Талдықорған: +29°C
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әдебиет пен шешен сөз айырмашылығы

10.08.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Әдебиет пен шешен сөз айырмашылығы
WhatsAppTelegramFacebook

Әдеби тілдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, оның шешен сөзбен айырмашылығына, ғылыми тұжырым жасау үшін ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет.

Яғни, әдеби тіл деп нені түсінеміз? Әдеби тілдің тарихы қай кезден басталады? Әр кезеңдегі оның дамуының, нормалануының тілдік көрсеткішіне қандай әдебиет нұсқалары жатқызылуға тиіс және олардың мазмұны мен сипаты қандай болмақ деген сұрақтардың нақты жауабы әдеби тілдің анықтамасымен тікелей байланысты. Ал әдеби тіл деген ұғымды әр түрлі түсінудің салдарынан зерттеулерде оған қатысты проблемалық мәселелер әрқалайша баяндалып жүр.

Біріншіден, тіл білімінде біраздан бері қалыптасқан дәстүрлі тұжырымдар бар. Мәселен, белгілі тіл маманы О.С.Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігінде«: Әдеби тіл дегеніміз белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей міндетті және «дұрыс» деп қабылданған нормасы бар тіл«, – деген анықтама беріледі.

Осыған жақын анықтама Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковалардың «Лингвистикалық терминдердің анықтама сөздігінде» де кездеседі. Олар әдеби тілді «халықтың әр қилы мәдени қажеттілігіне қызмет ететін нормаланған тіл яғни көркем әдебиеттің, публицистикалық шығармалар мен мерзімді баспасөздің, радио, театр, ғылым, мемлекеттік ұйымдардың т.б. тілі» деп айқындайды. Осы анықтамаларды негізге ала отырып, орыс тілі білімпаздары орыс әдеби тілінің әр дәуірдегі тарихын сөз еткенде жоғарыдағыдан басқа да оның көптеген басты және қосалқы белгілері мен ерекшеліктерін көрсетіп отырады. Яғни бұдан біз әдеби тіл категориясынын тарихи құбылыс екендігін, оның әр дәуіріндегі (кезеңдегі) даму дәрежесінің бірдей болмайтындығын, соған сай оның негізгі белгілерінің де құбылып, өзгеріп отыратындығын байқаймыз.

Әдеби тілдің көрнекті маманы академик Ф.П.Филин былай деп жазған еді:

«Шындығында, ұлттық дәуірдегі әдеби тіл мен ұлтқа дейінгі кезеңдегі әдеби тіл арасында олардың құрылымы жағынан болсын, қоғамдық қызметі жағынан болсын, сапалы айырма болады. Әдеби тілдің жоғарыда біз көрсеткен бслгілері тұтастай алғанда көне орыс әдеби тіліне және басқа да ертедегі тілдерге сай келе бермейді«.

Сонымен, әдеби тіл дегеніміз не? деген сұраққа бірқатар қазақ тілі мамандары қазіргі дәуіріге сай келетін анықтама мен белгілерді келтіріп жауап беріп келді. Мәселен, «Қазақ әдеби тілі тарихы» атты 1968 жылғы оқулық авторлары «Әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл» деген анықтамабереді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:

Ең алдымен, әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады, ал шешен сөз ауызша тілге негізделген.

Екіншіден, әдеби тіл нормаланған тіл болуы керек, ал шешен сөз нормаға жүгінбейді.

Үшіншіден, әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек «тілдің стильдік жүйелерінің саралануы – тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі«.

Төртіншіден, тіл – қоғамдық қызметі ерекше тіл«. «Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі«, «тілге орамды, жүрекке жылы тиетін» элементтері ұштала түседі. Солай бола тұрса да, әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, сол шеңберде ғана қарап, әдеби тілді жазба тілмен балама ден тану, екінші жағынан, әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени тарихынан бөліп алып қарау, соның негізінде жазуы жоқ, не жазуы дамымаған я кеш дамыған халықтың әдеби тілі де жоқ деген үзілді—кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді.

