Талдықорған: +21°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ТАНЫТУДА БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТІҢ БЕТІ АШЫЛДЫ

07.01.2021
РУХАНИЯТ
ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ТАНЫТУДА БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТІҢ БЕТІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының жариялануы жүрегі Қазақ Елі деп соғатын азаматтарды бей-жай қалдырмады. Жолдау түріндегі осы мақала қоғамда қызу талқыланып, қолдау көрсетіліп жатыр. Осы үрдістен қалыс қалуды азаматтығымызға сын ретінде санаған біз де өз ойымызды білдіріп, үн қосуды жөн деп білдік.

Мақаланың «Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет» деген тұсы саналы азаматтарға айтарлықтай ой салды.

Отыз жылда Қазақстан Елбасының сөзімен айтқанда, «ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай өзгеріп, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктер мен өзіндік ұстанымдары бар табысты мемлекетке» айналды. Шындығында, әрбір елдің дамуы мен әлемдік өркениетте алатын өзіндік орны мен ерекшеліктері болатындығы даусыз.

Біз де өзіндік ерекшеліктері бар мемлекет ретінде дамып келеміз. Ендігі кезекте қол жеткізген жетістіктерімізбен қатар өткенімізге назар аударып, оны зерделеп, бар-жоғымызды түгендеп, болашағымызды айқын ететін уақыт келді деп санаймыз. Ол үшін қажетті алғышарттар жасалған.

Біріншіден, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ата-бабаларымыз жүздеген жылдар бойы армандаған, сол үшін күресіп келген тәуелсіздікті қайта жаңғыртып, дамытып келеміз. Екіншіден, тарихымыз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жаңғырту, қайта түлету бағытында іс-шаралар атқарудамыз. Мәдениетімізді әлемге таныту мақсатында «Мәдени мұра» тәрізді бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асырдық. Үшіншіден, Президент атап өткендей, «Қазақстан – 2030» Стратегиясын қабылдадық. Төртіншіден, 2050 жылға дейінгі мемлекеттің даму стратегиясы анықталған. Бесіншіден, болашақ дамуымыз үшін ең ұтымдысы Президент көрсеткендей, «дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымызды көтердік».

«Елу жылда ел жаңа» деген ғой халқымыз, ендеше аталғандарды одан әрі жетілдіретін кезеңге аяқ бастық.

Президент тарихымыз мен мәдениетімізді танытуда бірқатар кемшіліктердің бетін ашты. Солардың бірі «ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылмауы».

Шындығында да, Қазақстан тарихын жазу кеңестік кезеңдегі тәрізді бес томдық көлемнен аспай отыр. Кеңестік кезеңде «аға ұлттың» тарихын жазуға басымдылық берілді деп, орын алған жағдайдың себебін түсіндіруге тырыссақ, тәуелсіздік тізгіні өз қолымызға тиіп, өз қолымыз өз ауызымызға жеткен тұста «пышақтың қырындай ғана жұқа» тарихымызды жуандатуға құлық танытпай келеміз.

Мемлекет басшысы кемшін тұстарды айтып, алдағы тұрған белестерді көрсетпейінше, өз бетімізше әрекет етуге жасқанамыз. Әлемнің өз ұлтының мүддесін жоғары қоятын елдері төл тарихтарын отыз, қырық том етіп ХІХ ғасырдың өзінде жазып, жариялап қойған. Десек те, өзінің сан ғасырлық қайғы-қасіретке толы тарихында қазақ халқының тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаларды басынан кешіргендігі баршаға мәлім. Әйтсе де, сондай күрмеуі қиын, тығырықты жағдайдан аман-есен, елдігін, бірлігін жоғалтпай шығып отырды, өйткені, оның жігерін еселеп, рухын туыр етіп желбіретіп, арманын асқақтатқан тәуелсіздікке, азаттыққа деген ұмтылысы мен құштарлығы еді.

Тарихнамашы ретінде айтар болсам, отандық тарих ғылымында зерттелмеген мәселелер жеткілікті, ал зерттелгендердің кейбіреулері идеология мен саясаттың жетегінде бұрмалана қарастырылған. Оларды қайтадан тың деректердің негізінде зерттеу қажет. Назар аударалық жайт, біз жаңа форматтағы, заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланып, дайындалатын көптомдық Қазақстан тарихы ауызша тарих айту деректерін де назардан тыс қалдырмауы тиіс деп есептейміз.

Қазіргі уақытта көптомдық Қазақстан тарихын жазу қолға алына бастады. Оның алғашқы қадамдарын Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жасап жатыр. Қазіргі уақытта жеті томдық Қазақстан тарихын дайындау мәселесі шешілуде.

«Оның тұжырымдамасын бұған дейінгі олқылықтарды ескере отырып қайта қарап, жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазатын уақыт әлдеқашан келді. Барлық оқулықтар осындай іргелі еңбекке негізделіп әзірленеді. Бұл – ұлт шежіресін дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан, Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Түптеп келгенде, тарихи сананы жаңғырту мәселесінің түйіні – осы», — деді Президент.

Ұлттық идеология өзін-өзі таныған ұлт бар жерде ғана дүниеге келеді. Сондықтан да біз, қазақтар, алдымен өзімізді өзіміз тануымыз қажет. Өзін өзі тану дегеніміз төл тарихымызды терең білу, шынайы зерттеу, өткенді құрметтеу. Десек те, өзінің сан ғасырлық қайғы-қасіретке толы тарихында қазақ халқының тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаларды басынан кешіргендігі баршаға мәлім.

