Талдықорған: +19°C
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісуда 14 жастағы оқушы сыныптасының қолынан қаза тапты

10.10.2026
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Жетісуда 14 жастағы оқушы сыныптасының қолынан қаза тапты

Sputnik.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылында 8-сынып оқушысы Муслим Біржанұлы пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 6 қазанда болған. Марқұмның анасы Самал Мұхамадиева ұлынан айырылғанын, оқиға туралы Sputnik.kz тілшісіне марқұм оқушының анасы айтты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қайғылы оқиға қалай болған?

Самал Мұхамадиеваның айтуынша, оқиға сабақ уақытында болған. Бірнеше оқушы мектептен төмен қарай түсіп, сол жерде жанжалдасқан. Анасының сөзінше, ұлына пышақ жарақаты салынған сәт телефонға түсірілген. Алайда телефонды полиция қызметкерлері алып кеткендіктен, видеоны көре алмаған.

«Сабақ уақытында оқушылар мектептен бір көше төмен түсіп барып, жанжалдасқан. Менің ұлыма пышақ салғанын да телефонның камерасына түсіріп тұрыпты. Видеоны менің баламның телефонына түсірген. Маған көрсетпеді телефонды, полиция алып кетті», – дейді Самал Мұхамадиева.

Марқұм бокспен айналысқан. Ал күдікті ретінде қарастырылып отырған сыныптасы күреспен шұғылданған. Муслим 29 қыркүйекте ғана 14 жасқа толған.

«Балам мектептен аман қайтпады»

Ананың айтуынша, ұлы сол күні мектепке аман-есен кеткен. Ол баласын күн сайын күтіп алуға дағдыланғанын, енді оны ешқашан көре алмайтынын айтып, қайғысын жеткізді.

«Баламды дін аман сабаққа жіберген ем. Таңертең шығарып салып, күн сайын алдынан шығып күтіп алушы ем, енді жоқ. Қара жерді құшақтап қалдым. Жарысқа кетем деп дайындалып жүргенде келмеске кетті. Бір жері ауырмаған мықты балам мектептен аман қайтпады», – дейді ол.

Самал Мұхамадиеваның сөзінше, пышақ жарақаты ұлының жүрек тұсына тиген. Жараланған жасөспірім көмек сұрағанымен, жанындағылардың не істегенін нақты білмейтінін айтады. Кейін өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі баланы ауруханаға жеткізген. Алайда Муслим сол жерде көз жұмған.

«Баламды пышақтап, сол жерге тастап кеткен. Жан дауысы шығып, “103 шақырыңдаршы” деген. Ал ана оқушылар қашып кеткен бе, білмеймін, балам жалғыз қалған жолда. Өтіп бара жатқан көлік тоқтап, баламды сала салып, ауруханаға барған. Муслимым сол жерде жан тапсырды», – дейді анасы.

Анасы әділдік талап етеді

Самал Мұхамадиеваның айтуынша, балалар арасындағы жанжалға өзге оқушылардың да қатысы болуы мүмкін. Оның сөзінше, ұлы мен күдікті бесінші сыныптан бері бір сыныпта оқыған.

«Балалардың бірі шағыстырып, бірін біріне айдақтаған. Екеуі бесінші сыныптан бастап бір сыныпта оқыған. Қасында бес бала болған, нақтысын білмеймін. Күдікті бала қамалған жоқ. Оның анасы баласын тірідей көріп жүр, ал менің балам топыраққа көміліп, суық жерде жатыр. Мен ешқашан көрмеймін ғой баламды», – дейді ол.

Марқұмның анасы ұлының қазасына кінәлілер заң алдында жауап беруі керек екенін айтып, ешкімге кешірім бермейтінін жеткізді. Сондай-ақ Білім бөлімінің басшысы келгенде, өзіне сұхбат бермеуді өтінгенін айтты.

«Баламнан айырылып отырып, неге үндемеуім керек. Кешірім бермеймін, сотталсын. Айналдырған үш-ақ балам бар еді, бірінен айырылып қалдым», – дейді Самал Мұхамадиева.

Ол ұлының қайтыс болғанын ауруханада естіген. Анасының айтуынша, дәрігерлерге баланың денесін тексеруге рұқсат берген. Сондай-ақ пышақ жарақаты екі рет салынғанын кейін естігенін айтады.

Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын қорқынышты түс көріп, шошып оянғанын да жеткізді.

Полиция қылмыстық іс қозғады

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сабақтан кейін сыныптастар арасында жанжал туындап, оның барысында жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейіннен көз жұмған. Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты да қылмыстық іс қозғалған.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысы ведомство басшылығының ерекше бақылауында.

Қатысты жаңалықтар

Жаны жұмсақ, жүрегі жомарт

Жаны жұмсақ, жүрегі жомарт

10.10.2026
Мәртебелі мамандықтың майталманы

Мәртебелі мамандықтың майталманы

10.10.2026
182 млн теңгенің алтынын аяқ киіміне жасырған әйел ұсталды

182 млн теңгенің алтынын аяқ киіміне жасырған әйел ұсталды

10.10.2026
Жетісуда 14 жастағы оқушы сыныптасының қолынан қаза тапты

Жетісуда 14 жастағы оқушы сыныптасының қолынан қаза тапты

10.10.2026
Мал-жаныңыз аман ба?

Мал-жаныңыз аман ба?

10.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.