Әдеби тілдің жүйелілік, нормалық, сымбаттылық қасиеттері, өмір сүру формалары мен стильдік сипаты, қоғамдық қызметі оның мәнінен, басты қасиетінен туындап, нақтылы қалыптасу жолы мен кезеңдері арқылы әдеби тілдің даму процесі айқындалады.

Дүние жүзіндегі барлық әдеби тіл атаулыға бірдей, сондай—ақ әдеби тілдің барлық кезеңіне ортақ әмбебап анықтама болмайды. Ал белгілі бір кезеңдегі әдеби тілдің анықтамасын түзіп, негізгі белгілерін айқындағанда, әр дәуірдегі әдеби тілдің нақтылы мүмкіндігі, қызмет ету сферасы, оған жүктелетін міндет, өмір сүру формасы ескерілуі керек.

Дегенмен, әдеби тіл дегеніміз қандай тіл дегенде, негізінен, оның үш қасиетін баса көрсеткен жөн. Біріншіден, жергілікті диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпы қауым «дұрыс» деп тапқан нормасының болуы; Екіншіден, сол нормалардың қоғам мүшелерінің бәріне бірдей міндеттілігі; Үшіншіден, оның қоғамды ұйымдастырушылык яғни, қоғамның рухани, мәдени қажетін өтей алатындай әлеуметтік қызмет атқаруы. Ал қалған белгілерді әдеби тілдің даму дәрежесіне қарай бірде қосып, бірде алып отыруға болатын тәрізді.

Әдеби тіл қашан және қалай қалыптасқанына қарамастан, жалпы халықтық тілдің сұрыпталған, сымбатталған түрі болып табылады да, бір жағынан сол жалпы халықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүріп отырса, екінші жағынан, жалпы халықтық тілдің әдеби тілге енбейтін бөліктерімен /қарапайым сөйлеу тілі, диалектизмдер мен кәсіби сөздер, жаргондар мен варваризмдер т.б./ әр түрлі қарым—қатынаста болады.  Сондықтан да әдеби тілдің жалпы халықтық тілмен қарым—қатынасы, одан алатын орны, әр кез, әр кезеңде бірдей, біркелкі болмақ емес, өзгеріп, дамып, құбылып та отырады.

Жалпыхалықтық тіл өзі қызмет ететін халық өкілдерінің арасындағы қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірде оның рухани байлығын жарыққа шығаруда, сондай—ақ белгілі бір территорияға ғана, кәсіпкер, іс—әрекетте ғана байланысты аздаған адамдар арасында, тұрмыста да  өмір сүре алады, қызмет ете алады. Ал әдеби тіл оның /жалпы халықтық тілдің/ өңделіп, сұрыпталып, нормалану қасиетін басынан өткізген, ең жоғарғы формасы. Ал, шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады. “Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз. 

Қоғам қашанда дарынды қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Сондықтан біз, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу—тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал—мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру. Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері— атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.

Шешендік сөз – халық даналығы, ақыл—ойдың құймасы, әдеби тілдің бастауы. Дәстүрлі шешендік сөздер – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, жиі қолданып, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер. Шешендік сөз – оқыс айтылған ойларға қисынды әрі жедел жауап қайтару. Көп ойлану, найқалу шешендікке жараспайды. Шешендік сөз суырып салма ақындықпен де туыстас. Десек те, жалпы шешендік өнер тек шартты түрде ғана өнер делінеді, ал шын мәнісінде, бұл – бойында бұған қатысты аса қажетті белгілері жоқ болса да, әрбір адам игере алатын басым дәрежедегі шығармашылық іс—әрекет те. Әрбір сауатты адам үздіксіз де қажырлы, мақсатты да ұмтылысты еңбектің нәтижесінде шешендік өнер негіздерін, яғни, аудитория алдында түсінікті де қызғылықты және иланымды сөз сөйлеу білігін әбден меңгере аларын да жоққа шығармалық (Қыдыршаев А.С. Шешендіктануды оқытудың ғылыми—әдістемелік негіздері. Монография.-Алматы. 2000-270 б.; Қыдыршаев А.С. Шешен –лектор профессиограммасы.-Орал: БҚМУ баспасы, 2004.-56 б.).

