Талдықорған: +32°C
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Абай рухымен үндескен, Әуезовпен тілдескен

20.09.2026
РУХАНИЯТ
Абай рухымен  үндескен, Әуезовпен тілдескен
WhatsAppTelegramFacebook

Бір кітап кейде бір адамның тағдырын өзгертеді. Ал адамның кітапқа деген махаббаты тұтас ұлттың рухани жадын сақтап қалуы мүмкін. Қайым Мұхамедхановтың ғибратты ғұмыры – осының дәлелі. Ол кітап арқылы Абайды таныды, Алаштың аманатын ұқты. Ғұмырын сол мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге арнады. Қазақ руханиятының тарихында ғұмырын елдік іске арнаған тұлғалар санаулы. Солардың бірі – ғалым, абайтанушы, текстолог, алаштанушы, шәкәрімтанушы, әуезовтанушы, ақын, аудармашы, ұстаз, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханов. Ол Абай мұрасын зерттеуді ғылымның бір саласы ретінде ғана қараған жоқ. Абай мен Алаштың рухани сабақтастығын айқындаған «Абай – Алаш» ғылыми тұжырымдамасын қалыптастырды. Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім сынды Алаш қайраткерлері, қазақтың ақын-жыраулары, батырлары мен тарихи тұлғалары туралы аса құнды деректерді жинап, ғылыми айналымға енгізді. Қайым Мұхамедхановты ғалым ретінде тану бір бөлек те, оның адамдық болмысына перзентінің көзімен қарау – бір басқа. «Асылдың сынығы» айдарының бұл жолғы қонағы, қайраткердің қызы Дина Мұхамедхан әңгіме барысында әкесінің ғылымдағы жолын ғана емес, тәрбиесі, отбасылық орта, Абай мен Алаш рухы, Ахмет Байтұрсынұлына деген құрмет, Мұхтар Әуезовпен рухани сабақтастық және тарихи жад туралы сыр шертеді. 

– Дина Қайымқызы, перзенті ретінде әкеңізді қалай сипаттар едіңіз? Ой таразысына салғанда әке өнегесі басым ба әлде ғалым ретінде биік пе?

– Мен үшін ол ең алдымен – ӘКЕ. Үш-ақ әріптен тұратын осы сөз әкем үшін де қастерлі еді. Оның бүкіл өмірінде әкесі Мұхамедхан Сейітқұловқа деген құрметі мен махаббатының қаншалықты терең болғанын көремін. Әкесінен алған тәрбиесін, өсиетін, елге қызмет ету үлгісін өмірінің темірқазығына айналдырды. Бала кезімнен санама сіңіп қалған бір сөзі бар: «Адал өмір сүріңдер, қарапайым болыңдар, адам болып қалыңдар» дейтін. Ол кезде бала көңілмен бұл сөздердің мағынасын толық түсінбеген шығармыз. Ал жылдар өте келе әкемнің қалай өмір сүргеніне, қандай қиындықтардан өткеніне, не үшін күрескеніне қарап, осы үш ауыз сөздің оның бүкіл ғұмырының мазмұны болғанын түсіндім. Ол шындықты іздеді, әділетті қорғады, халықтың рухани байлығын сақтады.

– Әкеңіздің балалық шағы қандай ортада өтті?

– Әкемнің балалық шағы ерекше ортада өтті. Оның әкесі Мұхамедхан Сейітқұловтың үйі сол кезде Семейдегі рухани орталықтардың бірі болған. Бұл шаңырақта Алаш қайраткерлері, ақындар, жазушылар, өнер адамдары, ағартушылар бас қосып отырған. Абай мен Шәкәрім, Мұхтар Әуезов және сол дәуірдің көптеген зиялылары бұл үйдің қадірлі қонағы болған. Әкем бала кезінен ұлы адамдарды көріп өсті. Үйде әдебиет, өнер, халықтың тағдыры, тарихы туралы әңгімелер айтылатын. Домбыра тартылып, ән шырқалып, шағын сахналық көріністер қойылатын. Яғни ол үшін руханият кейін қалыптасқан мамандық емес, балалық шағынан жүрегіне сіңген өмір салты болды. Әкесі оған: «Кімді көрсең де, кімнен тәлім алсаң да, бәрін есте сақта», – деп айтып отырыпты. Бұл сөз кейін Қайымның бүкіл ғылыми қызметінің өзегіне айналды деп ойлаймын.

