Талдықорған: +36°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ. ЖЕҢІМПАЗ КІМ?

08.04.2022
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ. ЖЕҢІМПАЗ КІМ?
WhatsAppTelegramFacebook

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттауға арналған байқау кезекті рет Алматы облысында жоғары деңгейде өтті.

Талдықорған қаласындағы М.Ломоносов атындағы мектепте ұйымдастырылған Мұқағали оқуларына Алматы облысы білім басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі, «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы мұрындық болды.

Әдеби додаға облыстың әр аймағынан 63 оқушы қатысып, жырқұмар дарындылар үш аталым бойынша бақ сынады. Қатысушылар «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты бағытта Мұқғали Мақатаевтың өлеңдерін оқыса, «Жыр эстафетасы» аталымында «Аққулар ұйықтағанда», «Алтай-Атырау», «Райымбек-Райымбек» поэмаларын жатқа айтты. Ал «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» бағытында оқушы өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан тұратын өлеңін қазылар алқасының таңдауы бойынша оқыды.

Қазылар алқасы қатысушылардың тілінің тазалығы, сахна мәдениеті, мүдірмей жатқа айтуына, көркем оқуына баса мән берді. Жарыс барысында әр оқушының өнер көрсетуінен кейін әділқазылар ұпайларды көрсетіп отырды. Бағалаудағы шекті балл 10 ұпай болды.

– Жылдағы дәстүр бойынша Мұқағали оқулары өтті. Әр бағытқа 1 оқушы, аудан-қала бойынша барлығы 3 үміткер ұсынылады. Мұзбалақ ақынның шығармаларына сусындап өскен жастар поэзия бәйгесінде бақ сынады. Өздеріңіз білесіздер, пандемия кезінде барлық жарыстар онлайн форматта ұйымдастырылған еді. Араға екі жыл салып үлкен байқауда бас қостық. Осы уақыт аралығында ұстаздар мен сайысқа қатысушылардың дайындықта біршама ақсағанын байқадық. Алдағы уақытта бұл кемшіліктерді түзетеміз, – деді Алматы облысы білім басқармасының бас маманы, қазылар алқасының мүшесі Руслан Арысланов.

Бес сағатқа созылған байқауда кіл мықтының ішінен шын жүйрік суырылып шықты. Әр бір оқушы қарым-қабілеті мен дайындық деңгейіне қарай жүлделі орындардан көрінді.

Сайыс қорытындысы бойынша, «Айтып  өткен ақында  арман  бар  ма?» аталымын Ұйғыр ауданынан келген Мөлдір Ермұқанова, «Жыр эстафетасы» бағытында Талғар ауданының намысын қорғаған Мадияр Ерқанат, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» кезеңінде Еңбекшіқазақ ауданының оқушысы Ербол Медетбекұлы жүлделі 1 орынды қанжығаларына байлады.

Жарыста қатарынан оқ бойы оза шауып, республикаға жолдама алғандардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі — Мадияр Ерқанат. «Мен «Жыр эстафетасына» қатыстым. Жарысқа дайындық барысы қызу өтті. Облыстық Мұқағали оқулары болғандықтан бәсеке де мықты болары анық. Дегенмен, өзімнің дайындығыма сендім. Алғашқы  айналымнан жүлдегер атанатынымды сездім», — дейді Мұқағали Мақатаев оқуларының 1-орын иегері.

Әр бағыттағы жүлдегерлер санына келер болсақ, 2 орын — екеу, 3 орын — үшеу болды. Осылайша, поэзияны жанына серік еткендер лайықты тұғырынан табылды.

Анар САБЫРОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026
Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

26.06.2026
«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

26.06.2026
Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Жаңбыр мен аптап қатар келеді: Елдегі ауа райы қандай болады?

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.