Ғұламаларға сүйене ой түйер болсақ, Платон пікірінше, шешендік – сендірудің шебері, оның бар мәні де, міндеті де осында. Ал Аристотель риторика міндетіне сендіру емес, әрбір нақты жағдайларға сәйкесті сендіру амалдарын таба білу енетіндігін айтады. Ғұлама Әбу Насыр әл—Фарабидің пайымдауынша, егер де диалектика тек шынайы білімге негізделген қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалатын ой қорыту тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой—пікір жүйелігіне, ұғымдар үйлесіміне негізделеді. Ахмет Байтұрсынұлының түйіндеуінше, шешен сөз мақсаты – негізгі пікірді баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндірумен қоймай, пікірге нандыру, сендіру, ұйыту, балқыту, иман келтіру. М.Сперанскийше, шешендіктің негізіқұштарлықта, сезімділік мәнісінде. Шешендіктің басты қағидалары – жүрекке әсер етіп, ақылды бағындыру. Ф.Честерфильдше, шешендіктің түп мақсаты – адамдарды иландыру. (Қыдыршаев А.С. Шешендік тағылымы. Орал, 2006.-7-15-б.б.).

Қазақтың көне тарихындағы, көркем әдебиетіндегі шешен—билерді (Майқы, Кетбұға, Асан қайғы, Жиренше, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Сырым) түгел түптеп білу, мұраларына үңілу, керегінше пайдалану да жас ұрпаққа қажетті қағида. Шешендік өнердің туып, қалыптасуы қоғамның пайда болуымен байланыстылығы туралы пікірді қазақ шешендік өнерінің даму тарихы да дәлелдейді. Демек, қазақ халқының зор мақтаныш боларлық мәдени бай мұраларының мол саласы – әдебиет мұрасы. Философиямен қабысқан терең ой—пікірлер арнасынан асқан ақыл, сезімді сергітіп, жүрек тербеткендей қажырлы қайрат, екпін, ынта, аңсаған әділдік, бой шымырлатып, жүйе босатарлықтай сөз – осылардың бәрі қазақ халқының ауыз әдебиетінің асылдығын көрсететін қасиеттер. Сол себептен де «Өнер алды –қызыл тіл» дейді қазақ мақалы. Қазақ халқы адам баласының қоғамдық қатынасының ең маңызды құралы сөзді өте жоғары  бағалай білген. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп, орынды айтылған жақсы сөздер отыз тістен шығып, рулы елге жайылған, көпке өнеге болған. Мұндай жүйелі сөздер ауыздан—ауызға көшіп, атадан балаға ауып, біздің заманға да жеткенін көреміз. Қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ауыз әдебиеті – түпсіз бұлақ, бітпес мол қазына. Қазақ халқының мәдени мұрасының ішінде көпке дейін ойдағыдай еске алынбай, зерттеу жағынан кенже қалып келген өткендегі ұлы сөз аталарының, айыр көмей, темір жақ шешендерінің қамал бұзарлықтай қаhарлы, жүйе босатарлықтай жылы сөздері, өмірді кеңінен алып, заманында кемеліне келтіре сөйлеген би—шешендердің ескіден қалған нақыл сөздері қазақтың ауыз әдебиетінен көрнекті орын алады. Шешендерден қалған мұндай шебер сөздер, бір жағынан,қазақтың елдік, қоғамдық өмірінің күллі қырларын елестететін айнасы болса, екіншіден, халықтың ой—пікірінің, сана—сезімінің, жалпы дүниетанушылық көзқарасының арнасын, жеткен кемелін көрсетеді. Әділетті сағалаған шешен—билердің, ақыл айтқан қадірлі ақсақалдардың атақтарын іргелі қазақ еліне әйгілі еткен – олардың ұлт атынан, іргелі ел, аймақ атынан айтқан шешен сөздері, әділ биліктері, өмірдің өзгешеліктерін ақылға салып, өлшей айтқан болжал сөздері. Бұл тұрғыдан келгенде, от ауызды орақ тілді шешен—билеріміз – ұлт көшбасшылары.