– Сонда Ахмет Байтұрсынұлына деген құрметінің бастауында да осы отбасылық орта тұр ғой.

– Әрине. Әкем Ахмет Байтұрсынұлын бала кезінен көрген. Ол Ахмет атаны «Ахан аға» деп атаған. Ахмет Байтұрсынұлы оған кітаптар әкеліп, оқыған дүниелері жайлы бала болса да еркін әңгімелескен. Әкем әкесінің достарына өзінің алғашқы өлеңдерін оқып беріпті. Бірде Ахмет Байтұрсынұлы атам Мұхамедханға қарап: «Бұл бала біздің есімімізді жаңғыртады!» деген екен. Шын мәнінде, Қайым әкем Ахмет Байтұрсынұлы бастаған рухани жолды жалғастырды. Ол Алаш арыстарының есімін халық жадында қайта жаңғыртуға өмірін арнады. Әкем Ахмет Байтұрсыновтың үмітін ақтап, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейхан, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Мұстақым Малдыбаев, Омар Қарашев және көптеген басқа да Алаш қайраткерлері, театр қайраткерлерінің жариялауға тыйым салынған шығармаларын сақтап, жаңғыртты.

Қайым Мұхамедханов олардың кейбір тапсырмаларын жас кезінен орындаған. Мәселен, Қайым небәрі 14 жасында Ыдырыс Мұстамбаевтан маңызды тапсырма алады.

– Қайым Мұхамедхановтың өмірінде дана Абайдың орны ерекше. Хакімге деген бұл сүйіспеншілік қашан және қалай қалыптасты деп ойлайсыз?

– Абай әкемнің өміріне бала кезінен енді. Бірақ оның Абайды ғылыми тұрғыдан терең зерттеуі Мұхтар Әуезовпен рухани байланысымен сабақтасып жатты. Әкем 24 жасында Абайға арнаған поэмасында: «Қалам алсам қолыма, өлең жазсам, Алдымда ақын Абай – Темірқазық!» деп жазған. Әкем Абайды зерттей отырып, оның айналасындағы рухани ортаны да саралады. Абайдың шәкірттері кім болды? Олар қандай ортада қалыптасты? Қандай шығарма жазды? Бұл шығармалардың түпнұсқасы қандай? Қандай мәтіндер бұрмаланды? Қандай деректер жоғалды? Ол осындай сұрақтың бәріне жауап іздеді. Абайды зерттеу – ұлттың рухани тамырына қан жүгірту еді. Меніңше, әкем үшін Абайдың ұлылығы оның поэзиясымен ғана шектелген жоқ. Абай – адамның өзін тануына жол ашатын ойшыл. Дана бабамыздың айналасында қалыптасқан рухани мектепті зерттеу арқылы әкем қазақ қоғамындағы білімнің, ойдың, адамгершіліктің, өнердің сабақтастығын көрсетті. Абайдың шәкірттерін зерттеу де сондықтан өте маңызды болды. Егер ойшылдың айналасындағы адамдардың шығармашылығы мен тағдырын білмесек, Абайдың ой әлемінің ауқымын да толық түсіне алмаймыз. Әкем ол кісінің ақын шәкірттерінің отыздан астамының есімін анықтап, олардың өмірбаяндарын зерттеді, шығармаларын жинады. Осы арқылы Абайдың әдеби мектебі бар екенін ғылыми негізде дәлелдеуге тырысты. Бұл оңай болған жоқ. Абай мектебі үшін күрес оның тағдырына ауыр сынақ әкелді.

