Талдықорған: +7°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ауыл іргесіндегі «Assorti Rancho»

21 маусым 2018
РУХАНИЯТ
Ауыл іргесіндегі «Assorti Rancho»
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өлкесінің тамылжыған табиғатына тамсанбау мүмкін емес. Оның қай пұшпағын алып қарасаңыз да өзіндік ерекшеліктерімен көз тартады. Демалуға да, ем алуға да қолайлы ғажап мекен. Қазіргі таңда отандық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Халыққа қызмет көрсететін демалыс орындарының саны жылдан жылға көбеюде. Тынығуға таптырмайтын сондай орындардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Саймасай ауылдық округі аумағында орналасқан «Assorti Rancho».

«Assorti» мейрамаханалар желісі кеңінен танымал. Бүгінде бұл бизнес елдің бірнеше қаласын қамтып үлгерді. Өздерінің дәмді де сапалы тағамдары арқылы жұртшылықтың көңілінен шығуда. Енді олар кәсіптерін жаңаша үлгіде жалғастыруды қолға ала бастапты. Бұдан былай тек қалалық жерлермен шектеліп қалмай, демалыс орындарын әсем табиғат аясында салып жатқандары сондықтан. 
«Assorti Rancho» Саймасай ауылының дәл іргесінде, айдын көлдің жағасында орналасқан. Демалыс аймағына енгеннен бастап тып-тыныш, жанға жайлы мекенге тап болғандай әсерге бөленесің. 
Мұнда келушілердің назары алдымен көл бетінде жүзіп жүрген аққуларға түсетіні анық. Сұлулық символына айналған киелі құстардың бейнесін көріп рахаттанасың. Павлиндерді де осы жерден кездестіресіз. Шағын зообақта бұдан басқа да аң-құстар жетеді. Осының бәрі демалыс орнының шырайын одан сайын аша түскендей.
Мұнда балық аулауға құмар жандар үшін барынша жағдай жасалған. Қармағыңа ілінген олжаңды өз қалауың бойынша көз алдыңда пісіріп береді. Ашық аспан астындағы мейрамханада еуропалық, азиялық үлгіде пісіп жатқан тағам түрлері баршылық. Бұл жердегі басты ерекшелік бөдененің етінен жасалған тағамдарда. Ал, оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі. Тіпті, қазіргі медицина да осыны дәлелдеп отыр. 
– Сіздер көріп отырған демалыс орнының ашылғанына бір жылдың жүзі болды. Жалпы, Есік өңірінің табиғаты керемет. Таңдауымыздың осы жерге түскендігі де сондықтан. Біздің басты мақсатымыз – қонақтарға сапалы қызмет көрсету. Ет-сүт, көкөніс, барлығы да өзіміздің фермалар мен алқаптарда өсіріледі. Сондықтан өнімдеріміз таза табиғи деп ауыз толтырып айтуымызға негіз бар, – дейді «Assorti Rancho» басшысы Рүстем Айтқалиев.
Демалыс аймағында ересектер мен балаларға арналған жүзу бассейндері  жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, қатар-қатар тізілген коттедждер де өз үйлесімін тапқан. «Assorti Rancho»-ның ашылғанына Саймасай ауылының тұрғындары да дән риза. Демалыс орны бір жағынан ауылдың көркі болса, екінші жағынан табыс көзі. Мұнда қызмет істейтіндердің дені жергілікті тұрғындар. Өзін Асылан Искандеров деп таныстырған азамат осында бағбан екен.
– Ауылдың іргесінен жұмыс табылғанына өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда Саймасай ауылы осы демалыс орнының арқасында көпшілікке кеңінен танымал. Алыстан келген құда-жекжаттарға да «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп марқайып қаламыз, – дейді Асылан ризашылық сезімімен.
«Assorti Rancho» басшысы Рүстем Айтқалиев әңгіме барысында алдағы уақытта футбол алаңын салуды қолға алатындарын айтты. Халықтың көңілінен шығу үшін олардың күн, түн демей жұмыс істеп жатқандары көңіл қуантады. 
– Интернеттегі жарнамаларын оқып, онымен мұқият танысқаннан кейін отбасымызбен арнайы келіп отырмыз. Осындай демалыс орындарының әсем табиғат аясында көптеп ашылып жатқандары қандай ғанибет?! Өйткені, олардың саны көбейген сайын өзара жарыс, бәсеке пайда болады. Ал, бәсеке болған жерде қызмет көрсету сапасының артатыны айдан анық. 
Барлығы да ойымыздан шықты. Алматы қаласынан жарты сағаттық жол екен. Енді тағы келеміз деген үміттеміз, – дейді қала тұрғыны Айдын Жайылханов.
Міне, қалалықтарды да, далалықтарды да қуанышқа бөлеген демалыс орнынан біз осындай әсермен аттандық.

Болат МӘЖИТ
Еңбекшіқазақ ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.