаған Қарабұлақ ауылынан бір көше беріп, белгі орнатылса. Бұл болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде қажет. Батыр аталарын аса құрметпен еске алған ұрпақтың жүзі жарық болары анық. Оның үстіне, алапат соғыстан оты өшкен шаңырақтың ең болмаса аты жаңғырып, Әмірше, Тесекбай есімдері аталып жүрсе, әруақ риза болар еді.

Атам Дүйсенбайдың інісі Бейсенбай кезінде Жалаңаш өңірінде күміс көмей әншілігімен танылған. Ол жөнінде көнекөз қариялардан көп естідім. Ақындығы тағы бар. Әттеген-айы бірде-бір жазбасы сақталмапты. Қос перзенті соғысқа кетіп оралмаған атамыз хабарсыз кеткен қос қыршынын жоқтап, «Қос қозым» деген әнін сақалын көз жасы жуып, зарлана шырқайды екен. Жиырма жылдай зар айтылған Жалаңаштағы бір әулеттің шамы осылайша сөніпті. Мұны ешкімнің басына бермесін. Осылардың аты аталып жүрсе деген ой мені мазалай береді.

Сұрапыл соғыс өтті де кетті. Артында өшпес жарасы қалды. Бұны әркім білуге тиіс, ұмытуға болмайды!

Советбек Дүйсенбаев,
Жалаңаш ауылы
Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.