Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ 100 ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕРДІҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ

9 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ 100 ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕРДІҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аналар мерекесіне орай Алакөл ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Алмас Абдинов ғасыр жасаған әжелердің шаңырағына бас сұғып, мейрамымен құттықтады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алдымен Көктұма ауылының тұрғыны, құрсағына біткен 10 баласынан 35 немере, 26 шөбере сүйіп отырған 100 жастағы Тұрсынхан Нарымбаевамен жолықты. Бүгінде бүтіндей бір ауыл болып отырған әулеттің үлкені, бала-шағамның қамы деп қандай жұмыс болса да қаймығып көрмеген әжей: «Шырақтарым, елеп-ескеріп, құттықтауға келгендеріңіз үшін рақмет. Қарттық көңілге бұдан асқан ілтипаттың да керегі шамалы. Көрерімізді көрдік, жасарымызды жасадық. Енді перзенттеріміздің қуанышына марқайып отырмыз. Менің жасымды сіздерге де берсін», — деп, дұғалы батасын берді.

Келесі кезекте киесі кимешегінен сезілер ақ жаулықты әже, Үшарал қаласының тұрғыны, тыл ардагері Күләш Шәріпжанқызының үйіне ат басын барды. 7 құрсақтан 28 немере мен 13 шөбере көріп отырған қария көзіне жас ала: «Біздің жас кезіміз жұмыс таңдайтын заман емес еді. Қайда жұмсаса сонда жүрдік. Талай аумалы-төкпелі кезеңдерді бастан өткердік, тар жол, тайғақ кешулерде сүріндік те, бүгілдік те. Алайда қайта тұрып, бала-шағаның қамы деп алға адымдай бердік. Перзенттерімізге деген кіршікіз махаббат бойымызға ерекше қуат дарытты. Қазір ел тыныш, жұрт аманда немер-шөберелердің арасында бақытты ғұмыр кешудемін. Не ішемін, не киемін демейсің, еңбегіңе қарай барлық жағдай бар. Біз мұндай заманды көреміз деп ойлаған да жоқпыз», — деді.

95 жастағы Күләш әжеден кейін «Алтын алқа» иегері, Қабанбай ауылының тұрғыны, 9 баладан 10 немере, 12 шөбере сүйген Қайыпжамал Манарованы құттықтап, арнайы сыйлықтарын табыстаған аудан әкімі: «Қазіргі жастарға үлгі болар темірқазық тұлға ретінде өздеріңізді әспеттеуге толықтай негіз бар. Ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағы тікелей өздеріңізге байланысты», — деп, сый-сияпат ұсынды.

Сапар соңында әкім теректілік 93 жастағы Екатерина Фроловамен жолығып, хал-жағдайын сұрады. Мейрамға орай ізгі тілегін жеткізіп, сыйлықтарын табыстап қайтты.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Бүгін, 11:35
Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30
Халықты әлеуметтік қолдау бойынша пилоттық жоба іске асады

Еңбек министрлігі 2027 жылы жаңа пилоттық жобаны бастайды

Бүгін, 11:01
Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Бүгін, 10:30
Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Бүгін, 10:21

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.