Әкемнің Абайдың әдеби мектебі туралы ғылыми ұстанымы кеңестік идеологиямен қайшылыққа түсті. Ол Абай шәкірттерінің шығармашылығын зерттегені үшін қудалауға ұшырады. Оған өте ауыр айыптар тағылды. Тіпті 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Бірақ ол өз ғылыми ұстанымынан бас тартпады. Әкемнің: «Абайдың мектебі бар! Өзекті жанға бір өлім» деген сөзі бар. Оның таңдауында өз тағдыры ғана емес, «Абай мұрасын қалай түсіндіреміз, оның шәкірттерін қалай бағалаймыз, қазақ әдебиетінің тарихын қалай жазамыз?» деген үлкен сұрақ та тұрды. Кейін: «Мұхтар екеуміз өз идеямызға соңына дейін адал болып қалдық. Ал бүгін біздің идеяларымыз – халқымыз мақтан ететін құндылықтар», – деп жазды.

– Қайым Мұхамедханов қалыптастырған «Абай – Алаш» тұжырымдамасының мәні неде?

– Әкем Абай мен Алашты бір-бірінен бөлек қараған жоқ. Ол хакімнің шәкірттерін ғана емес, Алаш қайраткерлерін де «Абай мұрагерлері» деп атады. Оның ойынша, Абайдың елді білімге, ғылымға, еңбекке, адамдыққа шақырған идеялары кейінгі ұлттық интеллигенцияның дүниетанымымен жалғасты. Дананың ойы, Алаштың азаттық идеясы, халықтың тарихи жады, ұлттық мәдениетті сақтау – осылардың бәрі бір арнада тоғысады. Ол Ахмет Байтұрсынұлының кітабымен сауат ашты. Әкем 1924 жылы қазақ мектебінің 1-сыныбына барғанда қолына алған алғашқы кітаптарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» болған. Ол осы кітап арқылы алғаш сауат ашқанын кейін ерекше ілтипатпен еске алды. Ахметтің кітабы баланың жасына лайықты, тілі түсінікті, халықтың күнделікті тұрмысынан алынған ұғымдарға бай болған. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, табиғат, жан-жануарлар, тұрмыс-тіршілік туралы дүниелер баланың дүниетанымын кеңейтетін. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы әкем үшін кейін зерттеу нысанына айналған дүние ғана емес, оның балалық шағының рухани бастауы еді.

– Ал ғалым ретінде Ахмет Байтұрсын-ұлы мұрасына қандай үлес қосты?

– Ол Ахмет Байтұрсынұлы туралы алғашқы іргелі зерттеулердің авторларының бірі болды. Өмірбаянын, шығармашылығын зерттеді. Құжаттарды, фотосуреттерді, деректерді іздеді. Әкемнің көптеген еңбегі кеңестік кезеңде кітап болып жарық көре алмады. Сондықтан ол құнды зерттеулерін газет-журналдар арқылы жариялауға тырысты. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы туралы мақалалары, өмірі мен шығармашылығына қатысты зерттеулері, Алаш қозғалысына байланысты материалдары сол кездегі баспасөзде жарияланды. Әкемнің бір ерекшелігі – ол ешқашан тарихи тұлғаны құрғақ дерек ретінде қарастырған жоқ. Ол әр адамның артында тағдыр, еңбек, арман, аманат тұрғанын сезінді.

– Атаңыз Мұхамедхан Сейітқұловтың ұлына берген тәрбиесі туралы айтсаңыз.

