Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЛАМГЕР ӨНЕГЕСІ

20 сәуір 2022
РУХАНИЯТ
ҚАЛАМГЕР ӨНЕГЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қапшағай қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен  ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қапшағай қаласының Құрметті азаматы, «Үздік өлкетанушы»,  оннан  астам  кітаптың авторы Жұмахан Қожамқұлдың 60 жас мерейтойына арналған «Тарихқа қалам тербеген» атты бенефис кеші өтті. 

Бар ғұмырын бабалар тарихына арнап, кейінгі жас ұрпақты сүбелі шығармаларымен сусындатып, тарихтың қойнауында қалып қалған алтын, жақұттарымызды жарыққа шығарып, оқырманның ыстық ықыласына бөленіп жүрген Жұмахан Нұрлыбайұлы нағыз еңбекқор азамат. Жазушының еңбектері елді елең еткізбей қоймайтыны анық. Мұрағаттардың шаңын қағып, іздегенін табу жолында аянбай тер төгетін талант иесі. Әрбір шығармасы бүгінгі күннің жата-жастана оқитын оқулығына айналды. Бабалар тарихын жаңғыртуда істеген еңбектері ұшан- теңіз. Нақты, дәлелді, оқиғалы болып келетін кітаптары қалың оқырманның санасына ой салатын құндылыққа айналғанын біз жақсы білеміз. Тарихқа терең бойлап, мұхит түбінен маржан сүзген ағамызды Қапшағай халқы жақсы біледі. Алпыстың асқарына шыққан Жұмахан Нұрлыбайұлымен қалалық кітапханада болған кездесу келген қонақтарға ой салғаны сөзсіз. Кеш қонақтары өз естеліктерін айтып, жазушының әр шығармасына талдау жасап,  ерен еңбегіне жоғары баға беріп отырды.
Кеш барысында қалалық кітапхана директоры Назым Кенжебекова  Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаевтың құттықтау хатын табыс етіп, иығына шапан жапты. 
Әсерлі кеште жазушының өмірі мен  шығармашылығы туралы «Қаламгер өнегесі» атты бейнефильм көрсетілді. Бенефистің негізгі бөлімі сұрақ-жауап ретінде өтті. Жұмахан Нұрлыбайұлы шығармашылығы, Қытайға және басқа елдерге барған іссапарлары, тарихи тұлғалар туралы туындылары жайлы және бастан өткізген қызықты сәттерінен сыр шертті. 
Бенефис кештің арнайы қонақтары Қараша Қараман Жұмахан Нұрлыбайұлымен таныстығын айтса, Ғабит Ақтайұлы шежірелі Шеңгелді өңірінің мектебіне Қадырғали Жалайырдың есімін беру мен сол мектептен мұражайдың және «Бөлек би» қорының ашылуына қосқан үлесін тілге тиек етті. Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Серік Ченкебаев та өзінің ыстық ықыласын жеткізіп, Алғыс хат табыс етті. 
Туған жерінің тарихын түлеткен жазушыға ауылдастарының құрметі ерекше. Барлығымен бірлесе жүріп, келелі істің бастаушысы да, қоштаушысы да бола білген Жұмахан Қожамқұл ағамыздың жалпыға ортақ екенін осы кеште байқағандаймыз. Шеңгелді ауылдық аналар кеңесінің төрайымдары, қалалық, Шеңгелді және Қосқұдық ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен Ауған соғысы ардагерлер қоғамының төрағасы Жұмахан ағаға құрметін көрсетіп, қошеметке бөледі. Сонымен қатар, ақын, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі, Қапшағай қаласының Құрметті азаматы Алтыншаш Жақиянова Жұмахан Нұрлыбайұлына арнауын оқып, кештің шырайын одан ары асырды.
Кеш барысында Арна ауылдық клубының әншісі Бұқас Амалият халық әндері «Жанерке» және «Еркемайды» орындап, кездесуді желпінтіп, келген қонақтар мен жазушының мерейін үстем етті.
Бенефис соңында қаламгер кеш қонақтарына алғысын білдіріп, өзінің туындыларын тарих пәнінің мұғалімдеріне және кеш қонақтарына қолтаңбасымен тарту етті. Кеш соңы Қапшағай қалалық кітапханасы жанынан құрылған «Масат» клубының  мүшесі Әлімжан Айғанымның  «Жалайыр» әнімен аяқталды.

Аида Иманбаева,
кітапхананың оқырмандарға қызмет  көрсету бөлімінің меңгерушісі
Қапшағай қаласы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.