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, фольклорындағы ауызша айтылған сөздердің иесі бары, айтушының аты белгілісі, тек осы шешен—билер сөздері ғана. Аталы сөздері іргелі елге жайылып, шешендік даңқтары талай заманды басып өтіп, өзгермей, өшпей, мұра болған ақылгөй адамдар қазақ халқында жүздеп саналады. Өз басы ғана емес, сөзге жүйрік болған аталарын былай қойғанда, түу ата тегінен бері қарай, тұқым қуалап, төңірегінің көбі шешендікке ие болғандардың өзі сан алуан. Бізге сөздері жеткен шешендердің көпшілігі қазақ хандығы орнағаннан бастап көрінеді. Демек, қазақтың үш жүзіне ортақ, сонау әріден келе жатқан Асан қайғы, Жиренше шешен, Сыпыра жыраулар – өткенді өрнектей ойына тізіп, кезеңін кеңінен қамтыған, келешекті болжағыш, нағыз самғаған саңлақтар. Шешендіктері шешеннен асып, батпан бұлды сөздері еттен өтіп, сүйекке жетіп, жазықтыны жанынан түңілдірген сөз иелерінің атақтары Алтын орда хандығы ыдырап, қазақ хандығы ерекшеленген замандардан бері қарай анықтала бастайды. Сол тұстағы халық абыройына ие болған дүлдүл қазақ шешендерінің қай—қайсысы да екі ауыз аталы сөздерімен ердің құнын, рулы елдің ісін бітірген деседі. Ендеше, қазақ халқының ертедегі елдік мәні бар істерінің бәрі осындай аталы сөз айтқан көсемдерінің алдына келіп шешілетін болған, шешендердің айтқан құнарлы сөздеріне жұрт бағынатын болған. Бұл сөздерді мазмұн жағынан алып қарасақ, өмірді кеңінен шолып, тереңнен қамтығаны байқалады. Мұндай шешендер аз сөйлеп, көп айтқан. Естіген, білгендерін көңілге көп түйіп, сөздерін көпке бірдей әділдікке сүйей, тұжырымды етіп, тәлім—тәрбиелік мәнін өсіре, жауыздықтан аулақтата, жақсылықты үлгі ете, сөз тыңдаушыларды жетелей сөйлеген. Көптің басына қауіп төніп, ел шетіне жау тақалған замандарда, болмаса ел мен ел егесіп, қару күшін сарқып, көп есеге салған күндерде, не болмаса хандардың қаталдығы, білегі жуан белділердің әділетсіздіктері шектен асып, қауымның қабырғасына батқандай кездерде, шешен билердің елдік мәні бар ем сөздері ондайларға тойтарыс беріп, енді қайтып беттетпейтін болған. Әз Жәнібек, Әз Тәуке замандарын былай қойғанда, қазақтың етек—жеңі біркелкі жиналып, іргелі ел болған кезі Абылай хан заманы болса, ол кезең қазақ халқының тарихында өзгеше көрінеді. Ақылды Абылай елдің ақылгөйлерін төңірегіне жинап, елеулі іс істеуге ұмтылған. Ол кездерде қазақ халқының байтақ жер—суы мен байлығы сырт дұшпандардың тынышын ала берген. Қазақ елі талай жауларымен жағаласып, көп қиыншылыққа кездесіп отырды. Сол күндерде елге ақылшы болып, батырлармен бірге елдің елдігін, бүтіншілігін, намысын қорғасқан да осы сөз иелері – шешен, билері. Әз Жәнібек заманында қазақта екі—ақ түрлі кісі болыпты: бірі – батыр, бірі – би деу де осыны дәлелдейді. 

         

                                   Нұрай БЕКТІБАЙ,

Қаратал ауданы, Ахмет Байтұрсынов атындағы МДШО бар орта мектебінің түлегі 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» кәсіби волейбол клубының спортшыларымен жүздесті

«Жетісу» кәсіби волейбол клубының спортшыларымен жүздесті

12.08.2026
Экономикалық серпін: «Әділет» партиясы Жетісуда даму жоспарын таныстырды

Экономикалық серпін: «Әділет» партиясы Жетісуда даму жоспарын таныстырды

12.08.2026
Тарихи сабақтастық

Уақыт талабы

12.08.2026
Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

12.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

12.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.