Әйтсе де, сондай күрмеуі қиын, тығырықты жағдайдан аман-есен, елдігін, бірлігін жоғалтпай шығып отырды, өйткені, оның жігерін еселеп, рухын туыр етіп желбіретіп, арманын асқақтатқан тәуелсіздікке, азаттыққа деген ұмтылысы мен құштарлығы еді. Осы орайда Елбасының «қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген сөзі ойға оралады. Біздің тарихымыз әуел бастан тәуелсіздік, азаттық үшін күреске толы. Қазіргі тәуелсіздігіміз солардың жемісі. Біз тәуелсіздігімізге тоқсаныншы жылдардың бас кезінде қол жеткіздік деп түйеміз, алайда бұл бұрынғы азат елдігіміздің жаңғыруы екенін естен шығармағанымыз жөн.

Президент Қ.Тоқаев тарихты зерттеумен тарихшылар айналысу керек деп қадап айтты. Ақиқатында тарихты кәсіби тұрғыда тек жоғары білікті, білімі, терең ойлы тарихшы ғана жазады. Шындығын айтар болсақ, соңғы уақыттарда тарихшы мамандарға сұраныс азайды, тарихшы маманның мәртебесі де төмендеді. Алайда білікті де білімді мамандарға сұраныс азайған жоқ. Бәсекелестікке қабілетті мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілетіндігі даусыз. Жоғары оқу орнында даярланып отырған болашақ маманның толыққанды жоғары білікті, өз ісінің білгірі болып қалыптасуы көп нәрсеге байланысты десек артық айтпаған болар едік. Ең алдымен ол білім беруге, оның сапасына байланысты.

Екіншіден, болашақ маманның өз бетінше ізденуіне байланысты. Себебі белгілі бір саланың бакалавры немесе магистрі ой-өрісі және ойлау мәдениеті жетілген жоғары білімді тұлға ғана емес, қоғамдық пікірлер, дәстүр, салттар, қоғамдық нормалар негізінде бағытталған әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіби қызметінде олардан хабардар,  менеджмент, маркетинг, финанс және басқалар туралы ғылыми түсінігі бар, өзінің кәсіби қызметін жүргізуге қажетті терең әрі жүйелі білімді меңгерген маман болуы тис.

Ал докторанттарға Президент зерттеу жұмыстарымен жүргізудің барлық жағдайларын жасады. Шәкіртақысын екі еседен артық көбейтті. Ендеше аға буын тарихшы-ғалымдардың қатарына жас ғалымдар көптеп қосылуы тиіс. Қосылып қана қоймай зерделі зерттеулерімен, салмақты ойларымен, салиқалы тұжырымдарымен ғылымды өркендетуге үлес қосулары тиіс деп санаймыз.

Президентіміз «Сонымен қатар, шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынамын. Бұл – қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге танытудың бірден-бір жолы» деп орынды көрсетті. Тарихының тамыры тереңде, мемлекетінің іргетасы сонау ежелгі дәуірде қаланған, ғасырлар бойы  салт-дәстүрін сақтаған Қазақ Елінің өткенін әлемге таныту арқылы жеріміз бен байлығымызға көз тіккен, бөтен ойлы адамдардың көзқарастарына тұсау салар едік.

Президентіміздің «Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді» деген тұжырымы ерекше толғантты.

Шындығында, мемлекеттік идеология қалыптастыруға жүздеген жылдар бойы бодандықта болу, кеңестік модернизация мен тоталитаризм кедергі бола алмайды. Керісінше, бұлардың барлығы ұлттың шынығуына, қайшылықты кезеңдерден жоғалып кетпей сақталып қалуына ықпал етті. Қазақстандағы байырғы ұлттың бай тарихи мұрасы, тарихи білімі, мәдениеті, салт-дәстүрі мелекеттік, яғни ұлттық  идеология қалыптастыруға негіз бола алады.

Қазіргі кезеңде тарихи сананы жетілдіру қажет. Жалпы, нендей мәселе болсын, сана жетілмей нәтижесі болмайтыны белгілі. Тарихи сананы жетілдіру мемлекеттік идеологиямен қатар жүргізілуі тиіс деп санаймын, өйткені мемлекеттік немесе ұлттық идеология болмайынша тарихи сананың да болуы мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік идеология сананы қалыптастыру бағытында үнемі әрекет етеді. Идеология берік өркениетіттілік ұстанымдарға сүйенетін болса, оның әрекетінің нәтижесі де қомақты болары сөзсіз. Тарихтан мысал келтіретін болсақ, кешегі Кеңес Одағында мемлекеттік идеология үздіксіз, әрі бірмақсатта жүргізілді. Коммунистік партия өзінің саясатын идеологиямен тығыз астастыра отырып, қоғамның кез келген саласында көздеген мақсатына қол жеткізді. Соның нәтижесінде КСРО өз көзқарастарымен дүние жүзінде ерекшеленді.

«Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі», — деді Президент.

Ендеше, елін сүйген, оған адал берілген, танымы мен парасаты мемлекет мүддесімен үндескен әл-Фарабише айтқанда, бақытты қоғамда өмір сүруге ұмтылайық.

Оразгүл МҰХАТОВА,

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.