Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕН БАЙҚАУ ӨТТІ

13 қараша 2018
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕН БАЙҚАУ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда «Ділмар» шешендік өнер байқауы ұйымдастырылды. Онда оқушылар баяғы би-шешендерше шешіле сөйлеп, жырауларша толғады. Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаты мен «Зейнолла Сәнік» мәдениет қоры ұйымдастырған өнер сайысына 10 облыс және 3 қаладан іріктелген 8-10 сыныптарда оқитын 28 оқушы қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған аталмыш мектеп директоры Роза Сексенова байқаудың мәні мен мазмұнына тоқтала келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Шешендік өнер – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі. Халқымыздың рухани қазынасы. Бүгінгі ұрпақ сол құндылықтарды ұлықтап, асыл сөздерден ғибрат алып жатса қандай ғанибет! Сол арқылы сөйлеу мәдениеті мен тіл тазалығы қалыптасады. Міне, байқаудың ең басты мақсаты да осы, – деді Роза Ербозымқызы.

Алпыс жылдық тарихы бар Абай атындағы мектеп-интернаты – қазақ руханиятының киелі шаңырақтарының бірі. Сонау кеңес заманынан бері жас ұрпақтың бойына ана тілінің қасиетін сіңіріп, төл әдебиетін тереңнен танытып келеді. Бүгінде ел тұтқасын ұстап отырған мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер мен мәдениет майталмандары осы мектептің түлектері болғанын мақтанышпен айтады. Композитор Кеңес Дүйсекеев, «Егемен Қазақстан» газеті» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев секілді көптеген тұлғалар оқушылар үшін үлгі-өнеге. Ол кісілер де өздері білім алған алтын ұясын қазақ тілі мен әдебиетінің ұстаханасы деп әспеттейді. Елімізде тұңғыш рет өтіп отырған шешендік өнер жарысының дәл осы шаңырақтан бастау алғанын жиналғандар жақсы ырымға балады.

Аталған байқауға белгілі қаламгерлер, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын Серік Қалиев, «Қазақ радиосы» Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы және әдебиеттанушы ғалымдар Ботагөз Сүйерқұл, Береке Жұмақаевалар төрелік етті.

Сайысқа қатысушы жас өрендер ең алдымен би-шешендердің сөздерін мәнерлеп оқудан жарысты. Атадан қалған асыл сөзді нақышына келтіре орындады. Тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырды. Майқы, Мөңке, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер мен Бұқар, Ақтамберді жыраулар қайта тіріліп, сахнада өздері сөйлеп тұрғандай әсерге бөледі. Орақ тілді, от ауызды бабаларымыздың өлмейтін өткір сөздері қайта жаңғырып, жүректерді тербеді. Одан кейін үміткерлер сан-алуан сөз тіркестерінің астарына үңіліп, оның мәні мен мазмұнын ашып, тапқырлықтарын паш етті. Байқаудың үшінші кезеңінде өздеріне берілген тақырыпты нақыл сөзбен, мақал-мәтелмен өріп, шешендіктерін танытты.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын сәт те келіп жетті. Бас жүлдені Жамбыл облысынан келген Бекзат Әбілда қанжығасына байлады. Бірінші орын Абай атындағы мектеп-интернатының оқушысы Айым Айтпанбетке бұйырды. Алматылық Самғат Нұрланұлы мен Шығыс Қазақстаннан қатысқан Баян Тілеухандар жүлделі екінші орынға қол жеткізді. Ал, үшінші орынды түркістандық Аягөз Әбдуалиева мен маңғыстаулық Жанболат Ұзақбаевтар еншіледі. Сондай-ақ, тағы бес оқушы арнайы жүлделерге ие болды. Жарыс жеңімпаздарына Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Өткір тілді, өр мінезді жастардың өнері көрермен қауымды ерекше сүйіндірді. Аталарына тартқан ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуандырды. Байқауға келген барлық оқушылардың бабалар ғибратын жадына тоқып, көңілдеріне түйіп қайтқандары анық.

Болат МӘЖИТ,

«Жетісу»

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.