Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АРМАНЫ АСҚАҚ АСЛАН

5 қазан 2020
РУХАНИЯТ
АРМАНЫ АСҚАҚ АСЛАН
WhatsAppTelegramFacebook

Жеке кәсіпкер Аслан Алтынбекұлының есімі Сарыөзек кентіне кеңінен танымал. Ол өзінің шағын ғана шеберханасында істен шыққан тұрмыстық техникаларды қайта жасаумен айналысады.  Өмір үшін күресіп жүрген азаматтың арманы асқақ, мақсаты айқын.

Қандай іс бастаса да үлкен жауапкершілікпен атқаратын ол «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жүзеге асыратын «Бастау» жобасына қатысып, қайтарымсыз 1 миллион 300 мың теңге қаражатты иеленген. Кейіпкеріміз үй техникаларын жөндеу туралы жобасын ұсынып, нәтижесінде аудан орталығындағы «Ырыс» сауда үйінен жалға орын алып, өз кәсібінен нәсіп тауып отыр. Ең алғаш теледидар жөндеу ісімен айналысып, талай шаңырақтың көгілдір экранын қайта іске қосқан. Осыдан кейін оны іздеп келушілердің қатары артып, тұрмыстық техникалар шағын үйіне сыймай кетеді. Кейін тұрғындар оны «Телемастер Аслан» деп атайтын болған. Шағын бөлмеде тұрмыстық техникалардың нәзік талшықтарын лупамен қарап, ертелі-кеш көз талдыратын жұмыстан ләззат алатын азаматтың о бастан-ақ алға қойған мақсаты биік еді. Жас та болса бас болған шебер үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Қазір шебер жігіттер плазмалық, сұйық кристалды, лед-экранды жаңа теледидарларды жөндеуді меңгеріп жүр. Кез келген техниканы іске қоса алатын өз ісінің шеберлері болашақта түрлі техникамен жұмыс істеуге дайындық жасап жүр. 
– Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түрлі қолдау шарасы қарастырылған. Әлеуметтік жобалар біз секілді адамдардың ынтасын арттырады. Қоғамға пайдалы болу біз үшін аса маңызды. Оның үстіне жақсы тұрмыс кешуге бәріміз құқылымыз. Менің санатымдағылардың арасында хас шеберлер бар. Тек оларды танып, білу керек. Мысалы, менің теледидар жасауға қызығушылығымды арттырған Саят есімді ұстазымды зор мақтанышпен айтамын. Сарыөзекте Саят ағаны көпшілік жақсы біледі. Ол кісі нағыз талант еді. Қолынан келмейтін ісі жоқ. Марқұм ағам талай дүниені үйретті. Кейін денсаулығына байланысты көзі көрмей қалды. «Саят  аға екеуміз бірге жұмыс істейік. Сіз айтып отырыңыз, мен жасайын» деп ұсыныс айттым. Ағам қуана келісті. Солай бірнеше уақыт бірлесіп жұмыс істедік. Қазір ұстазымның ақыл-кеңесін күнделікті жұмыста пайдаланамын. Біз істен шыққан тұрмыстық техникалармен қоса ұялы телефондарды да жөндеп жүрген жайымыз бар. Тек аудан тұрғындары ғана емес, көрші ауылдардан да  тұтынушылар келіп жатады. Кей кездерде тапсырыстар тым көп түседі. Сол кезде үлгере алмай қалатынымыз болмаса, жұмысымыз жаман емес. Ешкімге тәуелді болмай, қолымыздан іс келіп, оны атқарар  күш-қуатымыз жетіп тұрса, неге істемеске?», – дейді жас кәсіпкер.  
Шағын ғана берекелі жұмыс орнында халыққа қызмет көрсетіп отырған азаматтар өз істерін тиянақты атқарады. Күніне жоқ дегенде бес-алты техникаға жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Шебер жігіттер көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға арасында тегін қызмет көрсетуді де ұмытпайды. Олар бұл ісін азаматтық парыз санайды. 
–  Адам алға қадам басу үшін жоспар құру керек. Уақытты тиімді пайдаланса ғана жетістікке жетеді. Жоспардағы ендігі жұмыс – құрылыс бастау. Дәл қазір қолымда қыруар қаражатым жоқ. Есесіне жұмыс істесем, жұмыссыз азаматтарға жұмыс тауып берсем, отбасымды, жақындарымды қуантсам, елімнің өркендеуіне аз да болса пайда келтірсем деген ниет бар. Өз ойымдағыдай ғимарат салсам, мықты шеберлерді жұмысқа тартамын. Тұрмыстық техника жасаудың қыр-сырын тереңнен меңгеретін боламыз. Бұл жоспар алдағы  5 жылда іске асуы керек. Енді соған жұмыс істеп келемін. Ең бастысы – жұмыс істеуге деген құлшынысым зор, – дейді еңбекқор азамат.
Аслан былтыр шаңырақ көтеріп, өз алдына отау тігіп, берекелі отбасының отағасы атанды. Ол өзіне артылған жауапкершілік жүгінің артқанына қуанышты. Жас кәсіпкер енді отбасы үшін бар күш-жігерін аямай, еңбек етуде. 
Иә, өмірдің сынағын тағдыр берген сый деп қабылдаған І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат ағысқа қарсы жүзгенді ұнатады. 

Еңлік КЕНЕБАЙ
Сарыөзек ауылы,
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.