Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 84 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫ ПЫШАҚТАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

3 маусым 2020
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 84 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫ ПЫШАҚТАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері Есік қаласының 84 жастағы тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ мүшесін құрықтады. Бұл жайында Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Оқиға биыл сәуір айында орын алған. Түн ішінде қарақшылар қарияның үйінің есігін бұзып кіріп, егде жастағы кейуананы қорқытып, ақша талап еткен. Жымысқы ойлары іске аспаған күдіктілер отағасын соққыға жығып, қолға ілінген құнды заттарын алып, белгісіз бағытта із суытқан.

— Полицияға арыз берген зардап шегушілер үй мүлкінің ұрланғанын хабарлаған. Дегенмен, бірнеше күннен кейін денсаулығы нашарлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінген кезде қариялардың үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қайта қаралып, қарақшылық жасау дерегіне өзгертілді. Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін ең тәжірибелі мамандар есебінен топ құрылды. Қылмысты ашуға бағытталған кең ауқымды іздестіру шаралары барысында із кесушілер қарақшы топ мүшелерін анықтап, олардың біреуін Түркістан облысынан ұстады, — деді Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

Аудандық полиция басшысының айтуынша, 84 жастағы қарияның қарсылық көрсететінін есепке алмаған күдіктілер оның кеуде тұсына пышақ жарақатын салған. Үй иесінің құлаған сәтіп пайдаланған олар қолға ілінген бағалы заттарды алып кеткен.

— Қылмыстың ашылатынына сенбегендіктен біз полицияға тек ұрлық болды деп хабарладық. Пышақ жарақатын жасырып, үйде емдедік. Дегенмен, бірнеше күннен кейін жолдасымның жағдайы нашарлағандықтан ауруханаға бардық және полиция қызметкерлеріне хабар берілді. Тәртіп сақшыларының біліктілігіне дән рнизамын. Қарияларға күш көрсетіп, оларды тонап, өміріне қауіп төндірген топ мүшелерін әшкереледі. Материалдық шығынымызды толығымен өтеп берді. Өзге өңірге барып жасырынған қарақшыны тапқан полицейлер өз ісінің шебері екенін дәлелдеді. Қиын сәтті моральдық көмек беріп, қылмысты ашқан тәртіп сақшыларына алғысымыз шексіз, — деді күдіктілерден зардап шеккен кейуана Светлана Дубовецкая.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 1983 жылы туған Түркістан облысының тумасы Сайрам ауданында ұсталып, қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікпен Еңбекшіқазақ ауданына жеткізілген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат аудандық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тәртіп сақшылары топ мүшелерінің бұдан өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.