– Ол ұлын елін сүйетін, жерін қадірлейтін, тарих пен әдебиетті білетін, эпос пен фольклорды бағалайтын, әлемдік мәдениетке ашық азамат етіп тәрбиеледі. Атамның үйіне көптеген тарихи тұлғалар келетін. Қайым бала кезінде олардың бәрін көрді. Әкесі оған сол адамдардың кім екенін, қандай еңбегі бар екенін айтып отырған. Мәселен, Сұлтанмахмұт Торайғыров бір кезде біздің үйде тұрыпты. Атам оған жеке бөлме беріп, емделуіне жағдай жасаған. Сұлтанмахмұт түнде шығармашылықпен айналысқан. Кейін әкем осы естеліктерді өмір бойы сақтап, Сұлтанмахмұт туралы мол материал жинады. Оның шығармаларын, өмірін зерттеді. Бияхмет Сәрсенов те біздің үйге келетін. Ол кішкентай Қайымға естелік ретінде ерекше таяқ сыйлаған. Таяқ қажет кезде орындыққа айналатын. Осындай ұсақ-түйек болып көрінетін дүниелердің өзі кейін тарихи жәдігерге айналды. Ол тарихты кітаптан ғана оқыған жоқ, тарихтың өзін көріп өсті. 1923-1924 жылдардағы мәдени кештерге әкесімен бірге барған. 1924 жылы Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл толуына арналған кешке 8 жасында қатысқан. Сол кеште Мұхтар Әуезов баяндама жасаған, Абайдың сүйікті шәкірті Көкбай өлең оқып, Әміре ән салған. Әлкей Марғұлан газетке хабарландыру дайындаған. Әкем сол кездегі бағдарламаларды, құжаттарды сақтап қалды. Кейін оларды іздеп тауып, аударып, түсініктеме беріп, ғылыми айналымға енгізді. Егер ол балалық шағынан әкесінің «бәрін есте сақта» деген өсиетін орындамаса, сол тарихи кештердің көптеген дерегі бізге жетпес еді.

Менің есімде әкемнің ең айқын бейнесі – жазу үстелінде отырған сәті. Кабинеті. Тыныштық. Үстел шамы жанып тұрады. Әкем қағазға үңіліп жазып отырады. Ол көбіне түнде жұмыс істейтін. Күндізгі тірліктен кейінгі түнгі тыныштықты жақсы көретін. Сол кезде ешкімге алаңдамай, ойын толық жинақтап, жұмысқа берілетін. Кейде жазып отырып ойланады. Орындығынан тұрып бөлменің бір бұрышынан екінші бұрышына жүріп кетеді. Бір ой келгенде қайтадан үстелге отырады. Оның жүзінен шығармашылық қуанышты байқайтынбыз. Кейде өзіне-өзі бір нәрсе айтып, риза болып күлімсірейтін. Қазір ойласам, ол кезде біз әкемнің сол сәтте қандай үлкен дүниемен жұмыс істеп отырғанын толық түсінбеппіз. Ол қағазға жай ғана сөз жазып отырмаған еді. Ол жоғалған есімдерді, бұрмаланған мәтіндерді, ұмыт қалған оқиғаларды халықтың есіне қайта түсіріп жатты. Оның үстеліндегі ретсіздік – өзіне ғана түсінікті тәртіп еді.

– Қайым ағаның архиві туралы да ерекше естеліктеріңіз бар екен.

– Әкемнің жұмыс кабинеті сырт көзге қарағанда кітап пен қолжазбаға толы үлкен кеңістік сияқты көрінетін. Бірақ ол үшін бәрінің өз орны болды. Алматыда жүрген кезінде Семейдегі үйге телефон соғып, белгілі бір кітапты немесе қолжазбаны тауып беруді сұрайтын. Қай сөренің қай бөлігінде, қай шкафтың қай папкасында тұрғанын дәл айтып беретін. Біз іздеп тауып беретінбіз. Белгілі бір кітаптағы қажетті деректің қай бетте тұрғанын да білетін. Ол адамдарды да дәл осылай есте сақтайтын. Әр тұлғаның тағдырын, өмір сүрген уақытын, жасаған еңбегін, өзінен қалған құжаттарды ұмытпайтын.

– Қайым Мұхамедханов пен Мұхтар Әуезовтің байланысы туралы айтсақ.

