Талдықорған: +7°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«АДАМ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ 50 ПАЙЫЗЫН ӨЗІНЕ ТАРТАДЫ»: ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ЗИЯНЫ

9 қаңтар 2023
РУХАНИЯТ
"АДАМ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ 50 ПАЙЫЗЫН ӨЗІНЕ ТАРТАДЫ": ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ЗИЯНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Заман ағымына қарай бүгінде әрбір адам ұялы телефон пайдаланады. Рас, оның ішінде адам өмірі мен жұмысына керектінің бәрі бар. Сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видео құрылғылары адам баласының аттап басса қажеттілігін туындататын дүниелер. Сондықтан да сымсыз байланыс құралын пайдалану уақыт туындатқан дүние деп ашық айта аламыз.

Адам өміріне қаншалықты пайдалы десек те, бүгінгі таңдағы мағына-мазмұны жоқ уақыттың бәрін осы бір көзді құрылғы жалмап жатқанын аңдамай қаламыз-ау. Кішкентай ғана заттың көмегінсіз еш нәрсені шеше алмайтын күйге жеттік. Тіпті, керек адамыңның өзін өзге құрлықта жүрсе де тауып алып, тілдесетін құрылғының жақсы жағын адамзаттың бәрі біледі. Ал мұның зиянды жағы қаншалықты? Осыны да ойлану керек-ті. 
О баста телефонды құрастырған адамдар ел игілігін көксегені анық. Байланыстың тиімділігін ескеріп, ойлап тапқаны жөн десек те, бүгін телефон сөйлесудің құралына ғана айналмай отыр. Үлкен адамдардың өзі жұмыстан тыс уақытта телефонды шамадан тыс пайдаланып жатады. Тіпті, дастарқан басында телефонға қарап ас ішуді дағды еткен көпшілік отбасылық жарасымды диалог құрмайтын күйге жетті. Соның кері әсері көрініс беріп жатқанын жасыра алмаймыз. Оны былай қойғанда былдырлап жүрген, әлі тілі шықпаған баланы да телефонмен алдарқататын болдық.
Бүгінде телефон адам өмірін заяға кетіретін құралға айналған. Көптің пікіріне сүйенсек, жастар ұялы телефонға жүктелген түрлі ойынға алданып, тәуіліктегі 10-13 сағатын телефонға телмірумен кетіретін көрінеді. Тіпті, қызмет барысындағы азаматтар да, егде жандар да күндік уақытының үштен бірін телефон арқылы жоғалтып алып жатқаны жасырын емес.
Шындығына келгенде телефонның пайдасы санамалап айтсақ өте көп. Алайда, зиянды жағы да жетерлік. Мәселен аталмыш құрылғы адам энергиясының 50 пайызын өзіне тартады. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген дүние.
Ұялы телефонға тәуелділік – баланы өмірге деген қызығушылықтардан алыстатып, қартарластарымен қарым-қатынастан шектеу әрі вертуалды кеңістікке кету. Бұл балаға өте қауіпті. Себебі, олар қоршаған ортамен қырым-қатынасты енді ғана бастап, дүниетанымдық көзқарасы жаңа қалыптасып жатыр. Тіпті, психикасы да орнықпаған. Сондықтан телефон сатып алып берер алдында әрбір ата-ана баланың жасына, оның қолдану мақсатына ерекше мән берген жөн.
Таң атқаннан кеш батқанша телефонды қолдан түсірмейтін адамдар, ұялы байланысты үйде қалдырып кетуден қорқуды «номафобия» атты психологиялық ауру екенін ескеруі керек. Осы секілді телефон туындатқан жағымсыз жайттарды атап өтуді жөн санап отырмыз. Мәселен, ойынға тәуелділік, сетеголизм, интернет-серфинг секілді тәуелділік түрлері бар. Сетеголизм – барлық уақытты чаттарда, форумдар мен желілерде өткізу болса, интернет-серфинг – сайттан сайтқа мақсатсыз өтіп, сілтемелер арқылы ғаламторды шарлау. Міне, бұл жастардың ғана емес, кейбір ересек адамдардың да бойынан табылатын дүние. Сондықтан да қазіргі таңда әрбір жан өзін мақсатты түрде телефоннан алшақ ұстауға ден қоюы керек.
Телефон мен ойындарға жегілген адамдар арасында ақшаны мақсатсыз түрде ысырап етіп, бейберекет тамақтанып, интернет желісінің әлсіздігіне байланысты бос ашушаңдыққа салынып, оқу үдерісіне, жұмысқа үлгере алмай қалу секілді жайттарға көп тап болады. Мұның бәрі психологиялық құбылуға әкеледі. Сондықтан да әрбір ата-ана, ересек адамдар, ұстаздар осы жағынан шұғыл шешім шығаруға тиіс. Өйткені, адам дені мен жанының сау болуы тікелей сана тазалығына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейді. 

Дана ЖАСАНОВА,
педагог-психолог
Жаркент қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.