Талдықорған: +37°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ТАЛҒАР АУДАНЫНА АТБАСЫН БҰРДЫ

25.04.2022
РУХАНИЯТ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ТАЛҒАР АУДАНЫНА АТБАСЫН БҰРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі №863 Жарлығына сәйкес, Алматы облысына іссапармен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар ОМАРОВ Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы «Жетісу» газетінің Талғар ауданындағы меншікті тілшісі хабарлады.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен кездесу барысында ақпарат саласын дамыту, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясаты, дін, этносаралық қатынастар, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері талқыланды. Кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Байжұманов, Талғар ауданының әкімі Қ.Әбдіханов, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, аудан тұрғындары мен жастары қатысты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асқандығы болар, ауданға атбасын бұрған Ақпарат және қоғамдық даму министрі елмен емен-жарқын диалог өткізді.

— Ең алдымен, Қасиетті Рамазан айымен барлықтарыңызды құттықтаймын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, – деп сөз бастаған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Қуанышұлы өзінің баяндамасында министрліктің негізгі жұмыстарына тоқталды. – Біріншіден, біз азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша үлкен жұмыстарды жүргіземіз. Бүгінгі таңда республика бойынша әлеуметтік маңызды жұмыстармен айналысатын 22 мың үкіметтік емес ұйым бар. Мемлекет тарапынан барлық үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетілуде.

Осылай деген министр елімізде азаматтық белсенділіктің деңгейі артып келе жатқанын атап өтті.

Былтыр Алматы облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 92 жобаға 199 млн.теңге бөлінген. Биыл бұл сома 495 млн.теңгені құраған. Бұған 112 жоба қатысатын болады. Өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсім бары байқалады. Бұл шаралар азаматтық қоғамды дамытуға бағытталады. Өйткені, азаматтық қоғам – мемлекеттің дамуында айтарлықтай маңызға ие. Сондықтан да, министр облыстық әкімдіктің азаматтық қоғамды дамытуға ерекше назар аударуы қажеттігін атап айтты.

— Қазіргі уақытта қоғамдық кеңестер құрамын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кейбір өңірлер бойынша министрлік тарапынан сын бар. Бірақ Алматы облысы бойынша кемшілік жоқ, – деген министр еріктілер қозғалысына да ерекше мән беріліп жатқандығын сөз етті. Әсіресе, асар жасау ықылым заманнан жалғасып келе жатқан ата дәстүр екендігін, сондықтан, еріктілер тобының пандемия мен қаралы қаңтарда көп қолғабыс жасағандарына ризашылығын білдірді.

Министр Президент Жарлығымен «Еріктілер жылы» аталып, «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлықтың тағайындалуы еріктілер жұмысын ширата түсетіндігі туралы ойын ортаға салды.

Министрліктің маңызды бағыты – бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын жақында бәріміз тыңдадық. Сол Жолдауда БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігі мен жауапкершілігін арттыруда ақпарат саласындағы заңнама қажеттігін атап өткен.

— Біз қазір сол БАҚ туралы Заңды қайта әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жақында «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» алаңында Қазақстанның Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесуде БАҚ-қа қатысты бірталай мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Қазіргі уақытта БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылып, жұмысын бастады, – деген министр Асқар Қуанышұлы БАҚ-ты дамытуға баса назар аударылып отырғандығын баяндады.

Бүгінгі күні Алматы облысында 218 БАҚ жұмыс істейтіндігін атап өткен ол сөз кезегінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты уақытылы өткізуді қамтамасыз ету қажеттігін де құлағдар етті.

Аталған министрліктің тағы бір бағыты – жастармен жұмыс істеу. Жастар саясатын жүзеге асыру. Қазақстанда 3,7 млн.жас тұрса, оның 40 пайызы ауыл жастары. Талғар ауданында ресми статистика бойынша 49 мың жас азамат бар. Қазір жастарды қолдау бойынша көптеген механизмдер мен жаңа жобалар жүзеге асуда. Айталық, «Алғашқы жұмыс орны» және «Zhas Project» жобалары, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарымен қаржыландыру шеңберінде тиісті шаралар жүзеге аспақ. Осы жобалар бойынша еңбекке араласып, кәсібін ашудың мүмкіндіктері мол екендігі де егжей-тегжейлі тарқатылды.

Өткен жылы бизнесті жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге 30 грант бөлініп, байқау жарияланған. Оған Алматы облысынан екі жас қатысыпты. Бірі Жамбыл ауданындағы Әсет Бейсеуов атындағы мектептің мұғалімі биомеханикалық протез дайындау үшін грант иеленсе, екіншісі жиһазды қайта қалпына келтіретін жобасы үшін грант ұтып алғандығын атап өтті. Грантты Президент өзі тапсырған. Бұл жастар ісінің ілгерілеуіне зор мүмкіндік екендігімен баяндамасын түйіндеген министр А.Омаров бұдан әрі халықпен ашық диалогқа көшті.

Министрмен кездесуге келген тұрғындарға сөз кезегі тиісімен ащы да болса ақиқатын іздеген маңызды мәселелердің тиегі ағытылды. Ол, әрине, алдымен көпбалалы аналардың баспанаға қол жеткізе алмауы, үй алу кезегінің жылжымауы сынды жанайқайы болса, енді бірі ауыл жастарының жұмыссыз жүргендігін, кәсібін ашуға қолдау таппайтындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің мүшелерін қайта сайлау, ауылдағы ҮЕҰ-ның мәселелері, аккредитация, тіпті, жол мен ауызсудың проблемалары да еш кедергісіз министр назарына ұсынылды.

Келелі кездесуде ауданның ардақтылары, танымал қаламгерлер Мұса Жанәділов, Қорғанбек Аманжолов, Бексұлтан Көлбаев, Тұрсынбек Жалғасбаев, Камнұр Тәлімұлы, кәсіпкер-ұстаз Найля Үмбетовалар дін мен тіл, аудандық газетке қатысты өткір де өзекті мәселерді көлденең тартты.

Уақыттың шектеулі болуына қарамастан тұрғындардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Қуанышұлы олардың әрбіріне тұщымды жауап қайтарды. Және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Кездесуден кейін БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, журналистерді толғантқан сауалдарына нақтылы жауаптар қайырған Асқар Омаров артынша азаматтарды жеке қабылдады.

Алматы облысына арнайы атбасын бұрған министр сапар соңында Талғар қаласындағы саябаққа барып, жастармен кездесіп, пікір алмасты.

Ұлбосын ИСАБЕК

Фото — Жұмабай МҰСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026
Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

26.06.2026
«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

26.06.2026
Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Жаңбыр мен аптап қатар келеді: Елдегі ауа райы қандай болады?

26.06.2026
Қазақстандықтарға Дубайға бармауға кеңес берілді

Қазақстандықтарға Дубайға бармауға кеңес берілді

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.