– Мұхтар Әуезов әкем үшін жай ғана ғылыми жетекші болған жоқ. Ол – өмірлік ұстазы еді. Әкем Мұхтар Омарханұлын бала кезінен көрген. Ол біздің үйге жас кезінен келіп жүрген. Кейін олардың ғылыми байланысы тереңдеді. Әкем: «Мұхтар Омарханович Ауэзов менің ғылыми жетекшім болды. Менің ғылыми-зерттеу жұмысымның негізгі бағыты оның ықпалымен қалыптасты», – деп жазды. Әкем Мұхтарды ерекше құрметтеді. Ұстаз деген ұғымды ол өте биік қойған. Оның түсінігінде ұстаз – қасиетті адам. Өмірінің соңғы күндерінде де әкем Мұхтар Әуезовпен сөйлескендей болатын.

– Сіздің әулетіңізде әке мен бала – Мұхамедхан Сейітқұлов пен Қайым Мұхамедханов қуғын-сүргіннің ауыртпалығын бастан өткерді. Бұл отбасылық жалғастыққа қалай әсер етті?

– Бұл біздің әулеттің ғана емес, халқымыздың тарихындағы ауыр тақырып. Мұхамедхан Сейітқұлов бірнеше рет қамауға алынып, мал-мүлкі тәркіленді. 1937 жылы атылды. Қайым да жас кезінде қуғын-сүргінді көрді, кейін өзі де тұтқындалды, лагерьде болды. Бірақ осының бәріне қарамастан әкем рухани тұрғыдан сынбады. Керісінше, өзінің өмірін әкесінің аманатын орындауға арнады. Оның ғылыми еңбегінің астарында әкесіне деген перзенттік парыз жатты.

– Қайым Мұхамедхановтың жары Фархинур анамыздың отбасы мен оның ғылыми жолындағы орны туралы не айтар едіңіз?

– Анам Фархинур Мұхамедханова әкемнің өміріндегі үлкен тірегі еді. Ол жарының ісіне адалдық танытып, жинаған құжаттарын, қолжазбаларын, хаттарын, фотосуреттерін қадірледі. Әкемнің ғылыми жұмысы отбасының бүкіл өміріне әсер етті. Оның жұмысы – жай ғана кабинетте қалатын дүние емес еді. Оның ізденістері, архивтері, қолжазбалары үйдің бір бөлігіне айналды. Сондықтан Фархинур анамыздың өмірін Қайым Мұхамедхановтың мұрасынан бөліп қарауға болмайды. Әкемнің мұрасы алып мұхит. Өйткені оның мұрасы бір адамның өміріне сыймайтындай ауқымды. Ол ғалым ғана емес, тарихшы, текстолог, фольклортанушы, өлкетанушы, мұрағатшы, ақын, аудармашы, педагог. Қазақ халқының XV-XX ғасырлар аралығындағы көптеген тарихи тұлғалары туралы дерек жинады. Хандар мен батырлар, жыраулар мен ақындар, Алаш қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары оның назарынан тыс қалмады. Мен әкемді кейде рудокопқа ұқсатамын. Рудокоп жердің тереңіне түсіп, көзге көрінбейтін қазынаны іздеп табады ғой. Әкем де архивтердің арасынан, ескі қолжазбалардан, адамдардың естеліктерінен халықтың рухани қазынасын іздеді. Оны жер бетіне шығарды. Тазалады. Түсініктеме берді. Ғылыми айналымға енгізді.

– Бүгін Қайым Мұхамедхановтың мұрасын сақтап, зерттеп жүрген ұрпақ үшін ең үлкен жауапкершілік неде?

– Ең үлкен жауапкершілік – оның еңбегін үстірт таныстырумен шектелмеу. Әкемнің мұрасы өте үлкен. Оның ішінде әлі зерттелмеген, толық айналымға түспеген дүниелер бар. Біз оның архивін сақтап, құжаттарын зерттеуіміз керек. Қолжазбаларын ғылыми айналымға енгізуіміз керек. Бірақ ең бастысы – оның қандай адам болғанын түсіну қажет. Өйткені оның мұрасы тек кітаптардан тұрмайды. Ол бізге адалдықты, батылдықты, еңбекқорлықты, тарихи шындыққа беріктікті қалдырды.

– Өмір бойы әділетсіздік көрген адам қалайша өкпе-реніштен биік тұра алды деп ойлайсыз?

– Бұл сұрақтың жауабын мен де көп ойлаймын. Меніңше, әкемнің мақсаты жеке басынан әлдеқайда жоғары тұрды. Егер ол өзіне жасалған әділетсіздікпен ғана өмір сүрсе, қаншама жұмысты атқара алмас еді. Ол өзінен бұрынғы адамдардың тағдырына терең бойлады. Абайды, Шәкәрімді, Алаш арыстарын, әкесін, ұстазы Мұхтар Әуезовті ойлады. Сондықтан өзіне жасалған қиянатты жеке өкпеге айналдырмай, халықтың жоғын түгендеуге күш салды. Ол: «Менде материал көп, бәріңе жетеді!» деп айтатын. Бұл сөздің өзінде үлкен кеңдік бар. Әкемнің өмірлік ұстанымы – еркіндік, адалдық, қорықпау. Оның өз сөзі бар: «Бақыт дегеніміз – еркіндік, адал сөйлеу және ештеңеден қорықпау» деген.

– Әкеңіздің өмірінің соңғы кезеңі туралы естелікпен бөліссеңіз.

– 2004 жылдың 5 қаңтары әкемнің соңғы туған күні болды. Сол күні таңертеңнен бастап көңіл-күйі жақсы еді. Жас ғалымдар келіп, өздерінің зерттеулері бойынша сұрақтар қойды. Әкем олардың сауалына нақты жауап берді. XV-XIX ғасырлардағы мәтіндерден үлкен үзінділерді жатқа айтты. Тіпті өмірінің соңғы айлары мен күндерінде де ол жұмысы туралы ойлады. Жиналған материалдарының шашырап кеткеніне алаңдады. Кімде қандай құжат қалғанын айтып, оларды қайтару керегін еске салды. Бұл оның ғылымнан өмірінің соңына дейін қол үзбегенін көрсетеді. Ол әкесімен қайта қауышатындай күй кешті. Сол күндері әкем әкесімен сөйлескендей болатын. «Әке, бүгін мешітке барамыз ба? Киініп алдың ба? Үйге қайтайық» деген сияқты сөздер айтатын. Ол бала кезіндегі үйін, әкесін, мешітті, туған жерін еске алғандай болды. Кейде Көкбайдың атын атайтын. Кейде Мұхтар Әуезовпен сөйлескендей болатын. Меніңше, бұл оның бүкіл өмірінде бірге алып жүрген адамдарымен, ұстаздарымен, ата-бабаларымен рухани түрде қайта қауышуы еді.

– Егер әкеңіз қазір алдыңызда отырса, оған айта алмай қалған немесе қайта бір айтқыңыз келетін сөзіңіз бар ма?

– Мен оған: «Әке, сіздің аманатыңызды ұғындық. Сіз сақтаған дүниелердің қадірін енді тереңірек түсініп келеміз», – дер едім. Бала кезімізде оның түнде отырып жұмыс істегенін, қағазға үңілгенін, архивтен шаршап келгенін күнделікті өмірдің бір көрінісі сияқты қабылдадық. Қайым Мұхамедханов өз борышын орындап кетті. Ендігі міндет – оның мұрасын жоғалтпау. Өйткені ол сақтаған нәрсе – жай ғана ескі қағаздар емес. Ол – халықтың естелігі. Ол – Абайдың аманаты. Ол – Алаштың үні. Ол – әке мен бала арасындағы үзілмеген рухани сабақтастық. Ал тарихи дерек сақталған жерде халықтың тамыры да үзілмейді.

Сұхбаттасқан –
Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

«Беймаза өмір» бейнесі

«Беймаза өмір» бейнесі

20.09.2026
Азия ойындарынан күтеріміз көп

Азия ойындарынан күтеріміз көп

20.09.2026
Абай рухымен  үндескен, Әуезовпен тілдескен

Абай рухымен үндескен, Әуезовпен тілдескен

20.09.2026
Танымал болу оңай

Танымал болу оңай

19.09.2026
Желідегі жүгенсіздік

Желідегі жүгенсіздік

19.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.